Удобнее читать в приложении
AI-разбор доступен после входа
Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.
auto_awesomeПолучить AI-разборО книге
Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+
Читать онлайн
Страница 2 из 3* * *
Таң жарығы түскен соң шаңыраққа, Кебек тұрды арқандап ат қоймаққа. Еңлік үйден арқанды ала шығып, Құшақтасып жөнелді жартас жаққа. Келе жатып қыз айтты: «Батыр, саған, Бір сөзім қалған екен айтылмаған. Тобықты мен біздің ел бітім қылса, Сонда алып қаш, кезінде жауықпаған. Мына жартас табыспақ болсын бізге, Мені ұмытып, жатып ап күдер үзбе. Осы араға үш күнде бір келіп жүр, Ең болмаса жұманы құр өткізбе!» Соны айтты да от жақты үйге барып, Су жылытты қазанға қарды салып. Оятып ап қойшыға құрт езгізіп, Сары май салып қойды аяқ алып. Ат арқандап болды да Кебек өзі, Қыз артынан қадалып екі көзі, Еңлікке бір, тасқа бір қарады да, Сонда түсті ойына балгер сөзі. «Апыр-ау! Əлде сайтан, əлде жын ба, Кім бастап алып келді мені мұнда. Осы көрген түсім бе, иə өңім бе, Қалжыраған бақсының сөзі шын ба? Біржолата кім тұрар бұл дүниеде, Өлім көрмей қоя ма туған пенде. Қарап жүріп қаңғырып босқа өлгенше, Еңлік үшін өлгеннің қапысы не?» Соны ойлап көңілін басты Кебек батыр, Құдай қосқан іс болмай қоймайды ақыр. «Тамақ дайын» деп хабар бергеннен соң, Аяңдап үйге таман келе жатыр. Бетін жуып, отырды төрге барып, Құрт берді сары майды жəне салып. Қазы-қарта, жал-жая жасап Еңлік, Бір табақ ет алдына қойды апарып. Жалынан бір кесті де «бісміллə» деп, Ұсынды ақсақал мен кемпірге əкеп. «Иесімен ас тəтті» деп Еңлікті Шақырып ап екеуі отырды жеп. Қойшыға да ұстатты сүйек-саяқ, Ет артынан сорпа ішті бірер аяқ. Бата қылып, қол жуып болысымен Еңлік атты ерттеді айтқызбай-ақ. Кебек сонда шалға айтты: «Ей, ақсақал, Өзің таңдап түлкінің біреуін ал. Бағыңызға кез келген бір олжа ғой, Жығыт тымақ істетіп сандыққа сал!» Еңлік шығып қонағын аттандырды, Қоштасып Кебек батыр елге жүрді. «Қайда жүрсең аман жүр, батырым», – деп, Бел асқанша артынан қарап тұрды.
* * *
Ер Кебек тыным алып үйде жатпай, Еңлікке келіп жүрді дамыл таппай. Кейде түзден жолығып, кейде қонып, Алты ай қыс аттың терін бір құрғатпай. Екі ел бітті, сөйлесіп жазға салым, Қайтарысып барымта, алған малын. Тамақ үшін қыдырған Матай айтып, Бұл бітім Еңлікке де болды мəлім. Кебек келді бір күні қызға тағы, Ойында бар, ел бітсе, іс қылмағы. Еңлік те дайын болды сол арада, Қара жартас – белгілі табыспағы. Қыз айтты: «Түнеугі айтқан уағда қайда, Кел, кетелік, кідірмей осындайда. Азық-түлік, киерлік киімдерім Дайындап əкеп қойдым, мына сайда. Қосылған соң кешікпей болдым буаз, Онан бері қыс өтіп, шықты ғой жаз. Босансам өз қолыңда босанайын, Құры бүйтіп жүргенге болмалық мəз». Екеуі «тəуекел» деп кетіп қалды, Таң атпай-ақ Ордаға жетіп барды. Ағаштан балаған қып арша жауып, Бекініп бір дарада жатып алды.
* * *
Еңлік, Кебек кеткен соң таң тағы атты, Күн шыққанша кемпір-шал тұрмай жатты. Қойшы Еңлікті таба алмай іздеп-іздеп, «Қызың қашып кетті», – деп шалды оятты. Шал жылап, əлі келді екі көзге, Қолынан не келеді онан өзге. Қойшы барып еліне хабар айтып, Матай келді жиылып осы сөзге. Жан білмейді Еңлікті кім алғанын, Қайда кетіп, қалайша жоғалғанын. Алты ай қыстай кім келіп, кім кетпейді, Қайдан білсін кəдікті кім қонғанын? Түлкіні бір Матайдың көзі шалды, «Мынаны кім берген» деп қолына алды. Шал айтты: «Мұны берген – бір Тобықты, Атын ұмыттым, бір қонып кетіп қалды». Қойшы айтты: «Оның аты Кебек еді, Сонан соң да осында келмеп пе еді? Ұмытпасам, соны Еңлік аттандырып, «Хош, аман бол, келіп жүр, Кебек» деді». Қуа-қуа осы сөз анықталды, Матайлар Тобықтыға кісі салды. «Қыз дегенің немене, білмейміз», – деп, Тобықты оны елемей жатып алды. Кебектің қайда екенін ел білмейді, Не жылқыда, не аңда жүр ғой дейді. Жалғыз-жарым сыр ашпас құрбы арқылы Елден Кебек азықты алып жейді. Сөйтіп жүріп бірталай заман өтті, Еңлік қашып кеткенге айға жетті. «Қыз алды да, жөн жауап бермеді» деп, Матайлар бір қос жылқы алып кетті. Тек жатсын ба бұл елдің көп саңлағы, Жуантаяқ бір ауыл шапты тағы. Матай қызды, Тобықты Кебекті іздеп, Шатаққа соқты сөйтіп сөз аяғы.
* * *
Бір күні Қабекеңе Көбей келді, Үйге кіріп келді де сəлем берді. «Қыз да жоқ, Кебек те жоқ, ел шабысты, Мен сізден ақыл сұрай келдім», – дейді. Қабекең сөз айтпайды жұмбақтамай: «Ей, Көбей, сұңқар калай, тауық қалай? Тоқтамыс жолаушылап кетіп еді, Сол келгенше өтпей ме уақыт талай?» Көбей мұны ұқты да қайтып кетті, Тобықты кеңес қылған топқа жетті: «Қабекең екі-ақ ауыз жұмбақ айтты, Ол сөзінің мағынасы мынау депті: Еңлікті алып қашқан Кебек батыр, Оны айтпай-ақ біздің би біліп жатыр. «Тауық» деп қызды айтады, «сұңқар» – Кебек, «Тоқтамысқа қаратып қой» дейді ақыр». Осылай деп жұмбағын Көбей шешті, Матаймен байлау қылып, сөз сөйлесті. «Кешіктірмей табалық Кебек алса, Бір ай тоқта, Тоқтамыс келсін» десті. Сонымен тағы да өтті бір жарым ай, Тоқтамыс Арғын жақтан жүр келе алмай. Намыс қылып жиылды тамам Найман, «Көнбейміз, – деп, – мазаққа мұнан былай». Матай да соқтыққан жоқ тіпті неген, Мақал бар «ел құлағы – елу» деген. Қыздың қайны – Сыбандар жəне білді, Екі елде де адам жоқ есітпеген. Найманның тым көп болды жиылысы, Жиылған соң белгілі қылар ісі. «Алдынан бір арылып алайық» деп, Тобықтыға жіберді елші кісі: «Тентегінің жазасын мойынға алсын, Егер оған көнбесе, дайындалсын. Қырылыспай бітпейміз таусылғанша, Не Найман, не Тобықты бірі қалсын. Жауапты да тез берсін кешіктірмей, Ертең бесін намаздың уақыты кірмей. Өзге бітім болар деп ойламасын, Бітімім жоқ не өліп, не өлтірмей». Ұйлықты Тобықтылар осы сөзге, Бітімі жоқ болған соң мұнан өзге. Найман тым көп, Тобықты аз, Арғын алыс, Қорықпауға да болмайды көрер көзге. Бірі ол деп, бірі бұл деп көп кеңесті, Біле алмай не берерін, не берместі. Қысылғанда баратын Қабекеңе, Ақыл сұрай бір-екеу барсын десті. Кенбай мен Көбей барды биге тағы, Сөзін айтып, сəлемін берді-дағы. Қабекеңнің қабағы қарыс түсіп, Мінеки сондағы айтқан бір жұмбағы: «Əнет бабаң емес пе менің атам, Бірақ ондай қабыл ма менің батам? Көшсем қоныс, отырсам көмегім жоқ, Көрсетемін, қайтейін тыныш жатам». Бұл сөзі – бабаң айтқан сөздің көзі, Өзі өлтірмей, амалсыз атқызды өзі. «Жеңілсең, енді барар орының жоқ, Көрсетпеуге шама жоқ» деген сөзі. Соны естіп Көбей топқа қайтып келді, Жұмбағының шешуін айтып келді. Тобықтылар Найманды ертіп əкеп, Кебектің жатқан жерін айтып берді.
Вам также может понравиться
{"page":{"canonicalUrl":"https://bookra.app/books/2wpwrl3c","pageTitle":"Еңлік – Кебек (Шәкәрім Құдайбердіұлы) — полный текст, краткое содержание, анализ и герои","metaDescription":"Полный текст книги «Еңлік – Кебек». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","headingTitle":"«Еңлік – Кебек». Читать бесплатно онлайн","headingSubtitle":"Шәкәрім Құдайбердіұлы","structuredData":[{"@context":"https://schema.org","@type":"BreadcrumbList","@id":"https://bookra.app/books/2wpwrl3c#breadcrumb","itemListElement":[{"@type":"ListItem","position":1,"name":"BookRa","item":"https://bookra.app/"},{"@type":"ListItem","position":2,"name":"зарубежная поэзия","item":"https://bookra.app/genre/5213"},{"@type":"ListItem","position":3,"name":"Еңлік – Кебек","item":"https://bookra.app/books/2wpwrl3c"}]},{"@context":"https://schema.org","@type":"WebPage","@id":"https://bookra.app/books/2wpwrl3c","url":"https://bookra.app/books/2wpwrl3c","name":"«Еңлік – Кебек». Читать бесплатно онлайн","description":"Полный текст книги «Еңлік – Кебек». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","breadcrumb":{"@id":"https://bookra.app/books/2wpwrl3c#breadcrumb"},"mainEntity":{"@id":"https://bookra.app/books/2wpwrl3c#work"},"primaryImageOfPage":{"@type":"ImageObject","url":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/4186b9a5-d8af-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp"}},{"@context":"https://schema.org","@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/2wpwrl3c#work","name":"Еңлік – Кебек","url":"https://bookra.app/books/2wpwrl3c","description":"Полный текст книги «Еңлік – Кебек». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","image":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/4186b9a5-d8af-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","inLanguage":"kk","genre":["зарубежная поэзия","стихи и поэзия"],"sameAs":["https://litres.ru/book/sh-k-r-m-dayberd-ly/en-lik-kebek-22578998/"],"author":[{"@type":"Person","@id":"https://bookra.app/author/f6e67566-d8ae-11e6-a862-0cc47a545a1e#person","name":"Шәкәрім Құдайбердіұлы","url":"https://bookra.app/author/f6e67566-d8ae-11e6-a862-0cc47a545a1e"}],"about":[{"@type":"Thing","name":"зарубежная поэзия"},{"@type":"Thing","name":"стихи и поэзия"},{"@type":"Thing","name":"чтение онлайн"},{"@type":"Thing","name":"саммари"},{"@type":"Thing","name":"AI-разбор"},{"@type":"Thing","name":"персонажи"},{"@type":"Thing","name":"цитаты"}],"workExample":{"@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/2wpwrl3c#edition","url":"https://bookra.app/books/2wpwrl3c","bookFormat":"https://schema.org/EBook","inLanguage":"kk","sameAs":["https://litres.ru/book/sh-k-r-m-dayberd-ly/en-lik-kebek-22578998/"],"isAccessibleForFree":true,"potentialAction":{"@type":"ReadAction","name":"Читать бесплатно онлайн «Еңлік – Кебек»","target":{"@type":"EntryPoint","urlTemplate":"https://bookra.app/books/2wpwrl3c","actionPlatform":["https://schema.org/DesktopWebPlatform"]},"expectsAcceptanceOf":{"@type":"Offer","category":"nologinrequired"}}}}],"book":{"idCatalog":762162,"shortId":"2wpwrl3c","title":"Еңлік – Кебек","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/4186b9a5-d8af-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","annotationText":"","catalogType":"PUBLIC_DOMAIN","catalogTypeLabel":"Общественное достояние","authorLine":"Шәкәрім Құдайбердіұлы","authors":[{"id":"f6e67566-d8ae-11e6-a862-0cc47a545a1e","displayName":"Шәкәрім Құдайбердіұлы","protectedUrl":"/author/f6e67566-d8ae-11e6-a862-0cc47a545a1e","wikipediaUrl":null,"wikidataUrl":null}],"genres":[{"id":5213,"title":"зарубежная поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5213"},{"id":5267,"title":"стихи и поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5267"}],"keywords":[],"facts":[{"key":"dateWritten","label":"Дата написания","value":"1970-01-01"},{"key":"bookLanguage","label":"Язык книги","value":"kk"},{"key":"adult","label":"Возрастное ограничение","value":"12+"}],"seoSections":[],"authorSummary":null,"hasArtifacts":false,"canReadInApp":true,"readUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=r_762162","artifactsUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=b_762162","readCtaLabel":"Читать бесплатно","artifactsCtaLabel":"AI-разбор","appReadLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=r_762162","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=r_762162","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=r_762162","web":"https://web.bookra.app/?startapp=r_762162"},"appAnalysisLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=b_762162","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=b_762162","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=b_762162","web":"https://web.bookra.app/?startapp=b_762162"},"guestReaderUrl":"/books/2wpwrl3c?page=2#reader-content","authorCtaLabel":"Все книги автора","authorProtectedUrl":"/author/f6e67566-d8ae-11e6-a862-0cc47a545a1e","readersCount":0,"adultLabel":"12+","yearLabel":null,"datePublished":null,"publisherLabel":null,"isbn":null,"oclc":null,"lccn":null,"partnerUrl":null,"accessNote":"Полный текст книги и AI-разбор откроются на защищенных страницах BookRa после входа."},"reader":{"page":2,"totalPages":3,"hasPrev":true,"hasNext":true,"prevPageUrl":"/books/2wpwrl3c#reader-content","nextPageUrl":"/books/2wpwrl3c?page=3#reader-content","progressLabel":"Страница 2 из 3","sections":[{"id":"content0:10","kind":"heading","text":"* * *"},{"id":"content0:11","kind":"paragraph","text":"Таң жарығы түскен соң шаңыраққа, Кебек тұрды арқандап ат қоймаққа. Еңлік үйден арқанды ала шығып, Құшақтасып жөнелді жартас жаққа. Келе жатып қыз айтты: «Батыр, саған, Бір сөзім қалған екен айтылмаған. Тобықты мен біздің ел бітім қылса, Сонда алып қаш, кезінде жауықпаған. Мына жартас табыспақ болсын бізге, Мені ұмытып, жатып ап күдер үзбе. Осы араға үш күнде бір келіп жүр, Ең болмаса жұманы құр өткізбе!» Соны айтты да от жақты үйге барып, Су жылытты қазанға қарды салып. Оятып ап қойшыға құрт езгізіп, Сары май салып қойды аяқ алып. Ат арқандап болды да Кебек өзі, Қыз артынан қадалып екі көзі, Еңлікке бір, тасқа бір қарады да, Сонда түсті ойына балгер сөзі. «Апыр-ау! Əлде сайтан, əлде жын ба, Кім бастап алып келді мені мұнда. Осы көрген түсім бе, иə өңім бе, Қалжыраған бақсының сөзі шын ба? Біржолата кім тұрар бұл дүниеде, Өлім көрмей қоя ма туған пенде. Қарап жүріп қаңғырып босқа өлгенше, Еңлік үшін өлгеннің қапысы не?» Соны ойлап көңілін басты Кебек батыр, Құдай қосқан іс болмай қоймайды ақыр. «Тамақ дайын» деп хабар бергеннен соң, Аяңдап үйге таман келе жатыр. Бетін жуып, отырды төрге барып, Құрт берді сары майды жəне салып. Қазы-қарта, жал-жая жасап Еңлік, Бір табақ ет алдына қойды апарып. Жалынан бір кесті де «бісміллə» деп, Ұсынды ақсақал мен кемпірге əкеп. «Иесімен ас тəтті» деп Еңлікті Шақырып ап екеуі отырды жеп. Қойшыға да ұстатты сүйек-саяқ, Ет артынан сорпа ішті бірер аяқ. Бата қылып, қол жуып болысымен Еңлік атты ерттеді айтқызбай-ақ. Кебек сонда шалға айтты: «Ей, ақсақал, Өзің таңдап түлкінің біреуін ал. Бағыңызға кез келген бір олжа ғой, Жығыт тымақ істетіп сандыққа сал!» Еңлік шығып қонағын аттандырды, Қоштасып Кебек батыр елге жүрді. «Қайда жүрсең аман жүр, батырым», – деп, Бел асқанша артынан қарап тұрды."},{"id":"content0:12","kind":"heading","text":"* * *"},{"id":"content0:13","kind":"paragraph","text":"Ер Кебек тыным алып үйде жатпай, Еңлікке келіп жүрді дамыл таппай. Кейде түзден жолығып, кейде қонып, Алты ай қыс аттың терін бір құрғатпай. Екі ел бітті, сөйлесіп жазға салым, Қайтарысып барымта, алған малын. Тамақ үшін қыдырған Матай айтып, Бұл бітім Еңлікке де болды мəлім. Кебек келді бір күні қызға тағы, Ойында бар, ел бітсе, іс қылмағы. Еңлік те дайын болды сол арада, Қара жартас – белгілі табыспағы. Қыз айтты: «Түнеугі айтқан уағда қайда, Кел, кетелік, кідірмей осындайда. Азық-түлік, киерлік киімдерім Дайындап əкеп қойдым, мына сайда. Қосылған соң кешікпей болдым буаз, Онан бері қыс өтіп, шықты ғой жаз. Босансам өз қолыңда босанайын, Құры бүйтіп жүргенге болмалық мəз». Екеуі «тəуекел» деп кетіп қалды, Таң атпай-ақ Ордаға жетіп барды. Ағаштан балаған қып арша жауып, Бекініп бір дарада жатып алды."},{"id":"content0:14","kind":"heading","text":"* * *"},{"id":"content0:15","kind":"paragraph","text":"Еңлік, Кебек кеткен соң таң тағы атты, Күн шыққанша кемпір-шал тұрмай жатты. Қойшы Еңлікті таба алмай іздеп-іздеп, «Қызың қашып кетті», – деп шалды оятты. Шал жылап, əлі келді екі көзге, Қолынан не келеді онан өзге. Қойшы барып еліне хабар айтып, Матай келді жиылып осы сөзге. Жан білмейді Еңлікті кім алғанын, Қайда кетіп, қалайша жоғалғанын. Алты ай қыстай кім келіп, кім кетпейді, Қайдан білсін кəдікті кім қонғанын? Түлкіні бір Матайдың көзі шалды, «Мынаны кім берген» деп қолына алды. Шал айтты: «Мұны берген – бір Тобықты, Атын ұмыттым, бір қонып кетіп қалды». Қойшы айтты: «Оның аты Кебек еді, Сонан соң да осында келмеп пе еді? Ұмытпасам, соны Еңлік аттандырып, «Хош, аман бол, келіп жүр, Кебек» деді». Қуа-қуа осы сөз анықталды, Матайлар Тобықтыға кісі салды. «Қыз дегенің немене, білмейміз», – деп, Тобықты оны елемей жатып алды. Кебектің қайда екенін ел білмейді, Не жылқыда, не аңда жүр ғой дейді. Жалғыз-жарым сыр ашпас құрбы арқылы Елден Кебек азықты алып жейді. Сөйтіп жүріп бірталай заман өтті, Еңлік қашып кеткенге айға жетті. «Қыз алды да, жөн жауап бермеді» деп, Матайлар бір қос жылқы алып кетті. Тек жатсын ба бұл елдің көп саңлағы, Жуантаяқ бір ауыл шапты тағы. Матай қызды, Тобықты Кебекті іздеп, Шатаққа соқты сөйтіп сөз аяғы."},{"id":"content0:16","kind":"heading","text":"* * *"},{"id":"content0:17","kind":"paragraph","text":"Бір күні Қабекеңе Көбей келді, Үйге кіріп келді де сəлем берді. «Қыз да жоқ, Кебек те жоқ, ел шабысты, Мен сізден ақыл сұрай келдім», – дейді. Қабекең сөз айтпайды жұмбақтамай: «Ей, Көбей, сұңқар калай, тауық қалай? Тоқтамыс жолаушылап кетіп еді, Сол келгенше өтпей ме уақыт талай?» Көбей мұны ұқты да қайтып кетті, Тобықты кеңес қылған топқа жетті: «Қабекең екі-ақ ауыз жұмбақ айтты, Ол сөзінің мағынасы мынау депті: Еңлікті алып қашқан Кебек батыр, Оны айтпай-ақ біздің би біліп жатыр. «Тауық» деп қызды айтады, «сұңқар» – Кебек, «Тоқтамысқа қаратып қой» дейді ақыр». Осылай деп жұмбағын Көбей шешті, Матаймен байлау қылып, сөз сөйлесті. «Кешіктірмей табалық Кебек алса, Бір ай тоқта, Тоқтамыс келсін» десті. Сонымен тағы да өтті бір жарым ай, Тоқтамыс Арғын жақтан жүр келе алмай. Намыс қылып жиылды тамам Найман, «Көнбейміз, – деп, – мазаққа мұнан былай». Матай да соқтыққан жоқ тіпті неген, Мақал бар «ел құлағы – елу» деген. Қыздың қайны – Сыбандар жəне білді, Екі елде де адам жоқ есітпеген. Найманның тым көп болды жиылысы, Жиылған соң белгілі қылар ісі. «Алдынан бір арылып алайық» деп, Тобықтыға жіберді елші кісі: «Тентегінің жазасын мойынға алсын, Егер оған көнбесе, дайындалсын. Қырылыспай бітпейміз таусылғанша, Не Найман, не Тобықты бірі қалсын. Жауапты да тез берсін кешіктірмей, Ертең бесін намаздың уақыты кірмей. Өзге бітім болар деп ойламасын, Бітімім жоқ не өліп, не өлтірмей». Ұйлықты Тобықтылар осы сөзге, Бітімі жоқ болған соң мұнан өзге. Найман тым көп, Тобықты аз, Арғын алыс, Қорықпауға да болмайды көрер көзге. Бірі ол деп, бірі бұл деп көп кеңесті, Біле алмай не берерін, не берместі. Қысылғанда баратын Қабекеңе, Ақыл сұрай бір-екеу барсын десті. Кенбай мен Көбей барды биге тағы, Сөзін айтып, сəлемін берді-дағы. Қабекеңнің қабағы қарыс түсіп, Мінеки сондағы айтқан бір жұмбағы: «Əнет бабаң емес пе менің атам, Бірақ ондай қабыл ма менің батам? Көшсем қоныс, отырсам көмегім жоқ, Көрсетемін, қайтейін тыныш жатам». Бұл сөзі – бабаң айтқан сөздің көзі, Өзі өлтірмей, амалсыз атқызды өзі. «Жеңілсең, енді барар орының жоқ, Көрсетпеуге шама жоқ» деген сөзі. Соны естіп Көбей топқа қайтып келді, Жұмбағының шешуін айтып келді. Тобықтылар Найманды ертіп əкеп, Кебектің жатқан жерін айтып берді."}],"toc":[{"id":"content0:0:1","label":"ШƏКƏРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ЕҢЛІК – КЕБЕК","page":1,"pageUrl":"/books/2wpwrl3c#reader-content"},{"id":"content0:1:1","label":"ЕҢЛІК – КЕБЕК","page":1,"pageUrl":"/books/2wpwrl3c#reader-content"},{"id":"content0:2:1","label":"ШƏКƏРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ","page":1,"pageUrl":"/books/2wpwrl3c#reader-content"},{"id":"content0:3:1","label":"(1858–1931)","page":1,"pageUrl":"/books/2wpwrl3c#reader-content"},{"id":"content0:6:1","label":"* * *","page":1,"pageUrl":"/books/2wpwrl3c#reader-content"},{"id":"content0:10:2","label":"* * *","page":2,"pageUrl":"/books/2wpwrl3c?page=2#reader-content"},{"id":"content0:18:3","label":"* * *","page":3,"pageUrl":"/books/2wpwrl3c?page=3#reader-content"}]},"similarBooks":[{"idCatalog":761289,"shortId":"4232LuKZ","title":"Илиада","authorLine":"Гомер, Викентий Викентьевич Вересаев","primaryAuthorId":"f42e8550-2a81-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/2a2124c6-0958-11e4-824d-0025905a06ea/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4232LuKZ"},{"idCatalog":78625,"shortId":"1LtjuwaR","title":"Цветы Зла (сборник)","authorLine":"Шарль Бодлер, Адриан Ламбле","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4079cc34-7671-11e2-ad35-002590591ed2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/1LtjuwaR"},{"idCatalog":316488,"shortId":"4RiRuZeM","title":"Рубайат","authorLine":"Омар Хайям, Герман Борисович Плисецкий, Осип Борисович Румер","primaryAuthorId":"9c9cc15e-2a82-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/0052ad3f-1b3a-11ea-a705-0cc47a520474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4RiRuZeM"},{"idCatalog":334893,"shortId":"4BOV9WJv","title":"Цветы Зла","authorLine":"Шарль Бодлер, Эжен Десизи, Антуан Жорж Рошгросс, Владимир Александрович Дроздков, Вадим Габриэлевич Шершеневич","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/55d8d681-7fef-11ea-9c12-0cc47a5f3f85/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4BOV9WJv"},{"idCatalog":579613,"shortId":"0pjF0ctv","title":"Наука любви","authorLine":"Коллектив авторов, Публий Овидий Назон","primaryAuthorId":"9980df13-0ec7-11e4-824d-0025905a06ea","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/df61370c-19b1-11ef-8496-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/0pjF0ctv"},{"idCatalog":608453,"shortId":"08sa2sZn","title":"Паломничество Чайльд-Гарольда","authorLine":"Джордж Гордон Байрон, Вильгельм Вениаминович Левик","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4382eaac-95e0-11ef-8ce3-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/08sa2sZn"},{"idCatalog":145661,"shortId":"3wGYlWxL","title":"В тихой ночи. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, В. В. Камедин, БОМБОРА, Маттиас Маттис, Н. В. Мордвичева","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/ce4db91f-aa37-11e6-9c73-0cc47a1952f2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3wGYlWxL"},{"idCatalog":427617,"shortId":"26ljeg7H","title":"Освобожденный Иерусалим","authorLine":"Селестен Нантёйль, Анри Барон, Антонио Темпеста, Давид Тенирс, Торквато Тассо, Роман Михайлович Дубровкин","primaryAuthorId":"f2b40986-deaf-11ee-8496-0cc47af30fe4","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/a2afa5a8-48fc-11ec-ab26-441ea1508474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/26ljeg7H"},{"idCatalog":502164,"shortId":"3moDg3WA","title":"Сто. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, Сергей Табуцадзе, Дэн Зозуля, БОМБОРА","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/cab4c310-c713-11ed-903e-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3moDg3WA"},{"idCatalog":112966,"shortId":"2AFIbRds","title":"Манфред","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/16a1ed66-b785-501d-a67d-ff52657078ff/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/2AFIbRds"},{"idCatalog":117436,"shortId":"3uQtydkU","title":"Гитанджали","authorLine":"Н. А. Пушечников, А. Г. Ткаченко, Рабиндранат Тагор","primaryAuthorId":"1229569f-7b42-5de5-a6f6-317237044d0b","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/69c138c9-41a2-5871-989c-452ef0702d37/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3uQtydkU"},{"idCatalog":112962,"shortId":"4ff7yP0y","title":"Корсар","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/40f11661-7d7f-51d8-83ed-66f3e55de635/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4ff7yP0y"}],"similarBooksPagination":{"page":1,"pageSize":12,"totalItems":179,"totalPages":15,"hasPrev":false,"hasNext":true}},"notFound":false}