Удобнее читать в приложении
AI-разбор доступен после входа
Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.
auto_awesomeПолучить AI-разборО книге
Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+
Читать онлайн
Страница 4 из 5Той үстінде
Япыр-ау, ауылы ма Кəкиманың? Дауылға ұшқаны ма жапырағым? Қиярмын қалай сені жат қолына Жат елден бұйырған ба топырағың? Қышиды мұнша неге көзім менің? Суырған үйден мені өзің бе едің? Кеудеме қайтып қонған əнім бе едің Арқаның аңыратқан боз інгенін? О, тəубе, тəубе, жаным, бұған-дағы Сертімнен уəделескен шығам-дағы. Көкшенің босағасын аттарында Сұңқарың ұшқан сен деп шығандағы… Кəкима, айналайын, Кəкимашым, Көзінен сүртті келіп ақын жасын. Дірілдеп тəтті бір сөз сыбырлашы, Таңдайы Ыбырайдың тақылдасын. Ақынның жасаураған сүртші көзін, Əн болып лапылдасын ыстық сезім. Талаурап, талмаусырап, тамылжытып, Ұшырсын тағы да бір құс қып өзін. … Кəкимаш, осынау үйге келсең етті, Етсең де сылтауға бір жел себепті. Отыр ол, көзіне бір көрінбесең, Бар-барша қорашсынып қошеметті. Кəкимаш – жауқазын гүл көгалдағы, Түсіріп аттан өзі неге алмады? Кептелген кеудесіне сағынышын Ыбырай əнмен неге төге алмады? Ырғағы аспандағы ырғап айды, Үкілі домбырасын бұлғамайды. «Асылы келгенінде қыз қылығын, – Деген сөз бар еді ғой, бұлдамайды». Ол неге тебіреніп жырламайды, Жабыңқы қабағынан мұң қарайды? Манағы шырқау үні қайда кеткен, Жүрегі домбыраны тыңдамайды, Екі ішек бір-біріне үндеспейді, Əн сазын белуарлап бір кешпейді. Бейне бір бақастардай, күндестердей Жауыққан, ынтымағы бірлеспейді. Екі ішек екі емендей майыспайтын, Екі ішек екі мықты сайыстай-тын. Жүрегі Ыбырайға сыздамайтын, Ақынға қабырғасы қайыспайтын. Саусағы семіп қалған ағаштардай, Үскірген мына шілде қара аспандай. Перне мен пернелердің арасында Бармағы мияу болып адасқандай. Үнінен манағыдай бал тамбайды, Əлдене шідерлейді, арқандайды. Тебініп ұшса-дағы тұғырынан, Дəл басып түсе алмайды, қайқаңдайды. Жанары жалын атпай жаутаңдайды, Домбыра тулау тұрсын, шайқалмайды. Ағынды саусағының сиқыры жоқ, Төгілтіп тең жорғадай тайпалмайды. Дауысын бір жарықшақ ілгектейді, Жабығып, жаны неге дірдектейді? Қаумалап тугел жайсаң отырса да, Ол неге алаңдайды, кім жетпейді? Шабыты тұлпар емес, шабан аттай, Саусағы саусақ емес, сабалақтай. Тершімей, отыр əрең тепеңдетіп, Көмейін домбыраның сабалатпай. Бір нəзік бал əуенді былқылдатпай, Екі ішек егізденіп бір тіл қатпай, Тұлпардың қос өкпесі секілденіп, Алқымы іспек тұрсын, бүлкіл қақпай; Екі ішек бос өзеуреп, шын тіл қатпай, Сайратып көмекейін сұңқылдатпай, Пернені шұқылайды тоқылдақтай, Сұқсырдай сумаң кағып сымпылдатпай. Арқасы аруақтанып бір тіл қатпай, Ерінін тыңдаушының сылпылдатпай, Жай ғана аяңдайды шаршағандай, Қызығып, құмарымен қутыңдатпай. Тұлпар тіл шаңын ғана бұрқылдатпай, Жүйкені сезім кернеп зырқыл қақпай, Жыр жолын кесек-кесек, шумақ-шумақ, Құлынның мүшесіндей бұлтыңдатпай; Əн шіркін мас қылатын тылсым бақтай, Жыр шіркін ширатылған гүл шумақтай, Нөсерлеп ноян жырды жаумақ тұрсын, Қалды ғой домбыра да ырсыл қақпай. Шабытын қайнау тұрсын, шымшымдатпай, Жанының бұлбұлдары шын тіл қатпай, Ат шабыс, балуан күрес бұл тойдағы Көзіне көрінбейді бір тырнақтай. Палуан бірін-бірі жыққан шығар, Тұлпардан тұлпар озып шыққан шығар. Үзіліп біреуінің жіліншігі, Əлдісі əлсіз бірін ұтқан шығар. Шын тұлпар тұлпарлығын білген шығар, Бəйгесін, уа жануар, ілген шығар. Жығылып палуаны, аты қалған Қорсынып Батыраштай жүрген шығар… Толқында артық ескен бір ескегі, Мəз шығар жығып шыққан күрестегі. Уа, шіркін, қандай қатал бір жан үшін Беріш пен нəзіктіктің тірескені?! Ақ жүрек, қара жүрек бір ме, сірə, Екеуі бір Есілде жүр ме, сірə. Ақ жүрек жеңілсе де аққу-сынды, Қарасы жеңсе-дағы түрме, сірə. Осылай сүңгиді ойы сан тарапқа, Жалыны жүрегінің қалқа жақта. Бұл неге осыншама алаңдайды, Кесетін сол үмітін балта жоқ па? … Əлдене ыстық үнді тыңдағандай, Онсыз той тырнағына тұрмағандай. Дəл қазір Кəкимасы жетіп келсе, Жыл бойы, апта тұрсын, жырлағандай. Айтпақшы, ақын досы Жабай қайда? Ол бүгін алмады ғой маңайлай да. Жүйріктей бабын тауып жеке шапқан, Үзіліп кететіндей көп айғайда. Кешегі жүрген шəкірт – сүйеу-сынды, Ол неге сəлем бермей күйеусінді? Айырылған арыстаннан Кəкимасы Отыр ма барыс тұтып сілеусінді? Гүлі жоқ жұпар шашар, өрті болса, Əні жоқ, сүюдің тек дерті болса, Бұл қалай əн арнамас Кəкимаға, Бір кезде шын ықлас серті болса?! Осылай ақын жаны алабұртып, Сияқты өскен емен дара бір түп, Бірде құс, бірде түс боп шабыт шіркін, Қанаты қалт еткеннен қалады үркіп…
Аққулар
…Əйтеуір, шын тұлпардай қамшы салмай, Жөнелді бір мезетте əнші самғай Бейне бір көктегендей дүр сілкініп Кешегі шөлдеген қыр тамшы тамбай. Əуелі аяңдата желдірткендей, Сонан соң қанатына жел біткендей. Дулы жұрт тына қалды демін жұтып, Бейне бір Есіл тасып, сел күткендей. Ғажайып болатындай ел күткендей, Пай-пайлап тамсантқандай, телмірткендей. Ғаламның барлық үнін тылсымдап ап, Ыбырай дегеніне көндірткендей. Сияқты көзі бір өрт, сөзі жақұт, Болды енді тыңдағанға өзі бақыт. Ғаламның он сегіз мың барлық үнін Екі ішек, он саусаққа божылатып… Бір перне Қəкимадай сыңсып тұрды, Бір перне Жабай болып тұншықтырды. Бір перне кең дала боп күңіренді, Көздерден талай маржан ыршып тұрды. Бар шабыт Ыбырайға құлай қонып, Қуғанын құтқармайтын құмай болып, Жер-көктің, құс пен аңның барлық үнін Ұғынған тұрды бейне Құдай болып. Білетін барлық тілді Тəңір болып, Билейтін барлық үнді əмір болып, Мынау той, палуан күрес, ат жарыстар, Иленген саз балшықтай қамыр болып. Мынау той көз алдынан бұлдыр қағып, Əлде бір мөлдір үндер тұнжыр кағып. Тек қана Кəкиманың сырғалары Қос ішекте талмаусырай сылдыр қағып; Қос ішек қалғанында бір ышқынып, Мынау той бара жатты ұмытылып. Ыбырай шырқап биік ұшқан сайын, Бұлбұлдың бара жатты үні тынып. Естілмей тұлпарлардың дүбірі де, Естілмей ғашықтардың күбірі де, Естілмей палуандардың сақылдасқан Айқасы, буындардың дірілі де; Көмейі ұста басқан көріктей боп, Ақ жүзі бал-бұл жанған өріктей боп, Үкілі домбырасы бұлғақтайды, Секірген алты қырды еліктей боп. Біржаннан əн бастаса, жойқын бардай, Ақаннан əн бастаса, Ай тыңдардай. Мəңгілік өлмей-тұғын əн маржанын Сыйлайды əр адамға бой тұмардай. Біресе көшкен елдей дүбірлетіп, Біресе шын ғашықтай күбірлетіп, Əйтеуір, бар ғаламды сыбырлатып, Əйтеуір, қыз ерінін дірілдетіп; Айта ма құпиясын жұлдыздардың?. Айта ма құпиясын ұл-қыздардың? Айта ма нəзіктігін жүректердің? Айта ма қаталдығын бір құздардың? Айта ма ақ бұлақтың сықылығын? Айта ма бал көмейдің ықылығын? Айта ма осы тойдың иесі кім? Айта ма армандағы «үкілі» кім? Əйтеуір, домбырада əуен басқа, Əйтеуір, Тəңірі жоқ одан басқа. Əмір жоқ өлген қайта тірілмеске, Əмір жоқ ұйықтаған жан оянбасқа. Шын қайрат шын шабыста қызып алған, Қайғыға, қуанышқа жүзіп алған. Күресте жасықтығы майырылып, Алмастың қылшылдаған жүзі қалған. Самғауы барған сайын қиындалып, Өзіне қарап қалған дүйім халық. Екі ішек сұңқыл қағып, діріл қағып, Пернелер саусақ тиген күйіп-жанып; Тағы да кетті бастап өз əндерін, Кеудесін күркіреткен өзендерін. Шалқытып шығандатып, қайырмалап, Сезімнің жарқылдатып кезеңдерін. Мынау той гуілдеген түсі құсап, Басатын бар кеселдің мысы құсап, Шертісі саусағының сақылдаған, Бейне бір арыстанның тісі құсап. Сонан соң енді жүйткіп екіленбей, Қармақты бір ақ шабақ шекігендей, Екі ішек қос өзендей күркіреген, Бейне бір күле қалған екі көлдей, Теңіздей дауылдан соң тына қалған, Сұңқылдап сағақтан бір бұлақ арман, «Терең қаз – алтын қазсаң» дегендейін, Саусақтар сол пернені қынап алған. Сағақтан нəзік сəуле сызаттанып, Түскендей шер көңілге ұзап барып, Шынашақ сол пернеде дірілдейді, Сандығын отырғандай қыз ақтарып. Немесе ай сызғандай айдын үстін, Немесе ақ қарындай жайлы қыстың. Атылған қапылыста аққудай боп, Соғады қос өкпесін ойлы мүскін. Желденіп, гуіл қағып өкімденіп, Алқымы қара көрік секілденіп, Шайқалып шалқар үндер шамырқанып, Нөсерден нажағайдың отын еміп, Қалың өрт сияқтанып қауға тиген, Қас батыр сияқтанып жауға тиген, Үзіліп мыңнан озған тұлпар құсап, Немесе Құлагердей сауға тиген. Дауылдай қара бұлтты талап, түтіп, Саусақтан бір нөсерді сағақ күтіп, Пернелер сол толқыңда сілкінісіп, Əншіге сусылдаған қанат бітіп; Үкілі домбыраға лағыл бітіп, Қос ішек қос өзендей ағын күтіп, Құланның қасынуына атуы сай, Мергендей жарқылдаған бағын күтіп, От кезі шаңырақтан жұлдыз аулап, Кеткендей əр жұлдызға бір күз аунап. Саусағы сипалайды пернелерді Шыққандай сол пернеден бір қыз аулақ. Сол ару Кəкиманың өзі құсап, Əр ырғақ күлімдеген көзі құсап, Назданып, нəзік қағып кірпіктерін, Қараған жаудыр қара көзі құсап; Сол мезет келден аққу сымпыл қағып, Гəккулеп, талып ұшып, сұңқыл қағып, Ыбырай созғанында тосын əнді, Дауысы кетті мүлде сиқырланып. Əн бейне ақша таңдай талып атқан, Бұлақтай қара тасты жарып аққан, Əудемде жаңа шыққан күнге ұқсап, Немесе раушан гүлдей жалын атқан. Ыбырай желденгенде көрік құсап, Үзілер сабағынан өрік құсап, Əуелі қашқан қоян сыбдырынан Үріккен жаудыр көзді елік құсап. Ғажайып тосын үнге елең етіп, Құс-арман көбелектей көлең етіп, Тасыған дариядай астан-кестен, Сезімді ыстық, отты керек етіп; Ұшты бір, ұшты бір əн «Гəккулеген», Үн қосып айдындағы аққуменен. Кəкима сол аққу боп бара жатыр, Гəккулеп құйқылжыған отты үнменен. Тосын əн толқындырып, қобалжытып, Бейне бір сүмбіледей амал күтіп, Жанары нажағайдай жарқыл қағып, Махаббат бақшасынан самал жұтып, Сезісіп түсінгенін қас пен қабақ, Болатты балқытқандай отпен жалап, Қос мұңлық сырласады Гəккуменен, Жалынын махаббаттың жаспен қамап. Көз жасы махаббаттың теңіз болып, Гəкку бір ортақ, құмар лебіз болып, Бір-бірін қанатымен аймаласып, Махаббат дариясына егіз қонып… Махаббат ынтық етіп қойған асық, Иісіп мойындарын аймаласып, Айдынның меруерттей мөлдірінде Елтіткіш, еркелегіш майдан ашып, Жанасып, жан үздіге жаутаңдасып, Гу-гулеп, га-га-гулеп əн толғасып. Шомылған айдын көлде егіз аққу Иіскеп тамақтарын, мауқын басып. Дауысы терең, тұнық аспан сынды, Бір жасын сол биіктен аққан сынды. Қолынан Кəкимасын ұзатса да, Ұзатпас бір қақпаны жатқан сынды. Қажыры – қалшылдаған ақпан сынды, Жанары – шын асылды тапқан сынды. Ақпанның өзінде де бұрқыраған Көктемнің жұпар гүлін тапқан сынды. Дауысы барған сайын қанаттанып, Жеткендей қия құзға қанат талып. «Гəккулеп», гə-гə-гуге басқан сайын, Жанары жанаттанып, жаны оттанып. Туды ақын жарқылдаған тосын бір əн, Өкініш өзек өртеп, ашындырған. Тілегін жалындаған махаббаттың Аққудың ақ мойнына асылдырған. Өзі де аққу құстай сұңқыл қағып, Айдын көл ырғақтардан ыңқыл қағып, Тебінген толқындардың белі сынып, Қабағы қара бұлттың қуқылданып; Сияқты бар сезімге қанат біткен, «Гəккулеп» сұңқылдады алап біткен. Ыбырай аққу болып өкінгенде, Таңдайын қақты бүкіл тағат біткен. Махаббат мойнын төмен созып ұшып, Өлмесін енді емірде сезіп ұшып. Қияндап бара жатты ту қиырға, Күнəкар сұм заманнан безіп ұшып. Аққу боп ұшты бір əн жанып-күйіп, Қанатын барған сайын қағып биік. «Гəккулеп» талықсыды қайран аққу, Жалынын махаббаттың жағып биік. Жасырмай жан сырының бəрін айтты Жаралы аққу құстай зарын айтты. Деді ол: «Қайран елім, жаралымын!.. Жүйкені қара, тастай жарып айтты. «Құс салып, айдын көлге дабыл қақтым, Əн салып, талай жердің дəмін таттым Жетсін деп осынау даусым «Гəккуіме» «Гəккуді» қоңыр қаздай қаңқылдаттым. Таранған айдын көлде ол бір аққу, Мұндай сөз естіп пе едім бек лəзлəзту. Сырнай мен домбыраның арасында Балқыған қорғасындай, қайран «Гəкку».
Вам также может понравиться
{"page":{"canonicalUrl":"https://bookra.app/books/1XZM0wOt","pageTitle":"Гәкку (Еркеш Ибраһим) — полный текст, краткое содержание, анализ и герои","metaDescription":"Полный текст книги «Гәкку». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","headingTitle":"«Гәкку». Читать бесплатно онлайн","headingSubtitle":"Еркеш Ибраһим","structuredData":[{"@context":"https://schema.org","@type":"BreadcrumbList","@id":"https://bookra.app/books/1XZM0wOt#breadcrumb","itemListElement":[{"@type":"ListItem","position":1,"name":"BookRa","item":"https://bookra.app/"},{"@type":"ListItem","position":2,"name":"зарубежная поэзия","item":"https://bookra.app/genre/5213"},{"@type":"ListItem","position":3,"name":"Гәкку","item":"https://bookra.app/books/1XZM0wOt"}]},{"@context":"https://schema.org","@type":"WebPage","@id":"https://bookra.app/books/1XZM0wOt","url":"https://bookra.app/books/1XZM0wOt","name":"«Гәкку». Читать бесплатно онлайн","description":"Полный текст книги «Гәкку». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","breadcrumb":{"@id":"https://bookra.app/books/1XZM0wOt#breadcrumb"},"mainEntity":{"@id":"https://bookra.app/books/1XZM0wOt#work"},"primaryImageOfPage":{"@type":"ImageObject","url":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/2c2d9b9b-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp"}},{"@context":"https://schema.org","@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/1XZM0wOt#work","name":"Гәкку","url":"https://bookra.app/books/1XZM0wOt","description":"Полный текст книги «Гәкку». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","image":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/2c2d9b9b-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","inLanguage":"kk","genre":["зарубежная поэзия","стихи и поэзия"],"sameAs":["https://litres.ru/book/erkesh-ibra-im/g-kku-22579526/"],"author":[{"@type":"Person","@id":"https://bookra.app/author/242d683c-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e#person","name":"Еркеш Ибраһим","url":"https://bookra.app/author/242d683c-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e"}],"about":[{"@type":"Thing","name":"зарубежная поэзия"},{"@type":"Thing","name":"стихи и поэзия"},{"@type":"Thing","name":"чтение онлайн"},{"@type":"Thing","name":"саммари"},{"@type":"Thing","name":"AI-разбор"},{"@type":"Thing","name":"персонажи"},{"@type":"Thing","name":"цитаты"}],"workExample":{"@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/1XZM0wOt#edition","url":"https://bookra.app/books/1XZM0wOt","bookFormat":"https://schema.org/EBook","inLanguage":"kk","sameAs":["https://litres.ru/book/erkesh-ibra-im/g-kku-22579526/"],"isAccessibleForFree":true,"potentialAction":{"@type":"ReadAction","name":"Читать бесплатно онлайн «Гәкку»","target":{"@type":"EntryPoint","urlTemplate":"https://bookra.app/books/1XZM0wOt","actionPlatform":["https://schema.org/DesktopWebPlatform"]},"expectsAcceptanceOf":{"@type":"Offer","category":"nologinrequired"}}}}],"book":{"idCatalog":761437,"shortId":"1XZM0wOt","title":"Гәкку","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/2c2d9b9b-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","annotationText":"","catalogType":"PUBLIC_DOMAIN","catalogTypeLabel":"Общественное достояние","authorLine":"Еркеш Ибраһим","authors":[{"id":"242d683c-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e","displayName":"Еркеш Ибраһим","protectedUrl":"/author/242d683c-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e","wikipediaUrl":null,"wikidataUrl":null}],"genres":[{"id":5213,"title":"зарубежная поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5213"},{"id":5267,"title":"стихи и поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5267"}],"keywords":[],"facts":[{"key":"dateWritten","label":"Дата написания","value":"1970-01-01"},{"key":"bookLanguage","label":"Язык книги","value":"kk"},{"key":"adult","label":"Возрастное ограничение","value":"12+"}],"seoSections":[],"authorSummary":null,"hasArtifacts":false,"canReadInApp":true,"readUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=r_761437","artifactsUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=b_761437","readCtaLabel":"Читать бесплатно","artifactsCtaLabel":"AI-разбор","appReadLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=r_761437","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=r_761437","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=r_761437","web":"https://web.bookra.app/?startapp=r_761437"},"appAnalysisLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=b_761437","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=b_761437","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=b_761437","web":"https://web.bookra.app/?startapp=b_761437"},"guestReaderUrl":"/books/1XZM0wOt?page=4#reader-content","authorCtaLabel":"Все книги автора","authorProtectedUrl":"/author/242d683c-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e","readersCount":0,"adultLabel":"12+","yearLabel":null,"datePublished":null,"publisherLabel":null,"isbn":null,"oclc":null,"lccn":null,"partnerUrl":null,"accessNote":"Полный текст книги и AI-разбор откроются на защищенных страницах BookRa после входа."},"reader":{"page":4,"totalPages":5,"hasPrev":true,"hasNext":true,"prevPageUrl":"/books/1XZM0wOt?page=3#reader-content","nextPageUrl":"/books/1XZM0wOt?page=5#reader-content","progressLabel":"Страница 4 из 5","sections":[{"id":"content0:16","kind":"heading","text":"Той үстінде"},{"id":"content0:17","kind":"paragraph","text":"Япыр-ау, ауылы ма Кəкиманың? Дауылға ұшқаны ма жапырағым? Қиярмын қалай сені жат қолына Жат елден бұйырған ба топырағың? Қышиды мұнша неге көзім менің? Суырған үйден мені өзің бе едің? Кеудеме қайтып қонған əнім бе едің Арқаның аңыратқан боз інгенін? О, тəубе, тəубе, жаным, бұған-дағы Сертімнен уəделескен шығам-дағы. Көкшенің босағасын аттарында Сұңқарың ұшқан сен деп шығандағы… Кəкима, айналайын, Кəкимашым, Көзінен сүртті келіп ақын жасын. Дірілдеп тəтті бір сөз сыбырлашы, Таңдайы Ыбырайдың тақылдасын. Ақынның жасаураған сүртші көзін, Əн болып лапылдасын ыстық сезім. Талаурап, талмаусырап, тамылжытып, Ұшырсын тағы да бір құс қып өзін. … Кəкимаш, осынау үйге келсең етті, Етсең де сылтауға бір жел себепті. Отыр ол, көзіне бір көрінбесең, Бар-барша қорашсынып қошеметті. Кəкимаш – жауқазын гүл көгалдағы, Түсіріп аттан өзі неге алмады? Кептелген кеудесіне сағынышын Ыбырай əнмен неге төге алмады? Ырғағы аспандағы ырғап айды, Үкілі домбырасын бұлғамайды. «Асылы келгенінде қыз қылығын, – Деген сөз бар еді ғой, бұлдамайды». Ол неге тебіреніп жырламайды, Жабыңқы қабағынан мұң қарайды? Манағы шырқау үні қайда кеткен, Жүрегі домбыраны тыңдамайды, Екі ішек бір-біріне үндеспейді, Əн сазын белуарлап бір кешпейді. Бейне бір бақастардай, күндестердей Жауыққан, ынтымағы бірлеспейді. Екі ішек екі емендей майыспайтын, Екі ішек екі мықты сайыстай-тын. Жүрегі Ыбырайға сыздамайтын, Ақынға қабырғасы қайыспайтын. Саусағы семіп қалған ағаштардай, Үскірген мына шілде қара аспандай. Перне мен пернелердің арасында Бармағы мияу болып адасқандай. Үнінен манағыдай бал тамбайды, Əлдене шідерлейді, арқандайды. Тебініп ұшса-дағы тұғырынан, Дəл басып түсе алмайды, қайқаңдайды. Жанары жалын атпай жаутаңдайды, Домбыра тулау тұрсын, шайқалмайды. Ағынды саусағының сиқыры жоқ, Төгілтіп тең жорғадай тайпалмайды. Дауысын бір жарықшақ ілгектейді, Жабығып, жаны неге дірдектейді? Қаумалап тугел жайсаң отырса да, Ол неге алаңдайды, кім жетпейді? Шабыты тұлпар емес, шабан аттай, Саусағы саусақ емес, сабалақтай. Тершімей, отыр əрең тепеңдетіп, Көмейін домбыраның сабалатпай. Бір нəзік бал əуенді былқылдатпай, Екі ішек егізденіп бір тіл қатпай, Тұлпардың қос өкпесі секілденіп, Алқымы іспек тұрсын, бүлкіл қақпай; Екі ішек бос өзеуреп, шын тіл қатпай, Сайратып көмекейін сұңқылдатпай, Пернені шұқылайды тоқылдақтай, Сұқсырдай сумаң кағып сымпылдатпай. Арқасы аруақтанып бір тіл қатпай, Ерінін тыңдаушының сылпылдатпай, Жай ғана аяңдайды шаршағандай, Қызығып, құмарымен қутыңдатпай. Тұлпар тіл шаңын ғана бұрқылдатпай, Жүйкені сезім кернеп зырқыл қақпай, Жыр жолын кесек-кесек, шумақ-шумақ, Құлынның мүшесіндей бұлтыңдатпай; Əн шіркін мас қылатын тылсым бақтай, Жыр шіркін ширатылған гүл шумақтай, Нөсерлеп ноян жырды жаумақ тұрсын, Қалды ғой домбыра да ырсыл қақпай. Шабытын қайнау тұрсын, шымшымдатпай, Жанының бұлбұлдары шын тіл қатпай, Ат шабыс, балуан күрес бұл тойдағы Көзіне көрінбейді бір тырнақтай. Палуан бірін-бірі жыққан шығар, Тұлпардан тұлпар озып шыққан шығар. Үзіліп біреуінің жіліншігі, Əлдісі əлсіз бірін ұтқан шығар. Шын тұлпар тұлпарлығын білген шығар, Бəйгесін, уа жануар, ілген шығар. Жығылып палуаны, аты қалған Қорсынып Батыраштай жүрген шығар… Толқында артық ескен бір ескегі, Мəз шығар жығып шыққан күрестегі. Уа, шіркін, қандай қатал бір жан үшін Беріш пен нəзіктіктің тірескені?! Ақ жүрек, қара жүрек бір ме, сірə, Екеуі бір Есілде жүр ме, сірə. Ақ жүрек жеңілсе де аққу-сынды, Қарасы жеңсе-дағы түрме, сірə. Осылай сүңгиді ойы сан тарапқа, Жалыны жүрегінің қалқа жақта. Бұл неге осыншама алаңдайды, Кесетін сол үмітін балта жоқ па? … Əлдене ыстық үнді тыңдағандай, Онсыз той тырнағына тұрмағандай. Дəл қазір Кəкимасы жетіп келсе, Жыл бойы, апта тұрсын, жырлағандай. Айтпақшы, ақын досы Жабай қайда? Ол бүгін алмады ғой маңайлай да. Жүйріктей бабын тауып жеке шапқан, Үзіліп кететіндей көп айғайда. Кешегі жүрген шəкірт – сүйеу-сынды, Ол неге сəлем бермей күйеусінді? Айырылған арыстаннан Кəкимасы Отыр ма барыс тұтып сілеусінді? Гүлі жоқ жұпар шашар, өрті болса, Əні жоқ, сүюдің тек дерті болса, Бұл қалай əн арнамас Кəкимаға, Бір кезде шын ықлас серті болса?! Осылай ақын жаны алабұртып, Сияқты өскен емен дара бір түп, Бірде құс, бірде түс боп шабыт шіркін, Қанаты қалт еткеннен қалады үркіп…"},{"id":"content0:18","kind":"heading","text":"Аққулар"},{"id":"content0:19","kind":"paragraph","text":"…Əйтеуір, шын тұлпардай қамшы салмай, Жөнелді бір мезетте əнші самғай Бейне бір көктегендей дүр сілкініп Кешегі шөлдеген қыр тамшы тамбай. Əуелі аяңдата желдірткендей, Сонан соң қанатына жел біткендей. Дулы жұрт тына қалды демін жұтып, Бейне бір Есіл тасып, сел күткендей. Ғажайып болатындай ел күткендей, Пай-пайлап тамсантқандай, телмірткендей. Ғаламның барлық үнін тылсымдап ап, Ыбырай дегеніне көндірткендей. Сияқты көзі бір өрт, сөзі жақұт, Болды енді тыңдағанға өзі бақыт. Ғаламның он сегіз мың барлық үнін Екі ішек, он саусаққа божылатып… Бір перне Қəкимадай сыңсып тұрды, Бір перне Жабай болып тұншықтырды. Бір перне кең дала боп күңіренді, Көздерден талай маржан ыршып тұрды. Бар шабыт Ыбырайға құлай қонып, Қуғанын құтқармайтын құмай болып, Жер-көктің, құс пен аңның барлық үнін Ұғынған тұрды бейне Құдай болып. Білетін барлық тілді Тəңір болып, Билейтін барлық үнді əмір болып, Мынау той, палуан күрес, ат жарыстар, Иленген саз балшықтай қамыр болып. Мынау той көз алдынан бұлдыр қағып, Əлде бір мөлдір үндер тұнжыр кағып. Тек қана Кəкиманың сырғалары Қос ішекте талмаусырай сылдыр қағып; Қос ішек қалғанында бір ышқынып, Мынау той бара жатты ұмытылып. Ыбырай шырқап биік ұшқан сайын, Бұлбұлдың бара жатты үні тынып. Естілмей тұлпарлардың дүбірі де, Естілмей ғашықтардың күбірі де, Естілмей палуандардың сақылдасқан Айқасы, буындардың дірілі де; Көмейі ұста басқан көріктей боп, Ақ жүзі бал-бұл жанған өріктей боп, Үкілі домбырасы бұлғақтайды, Секірген алты қырды еліктей боп. Біржаннан əн бастаса, жойқын бардай, Ақаннан əн бастаса, Ай тыңдардай. Мəңгілік өлмей-тұғын əн маржанын Сыйлайды əр адамға бой тұмардай. Біресе көшкен елдей дүбірлетіп, Біресе шын ғашықтай күбірлетіп, Əйтеуір, бар ғаламды сыбырлатып, Əйтеуір, қыз ерінін дірілдетіп; Айта ма құпиясын жұлдыздардың?. Айта ма құпиясын ұл-қыздардың? Айта ма нəзіктігін жүректердің? Айта ма қаталдығын бір құздардың? Айта ма ақ бұлақтың сықылығын? Айта ма бал көмейдің ықылығын? Айта ма осы тойдың иесі кім? Айта ма армандағы «үкілі» кім? Əйтеуір, домбырада əуен басқа, Əйтеуір, Тəңірі жоқ одан басқа. Əмір жоқ өлген қайта тірілмеске, Əмір жоқ ұйықтаған жан оянбасқа. Шын қайрат шын шабыста қызып алған, Қайғыға, қуанышқа жүзіп алған. Күресте жасықтығы майырылып, Алмастың қылшылдаған жүзі қалған. Самғауы барған сайын қиындалып, Өзіне қарап қалған дүйім халық. Екі ішек сұңқыл қағып, діріл қағып, Пернелер саусақ тиген күйіп-жанып; Тағы да кетті бастап өз əндерін, Кеудесін күркіреткен өзендерін. Шалқытып шығандатып, қайырмалап, Сезімнің жарқылдатып кезеңдерін. Мынау той гуілдеген түсі құсап, Басатын бар кеселдің мысы құсап, Шертісі саусағының сақылдаған, Бейне бір арыстанның тісі құсап. Сонан соң енді жүйткіп екіленбей, Қармақты бір ақ шабақ шекігендей, Екі ішек қос өзендей күркіреген, Бейне бір күле қалған екі көлдей, Теңіздей дауылдан соң тына қалған, Сұңқылдап сағақтан бір бұлақ арман, «Терең қаз – алтын қазсаң» дегендейін, Саусақтар сол пернені қынап алған. Сағақтан нəзік сəуле сызаттанып, Түскендей шер көңілге ұзап барып, Шынашақ сол пернеде дірілдейді, Сандығын отырғандай қыз ақтарып. Немесе ай сызғандай айдын үстін, Немесе ақ қарындай жайлы қыстың. Атылған қапылыста аққудай боп, Соғады қос өкпесін ойлы мүскін. Желденіп, гуіл қағып өкімденіп, Алқымы қара көрік секілденіп, Шайқалып шалқар үндер шамырқанып, Нөсерден нажағайдың отын еміп, Қалың өрт сияқтанып қауға тиген, Қас батыр сияқтанып жауға тиген, Үзіліп мыңнан озған тұлпар құсап, Немесе Құлагердей сауға тиген. Дауылдай қара бұлтты талап, түтіп, Саусақтан бір нөсерді сағақ күтіп, Пернелер сол толқыңда сілкінісіп, Əншіге сусылдаған қанат бітіп; Үкілі домбыраға лағыл бітіп, Қос ішек қос өзендей ағын күтіп, Құланның қасынуына атуы сай, Мергендей жарқылдаған бағын күтіп, От кезі шаңырақтан жұлдыз аулап, Кеткендей əр жұлдызға бір күз аунап. Саусағы сипалайды пернелерді Шыққандай сол пернеден бір қыз аулақ. Сол ару Кəкиманың өзі құсап, Əр ырғақ күлімдеген көзі құсап, Назданып, нəзік қағып кірпіктерін, Қараған жаудыр қара көзі құсап; Сол мезет келден аққу сымпыл қағып, Гəккулеп, талып ұшып, сұңқыл қағып, Ыбырай созғанында тосын əнді, Дауысы кетті мүлде сиқырланып. Əн бейне ақша таңдай талып атқан, Бұлақтай қара тасты жарып аққан, Əудемде жаңа шыққан күнге ұқсап, Немесе раушан гүлдей жалын атқан. Ыбырай желденгенде көрік құсап, Үзілер сабағынан өрік құсап, Əуелі қашқан қоян сыбдырынан Үріккен жаудыр көзді елік құсап. Ғажайып тосын үнге елең етіп, Құс-арман көбелектей көлең етіп, Тасыған дариядай астан-кестен, Сезімді ыстық, отты керек етіп; Ұшты бір, ұшты бір əн «Гəккулеген», Үн қосып айдындағы аққуменен. Кəкима сол аққу боп бара жатыр, Гəккулеп құйқылжыған отты үнменен. Тосын əн толқындырып, қобалжытып, Бейне бір сүмбіледей амал күтіп, Жанары нажағайдай жарқыл қағып, Махаббат бақшасынан самал жұтып, Сезісіп түсінгенін қас пен қабақ, Болатты балқытқандай отпен жалап, Қос мұңлық сырласады Гəккуменен, Жалынын махаббаттың жаспен қамап. Көз жасы махаббаттың теңіз болып, Гəкку бір ортақ, құмар лебіз болып, Бір-бірін қанатымен аймаласып, Махаббат дариясына егіз қонып… Махаббат ынтық етіп қойған асық, Иісіп мойындарын аймаласып, Айдынның меруерттей мөлдірінде Елтіткіш, еркелегіш майдан ашып, Жанасып, жан үздіге жаутаңдасып, Гу-гулеп, га-га-гулеп əн толғасып. Шомылған айдын көлде егіз аққу Иіскеп тамақтарын, мауқын басып. Дауысы терең, тұнық аспан сынды, Бір жасын сол биіктен аққан сынды. Қолынан Кəкимасын ұзатса да, Ұзатпас бір қақпаны жатқан сынды. Қажыры – қалшылдаған ақпан сынды, Жанары – шын асылды тапқан сынды. Ақпанның өзінде де бұрқыраған Көктемнің жұпар гүлін тапқан сынды. Дауысы барған сайын қанаттанып, Жеткендей қия құзға қанат талып. «Гəккулеп», гə-гə-гуге басқан сайын, Жанары жанаттанып, жаны оттанып. Туды ақын жарқылдаған тосын бір əн, Өкініш өзек өртеп, ашындырған. Тілегін жалындаған махаббаттың Аққудың ақ мойнына асылдырған. Өзі де аққу құстай сұңқыл қағып, Айдын көл ырғақтардан ыңқыл қағып, Тебінген толқындардың белі сынып, Қабағы қара бұлттың қуқылданып; Сияқты бар сезімге қанат біткен, «Гəккулеп» сұңқылдады алап біткен. Ыбырай аққу болып өкінгенде, Таңдайын қақты бүкіл тағат біткен. Махаббат мойнын төмен созып ұшып, Өлмесін енді емірде сезіп ұшып. Қияндап бара жатты ту қиырға, Күнəкар сұм заманнан безіп ұшып. Аққу боп ұшты бір əн жанып-күйіп, Қанатын барған сайын қағып биік. «Гəккулеп» талықсыды қайран аққу, Жалынын махаббаттың жағып биік. Жасырмай жан сырының бəрін айтты Жаралы аққу құстай зарын айтты. Деді ол: «Қайран елім, жаралымын!.. Жүйкені қара, тастай жарып айтты. «Құс салып, айдын көлге дабыл қақтым, Əн салып, талай жердің дəмін таттым Жетсін деп осынау даусым «Гəккуіме» «Гəккуді» қоңыр қаздай қаңқылдаттым. Таранған айдын көлде ол бір аққу, Мұндай сөз естіп пе едім бек лəзлəзту. Сырнай мен домбыраның арасында Балқыған қорғасындай, қайран «Гəкку»."}],"toc":[{"id":"content0:0:1","label":"ЕРКЕШ ИБРАҺИМ ГƏККУ","page":1,"pageUrl":"/books/1XZM0wOt#reader-content"},{"id":"content0:1:1","label":"ГƏККУ","page":1,"pageUrl":"/books/1XZM0wOt#reader-content"},{"id":"content0:2:1","label":"ЕРКЕШ ИБРАҺИМ","page":1,"pageUrl":"/books/1XZM0wOt#reader-content"},{"id":"content0:3:1","label":"(1930–1986)","page":1,"pageUrl":"/books/1XZM0wOt#reader-content"},{"id":"content0:4:1","label":"Əке жыры","page":1,"pageUrl":"/books/1XZM0wOt#reader-content"},{"id":"content0:6:1","label":"Ана жыры","page":1,"pageUrl":"/books/1XZM0wOt#reader-content"},{"id":"content0:8:2","label":"Кездесу","page":2,"pageUrl":"/books/1XZM0wOt?page=2#reader-content"},{"id":"content0:10:2","label":"Қыздың ауылы","page":2,"pageUrl":"/books/1XZM0wOt?page=2#reader-content"},{"id":"content0:12:3","label":"Автордан","page":3,"pageUrl":"/books/1XZM0wOt?page=3#reader-content"},{"id":"content0:14:3","label":"Əн күші","page":3,"pageUrl":"/books/1XZM0wOt?page=3#reader-content"},{"id":"content0:16:4","label":"Той үстінде","page":4,"pageUrl":"/books/1XZM0wOt?page=4#reader-content"},{"id":"content0:18:4","label":"Аққулар","page":4,"pageUrl":"/books/1XZM0wOt?page=4#reader-content"},{"id":"content0:20:5","label":"Эпилог","page":5,"pageUrl":"/books/1XZM0wOt?page=5#reader-content"}]},"similarBooks":[{"idCatalog":761289,"shortId":"4232LuKZ","title":"Илиада","authorLine":"Гомер, Викентий Викентьевич Вересаев","primaryAuthorId":"f42e8550-2a81-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/2a2124c6-0958-11e4-824d-0025905a06ea/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4232LuKZ"},{"idCatalog":78625,"shortId":"1LtjuwaR","title":"Цветы Зла (сборник)","authorLine":"Шарль Бодлер, Адриан Ламбле","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4079cc34-7671-11e2-ad35-002590591ed2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/1LtjuwaR"},{"idCatalog":316488,"shortId":"4RiRuZeM","title":"Рубайат","authorLine":"Омар Хайям, Герман Борисович Плисецкий, Осип Борисович Румер","primaryAuthorId":"9c9cc15e-2a82-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/0052ad3f-1b3a-11ea-a705-0cc47a520474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4RiRuZeM"},{"idCatalog":334893,"shortId":"4BOV9WJv","title":"Цветы Зла","authorLine":"Шарль Бодлер, Эжен Десизи, Антуан Жорж Рошгросс, Владимир Александрович Дроздков, Вадим Габриэлевич Шершеневич","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/55d8d681-7fef-11ea-9c12-0cc47a5f3f85/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4BOV9WJv"},{"idCatalog":579613,"shortId":"0pjF0ctv","title":"Наука любви","authorLine":"Коллектив авторов, Публий Овидий Назон","primaryAuthorId":"9980df13-0ec7-11e4-824d-0025905a06ea","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/df61370c-19b1-11ef-8496-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/0pjF0ctv"},{"idCatalog":608453,"shortId":"08sa2sZn","title":"Паломничество Чайльд-Гарольда","authorLine":"Джордж Гордон Байрон, Вильгельм Вениаминович Левик","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4382eaac-95e0-11ef-8ce3-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/08sa2sZn"},{"idCatalog":145661,"shortId":"3wGYlWxL","title":"В тихой ночи. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, В. В. Камедин, БОМБОРА, Маттиас Маттис, Н. В. Мордвичева","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/ce4db91f-aa37-11e6-9c73-0cc47a1952f2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3wGYlWxL"},{"idCatalog":427617,"shortId":"26ljeg7H","title":"Освобожденный Иерусалим","authorLine":"Селестен Нантёйль, Анри Барон, Антонио Темпеста, Давид Тенирс, Торквато Тассо, Роман Михайлович Дубровкин","primaryAuthorId":"f2b40986-deaf-11ee-8496-0cc47af30fe4","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/a2afa5a8-48fc-11ec-ab26-441ea1508474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/26ljeg7H"},{"idCatalog":502164,"shortId":"3moDg3WA","title":"Сто. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, Сергей Табуцадзе, Дэн Зозуля, БОМБОРА","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/cab4c310-c713-11ed-903e-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3moDg3WA"},{"idCatalog":112966,"shortId":"2AFIbRds","title":"Манфред","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/16a1ed66-b785-501d-a67d-ff52657078ff/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/2AFIbRds"},{"idCatalog":117436,"shortId":"3uQtydkU","title":"Гитанджали","authorLine":"Н. А. Пушечников, А. Г. Ткаченко, Рабиндранат Тагор","primaryAuthorId":"1229569f-7b42-5de5-a6f6-317237044d0b","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/69c138c9-41a2-5871-989c-452ef0702d37/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3uQtydkU"},{"idCatalog":112962,"shortId":"4ff7yP0y","title":"Корсар","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/40f11661-7d7f-51d8-83ed-66f3e55de635/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4ff7yP0y"}],"similarBooksPagination":{"page":1,"pageSize":12,"totalItems":179,"totalPages":15,"hasPrev":false,"hasNext":true}},"notFound":false}