Загрузка...

AI-разбор доступен после входа

Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.

auto_awesomeПолучить AI-разбор

О книге

Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+

Читать онлайн

Страница 2 из 4

* * *

Қым-қиғаш, сан тарау соқпақтың, Үлкен жол – түйісер аяғы, Толқынды толқын кеп соқпақ та, Өзендер теңізге саяды. Заманның шартарап ағымы – Бірде өр, бірде еңіс соқпағы – Маркстік формула күшіне бағынды. Келешек торабы – олардың тоқтамы. Келешек деген ол немесе? Қыз ба екен түйреуіш қадаған? Жігіт пе əлде ол сом дене, Бикештер сүйсініп қараған?..

* * *

Даласы Есілдің көлбеген, Дұшпанға көнбеген, Батырлар ақ алмас қылышын сермеген, Намысты бермеген, Қазақтың Асан данасы Мұңлы үнімен тербеген – Есілдің даласы көлбеген!!! Есілдің кең жалпақ жаясы, Түгінен май тамған шөбіңді Құшырмен асаған Асан атамның Желмаясы. Есілдің толқынын, Сұлудың көзіндей көліңді. Асанқайғы: əкетем, – деп еді, Торсығына симайтын көрінді. Дариға! Адамның көзі бұл Тойымсыз, – деген ғой қазағым кемеңгер. Бір уыс топырақ құйылса – өзі бір, Жұмылмай қалады, – демеңдер. Қалайша менің оймақтай жанарым, Шарасына сиғызды Есілдің құдиған, қып-қызыл жарларын? Көне бір батырдай көтерген аспанға, айбарлы жарағын – Көзімде – зəулім мұнара, еңселі үйлері қаланың. Есіл көл, Есіл көл, Есіл көл!.. – Деп жас төгіп қайғылы есіл ер – Асан бабамыз сонда осы бұлқынған Есілдің, Кім білсін, өзі ойлап қойды ма есімін?! Мен Асан атама ұқсаман, Қой, егіліп жыламан! Толқынның шашынан ұстаман, Торсықты сайламан, Құйып алмаймын мен сені, Өр Есіл, өзіңнің жарыңда қал аман! Жарыңды сабалап аға бер, Келешек қақпасын дамылсыз қаға бер! Тартыла көрмесін толқының ешқашан! Татар мен қазақтың қыздары Шомылсын, Жуынсын ақ тəнін, Түсіндей мақтаның! Есілдің үніне күлкілі Қорқыт қобызын қосыпты бір күні. Толқынға кілемін жайыпты. Жарына көз жасын төгіпті. Бұл күнде қызыл жалаулы баржа мен қайықты, Толқындар сүйсініп өбіпті…

* * *

Атығай, Қарауыл мекені, – Құлагер өткен жер – дүбірлеп олжа сап. «Сайқал дүние кімді еркелетеді», – Ақанды сабапты мол жасақ! Ерлер мен серілер отаны: Жүйріктер тұяғы боратқан қап қара, шудалы шаңдарды. Аяп сол қайғылы Ақанды, Сұрасаң – егілген шалдары. Біржан сал əн-жыры қанатын Аққу боп қағатын; Адамша қуаттап, көтеріп, жаңғырып қосылған сар жайлау, тау іші; Ақ тəнін сабаздың жұтса да қара жер қабаты, Сол елдің аспанын шарықтап, кезіп жүр дауысы! Көкірегінде сақтап қалды ма өр Есіл Сиқырлы дауысын Естай данамның? Кешқұрым сыршыл су күміс үн төккенде сыңғырап, есіліп, Бабамның əні деп қаламын. Ерлер мен серілер отаны – бұл жерде туыпты, «Кəдімгі Сəбит Мұқанов», – аспаннан салбырап түспеген, – «ет пенен сүйектен жаралған». Есілдің толқыны сол қарттың жастығын қуыпты, Жоғалған өлеңін табам деп қай аралдан…

* * *

Есілдің даласы көлбеген: Топталған киіктер шегіне жетпеген, Сан тұлпар шалдығып, терлеген, Татпаса майсасын көктеген. Қыранның қанаты секілді теп-тегіс, Есілдің даласы көлбеген. Кеткенде өктем қыс, Жеткенде көктем-қыз, Сағынып шəрбəтін, аққулар сұңқылдап, шөлдеген. Өр Есіл, зор Есіл, жан Есіл, өзенім, Сағынармын мен де өзіңнің зəм-зəм суыңды; алыста мен сенен ойласам – өртенер өзегім – Татардың қызымен шарлаған нуыңды. Сол ару кезіп ну жағаңды, мұңайып мен жоқта қарақат көзіне жас алса, мен болып аймала, жалынам, Есілдің самалы, Тағзым ет иіліп, жас қайың, жас арша. Аруым, оралам мен саған, дөңдер мен сайларға мұңайып қарама; жыл құсы сықылды Есілдің айдынын аңсаған, оралам, аруым, мен саған, əзірше нуларды жалғыз-ақ арала, гүлдер мен шыршаға мұңайып қарама… Өр Есіл! Шілдеде мен сенің жағаңнан жырақтап, балалық шағымда жүзбедім төсіңде. Тереңнен күмбірлеп естілген сырлы үнің, бірақ-та, мен туған Ертісті түсірді есіме. Сезгендей толқының жалынын кеудемнің, еміреніп, аймалап қарсы алдың, Есілім. Айбынды Ертістің ерке ару сіңлісі сен едің, Арқада ағатын жарысып, көсіліп. Мен сені емеспін жырлаған, ғафу ет, қария Ертісім. Балапан шағымда қатпаған бұғана, Мейірлі қойныңнан ұшырдың алысқа ерте сен. Өзің айт, айт кəне, Ертісім-анашым, жол түсіп барсам мен жағаңа, қорқамын анасы ержетіп сағынып келген бұл баласын деп əлде танымай қала ма. Қоп-қою шаштарым сұйылып, Үлкен, ақ маңдайға түсті əжім. Сақтай да алмадым сен берген жастықтың көркін мен, Кешір сен, Ертісім – жан анам – ұстазым. Сағындым мен сені, балалық пак шағым, толқынмен ақтың ба сабалап Ертістің арнасын; сықылды таңдағы көк сағым, жас дəурен, қайда ұзап барасың?! Ұялып пəк жүзім от болып жанатын, қыздарға арнаған бере алмай хатымды. Мен едім – көзіме жас толып танатын: «Бала ақын» – дегенде атымды. О, ғажап! – бал қылық тым жырақ қалды ма: мақтадым мен бүгін жырымды шала үйткен. Түспесем қайтушы ед əкенің алдына, несіне таластым Сəбитпен!!!

* * *

Достарым, кешірім өтінем, Əуелі, əрине, қыздардан. Өбіп менің албыртқан бетімнен, Қорғады бір ару аязды ызғардан! Жастықтың қоңыраулы күймесі Ерте ғой тоқтайтын күн əлі. Жұлынып бітті ме Жүректің гүлі əлі?! Шіркін, əлгі боздауық түйенің бойы ұзын, Бірақ та құйрығы қысқа ғой. Маңынан жүрмеймін аршын төс, сұп-сұңғақ жұғысқан кей қыздың – Шашы ұзын, ақылы қысқа ғой. Жасырып неғылам сырымды, Ұнатты десеңдер: бұл кімді? Тағдырым тап қылып ұялшақ, төменшек сұлуды, Кеудемді бұзбаққа жүрегім бұлқынды! Жар іздеп қыр бардым, құз бардым: Ол – сенсің, аруым, сенемін! Ерітіп кеудемнің мұз-қарын, Бер маған жылуын денеңнің! Кейде ақын – адам ғой ұшқалақ, Кейде оны данышпан деуде де. Соны айтып – татардың аруы құшқан-ақ, Жұп-жұмсақ мақтадай кеудеде. Топырақ көзімнің шырағын өшірсе, Алып қал нұрларын, аруым, сауытым, беренім! Қазақтың қарақат көздері кешір сен, Татардың қызына гүл үзіп беремін… Апырау, мұным не? Мен қалай жырладым, Өзіме-өзім ұқсамай. Қой, өйткенше, заман паравозымен зырлайын, Жауыр Пегастың құйрығынан ұстамай!..

Страница 2 из 4

Вам также может понравиться

Страница 1 из 15

Назад1215Далее