Загрузка...

AI-разбор доступен после входа

Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.

auto_awesomeПолучить AI-разбор

О книге

Дата написания1919-12-31
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+

Читать онлайн

Страница 1 из 1

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ Боранда

Боранда

Қарлатып қатты боран қарпылдап тұр. Үскірік-аяз қызыл шартылдап тұр. Қой ығып, басын қоршап ыққа тығып, Көміліп қалың қарға қарқындап тұр. Сүйеніп таяғына қой қасында, Дірілдеп Таймас сорлы қалтылдап тұр. Аяқта жуан жіппен буған шарық, Сүйреліп киіз шұлғау жалпылдап тұр. Ашылып қабырға-омырау қарға қарсы, Тақымы шалбарынан жалтылдап тұр. Денесін қалыбымен суық ұстап, Ызың жел селкілдетіп, аңқылдап тұр. Мойнына жабысқан қар ери қатып, Иекте мұз сүңгілер салпылдап тұр… Жылы ішік, түлкі тұмақ, саптамалы, Дүйсек бай дөң басында салқындап тұр. «Ары таман қойды қозғап, жайсаңшы!» – деп, Таймасқа қожайынсып шаңқылдап тұр «Алғаның ас болмағыр, ит-шошқа» деп, Қарғадай қармен бірге қарқылдап тұр.

1920

Вам также может понравиться

Страница 1 из 15

Назад1215Далее