Удобнее читать в приложении
AI-разбор доступен после входа
Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.
auto_awesomeПолучить AI-разборО книге
Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+
Читать онлайн
Страница 6 из 6Сараның соңғы монологы
Көңілдің осындайда оты өрлемей, Қу тағдыр, келгенің-ай бекер бөгей! Байлаулы бұлбұл етіп қойды елім де, Обалым өз мойныңда кетер демей. Тілемей басқа тілек Алладан мен, Арманға жетсем деуші ем самғап əнмен. Тірліктен өтсем деуші ем бір гүл болып, Жарқырап жұлдыз болып қалмағанмен. Бұлағың толқып аққан көлге айналып, Тұрмай да қазіргідей қол байланып. Аққу боп, айдындарда жүзсем деп ем, Аңырап, араға бір қонбай барып. Жүйріктей қашқан аңын құтқармаған, Еселеп өссе деп ем сырттан бағам. Тұп-тұнық тұма болып тұнсам деп ем, Суынан сусап ішіп, жұрт қанбаған. Асқарға балап елде бар төбені, Асырып көрсем деп ем мəртебені. Жыр етіп жеткізсе деп сан ұрпаққа, Жоңғардың жылдарға айтып қарт емені. Ақтарып айнала бір назды армандай, Арқырап өтсем деуші ем азға алданбай. Түп-түгел төксем деуші ем туған жерге, Кеудемде сыңсып аққан саз бар қандай! Жалғанды жалт қаратқан жарылыспен, Атылып жанартаудай жалын іштен, Жүректі алыстырып көрсем деуші ем Қырдағы долы дүлей тағы күшпен. Жаныма табам демей маза қайдан, Құшағын дүниеге таза жайған, Болып та өтсем деп ем далама бір Шарт та шұрт шатырлаған нажағайлы əн! Жастыққа болсам-ақ деп батпаған ай, Шырқап ем шұғылалы арай жаққа қарай, Топшымнан ұша бере үзіп түскен Қаншалық қатігез ең, Хақ-тағала-ай! Алыстан ақ жаңбырдай төніп келіп, Туған жер, тұрмас па едім төгіп-төгіп. Бұлбұлдай сайрамас па ем, Қойсаң, елім, басыма бұлттағы жоқ ерік беріп. Жұлдызым жоғарырақ жанса көкте, Деуші едім, Салдың, тағдыр, қанша əлекке, Армандап келіп едім жалғыз сөзім Суымай соңғы ұрпаққа барса деп те. Дариға-ай, жұртыма сол жетсе тілек, Кернеген көкіректі кек сетінеп. Алаңсыз ақсұңқардай заулар ем-ау Туған жер топырағына өкше тіреп. Асқақтап, айнала сан жайды ұқтырып. Қарамай, қарсы келсін қай «мықтылық». Тұрды жыр дос төбесін көкке тіреп, Жүрегін дұшпаныңның шайлықтырып. Тірліктің балы көп пе, зəрі кеп пе, Тыңдамай, тарта берсең əрі үдеп те. Шырқап та шартарапқа кетсең шіркін, Арналып бойдағыңның бəрі көпке! Қайда деп ұқсап тынар асқақ арын, Сол болып асқардың да жасқанарың, Соны іздеп кетсең-ау кең кеңістіктен, Көрместен, көзге ілместен басқаларын. Сағымдай сабылдыртқан қашық бар ма? Жүйткісең омырауыңды ашып таңға: Аңыз боп қалар да едің, құрығанда, Жарық пен жарды аңсаған ғашықтарға. Лебіңнен есіп ыстық құдірет-дем, Сапырып сахараның жырын өктем, Ақсарлы арманыңа жетсең барып, Қалса да қарамастан құрып өкпең. Жұртымның жүрегіне жетсе арманым, Кешеден соларды айтып көп сарнадым. Түлкідей қырдан қашқан, қайран үміт, Бір сөніп, бірде жанған отша алдадың! Біржан да көп көздерді ақырайтып, Қарамай бас-көзіне, Батыра айтып, Булыға безілдейді-ау: «Бұ заманға, Амалдың жоқтығы-ай, деп, апыр-ай, түк?!» Жақсы аға, жақсылыққа құштар аға, Қызғыштай шыр-шыр етіп түсті араға. Тірлікті тəлкек етіп қойған күн-ай, Соқырдың қолындағы ұстараға! Өктемсіп зымияндық, сұрқиялық Тұрғанда, қайтсін одан жұрт ұялып. Сөзді ұғар, сертке тоқтар жігіт қайда? Жүйріктей шығатын бір жұлқи ағып! Өзгеден өнерімен озған аға, Қоя-ақ қой, соны тіпті қозғама да! Кеткенін көріп, қалай күйінбессің, Жүректен жылап шыққан сөз далаға! Сол, аға, сөзден есе бермей келген, Көріндің бұрқ-бұрқ еткен ер бейнеңмен. Қаншалық бақытты едім, шүкір, мен де Сан қыздан сендей жанды көрмей де өлген! Қайтем деп қолға түспес бақты аңсап та, Тынсақ па? Қалған сырды ақтарсақ па? Сөз бе екен Сараңыздың шері де сол, Қыз біткен шыр-шыр етіп жатқан шақта. Заманның шынымен бұл кезі ме азған? Таппасақ төңіректен сөз ұғар жан. Тірлікке шараң қайсы? Болғаннан соң Əйелдің сөзі түгіл, өзі де арзан. Қарамай қаншама ақсын қанды жасың, Сұр жылан жұтып жатсын қарлығашын, «Құдай» деп, «құран» деп-ақ кетер ме елім, Аударып шариғатқа бар күнəсін? Шырылдап арманды аңса, қашықты аңса! Жұлқынып шыға алдың ба тасып қанша? Көп қыздың бірі де өтпей қойды-ау Тəңір, Ой беріп, сезім беріп – жасытқанша! Өрт қанша арпалысқан мұзды ағыспен! Дерт қанша жеп баратқан сыздап іштен! Қаратып қойған күнге шараң бар ма Құстың да қанатына қызғанышпен! Арта алмақ ағайын мен елге міндет, Қараймын еркін өскен желге күндеп. Қызығам ақкөбік боп тұрған атқа, Бəйгеден осылай да бір келмедім деп! Өкінем, – Тұңғыш рет өр-белеңде Қасқайып, қас бəйгеден келмегенге. Қып-қысқа ғұмырды да мына тағдыр Біржола өз еркіме бермегенге. Бұлыңғыр беталысым, тұмандаумын, Соны айтып шырқағанда ұғар ма аулың? Тағы да тақсіретін сездім анық, Жұлқынып, жүген үзіп шыға алмаудың. Жұлынған гүлдей больп бір күн көктеп, Қалтырап кетті-ау жүрек шын дірдектеп. Шегіндей домбыраның қала бердім, Тосыннан шарт үзілген күмбірлеп кеп!..
* * *
Қалғанын білмей де қап кім қай тұста, Екпіндеп, еліріп кеп тынды айтыс та. Зарды айтып… Жанған жүрек… Жалғанды айтып, Күніреніп тоқтады-ау бір жыр байғұс та. Ел-жұрттың есін алып шын-ақ күллі. Қаншама қам көңілді жылаттырды. Біреулер қозғалақтап, күрсініп қап, Біреулер біреулерді сынап күлді. Арулар ажарынан ерте от көшкен, Жастыққа жас төкті елге көрсетпестен. Сазарып қала берген пенде қанша, Сырлы əуен сыйқырына селт етпестен. Аңырап тоқтағанда жыр демігіп, Біреулер біреулермен бірге күліп, Біреулер қарғыс айтып заманына, Сырқырап, сай-сүйегі тұрды егіліп. Біреулер қастағысын күліп арбай, Жымыңдап, жұрт білмеген сыры бардай, Шөгіп те қалғандар бар жатқан жерге, Шарасы біржолата құрығандай. Сараны жаңа ғана танығандай, Біреуі сүйсініп тұр жаны қалмай. Аңырып, əр ауызға бір алаңдап, Біреу жүр не болғанын əлі ұға алмай. Біреулер үрке қарап, шошығандай, Қарайды Сара жаққа өші бардай. Біреулер іштегі отпен арпалысып, Əлекке түсіп жатты өшіре алмай. Əннен соң есеңгіреп, үрпиісіп, Жер шұқып қала берді жұрт ұйысып. Серт ұстап, сілкінісіп шыққандар бар, Бір-бірін көзбен атып, қыртиысып. Күлік бар біреуінде, бірінде үрей, Пысықтар үнсіз қалған бұрынғы кей. «Сарыарқа қайдасың» деп қайтты Біржан, Сапырып сахараның жырын күрей. Міне сол, – Шығарып сап əй жыр төресін, Сара отыр жинай алмай тіптен есін. Ашынып қайдағы жоқ Құдайына, Маңдайға бармақтай бақ бітпегесін. Кеше бір шырылдап та, безілдеп те, Қаншама мақұлдатты сөзін көпке. Асқақтап көмейінен əн кеткенде, Жүргендей сезініп-ақ өзін көкте. Ақтарып жатқан сырды жанға айтылмай, Сарт-та сұрт лапылдап бір жанбай тынбай. Бұлақ боп бұрқырап та ағып еді-ау, Қалың ел аңсап келіп қанбайтындай! Дарынын өрде оздырып анық күшпен, Арынын айналаға танытты үстем. Ұмытып өзін өзі, болам демей Жұлдыздай жарқырап кеп, жанып түскен. Көңілдің қай-қайдағы бұлты ыдырап, Əр сөзі астам айтқан жұртына ұнап, Қарамай қайғысына самғап еді-ау, Біржан сал сəл сүрінсе, бір күліп ап. Суырып мұң-зарыңды жүрек түптен, Кететін Сара қайда үдеп тіптен?! Айтыста соның сағы сынбасын деп, Өзіне ауған жоқ па тілек біткен. Қыр сонда құптап тегіс жаңғырмап па? Сара да жұрт мейірін қандырмап па? Қайысып Қаптағайы тұрды емес пе Бұлбұлы бұрқыратқан зарлы ырғаққа! Басына қаншама мұң үйіп-төкпе, Көңілі шалқып-тасып, тиіп көкке, Жағалай жұртты өзіне бір телміртіп, Ерекше кетіп еді-ау биіктеп те! Айнала жалт қаратып жыр ұғарын, Арындап аспанға өрлеп шығып арын, Танытып төңірекке тұрып еді-ау Өнердің қаншалықты құны барын! Шарқ ұрып кезіп келген бұрын қырды, Қалың ел сөз құдіретін бүгін білді. Өзіне жөн көрсеткен талайларды Жыр шіркін, алдына əкеп жүгіндірді. Тұрғандар əлдекімсіп, еркектеніп, Сараның жатты алдында жентектеліп. Барды да шырқап-шырқап, Қалды-ау үнсіз, Лебімен айнала бір өртеп келіп. Əн болып дүниеге таралып кең, Жан болып өту үшін жаралып та ең! Қыз да едің жүзден жүйрік жеке шыққан Бір ғасыр маңдайына дара біткен. Қаймығып қара дауыл – ел сесінен, Қайғыға батып өткен белшесінен. Айтыста арқырап та, жарқырап та Көрініп қалып еді өз еңсесімен. Сол-ақ па бұйырғаны бақ-талайға? Бұлқынып, бұғау үзер таппады айла. Ақын боп ақырғы рет бір көрініп, Қатын боп қала берді Қаптағайға!..
Вам также может понравиться
{"page":{"canonicalUrl":"https://bookra.app/books/3MiIIWAn","pageTitle":"Айтыс (Сəкен Иманасов) — полный текст, краткое содержание, анализ и герои","metaDescription":"Полный текст книги «Айтыс». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","headingTitle":"«Айтыс». Читать бесплатно онлайн","headingSubtitle":"Сəкен Иманасов","structuredData":[{"@context":"https://schema.org","@type":"BreadcrumbList","@id":"https://bookra.app/books/3MiIIWAn#breadcrumb","itemListElement":[{"@type":"ListItem","position":1,"name":"BookRa","item":"https://bookra.app/"},{"@type":"ListItem","position":2,"name":"зарубежная поэзия","item":"https://bookra.app/genre/5213"},{"@type":"ListItem","position":3,"name":"Айтыс","item":"https://bookra.app/books/3MiIIWAn"}]},{"@context":"https://schema.org","@type":"WebPage","@id":"https://bookra.app/books/3MiIIWAn","url":"https://bookra.app/books/3MiIIWAn","name":"«Айтыс». Читать бесплатно онлайн","description":"Полный текст книги «Айтыс». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","breadcrumb":{"@id":"https://bookra.app/books/3MiIIWAn#breadcrumb"},"mainEntity":{"@id":"https://bookra.app/books/3MiIIWAn#work"},"primaryImageOfPage":{"@type":"ImageObject","url":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/5b953cf8-d8d3-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp"}},{"@context":"https://schema.org","@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/3MiIIWAn#work","name":"Айтыс","url":"https://bookra.app/books/3MiIIWAn","description":"Полный текст книги «Айтыс». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","image":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/5b953cf8-d8d3-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","inLanguage":"kk","genre":["зарубежная поэзия","стихи и поэзия"],"sameAs":["https://litres.ru/book/s-ken-imanasov/aytys-22579734/"],"author":[{"@type":"Person","@id":"https://bookra.app/author/55446884-d8d3-11e6-a862-0cc47a545a1e#person","name":"Сəкен Иманасов","url":"https://bookra.app/author/55446884-d8d3-11e6-a862-0cc47a545a1e"}],"about":[{"@type":"Thing","name":"зарубежная поэзия"},{"@type":"Thing","name":"стихи и поэзия"},{"@type":"Thing","name":"чтение онлайн"},{"@type":"Thing","name":"саммари"},{"@type":"Thing","name":"AI-разбор"},{"@type":"Thing","name":"персонажи"},{"@type":"Thing","name":"цитаты"}],"workExample":{"@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/3MiIIWAn#edition","url":"https://bookra.app/books/3MiIIWAn","bookFormat":"https://schema.org/EBook","inLanguage":"kk","sameAs":["https://litres.ru/book/s-ken-imanasov/aytys-22579734/"],"isAccessibleForFree":true,"potentialAction":{"@type":"ReadAction","name":"Читать бесплатно онлайн «Айтыс»","target":{"@type":"EntryPoint","urlTemplate":"https://bookra.app/books/3MiIIWAn","actionPlatform":["https://schema.org/DesktopWebPlatform"]},"expectsAcceptanceOf":{"@type":"Offer","category":"nologinrequired"}}}}],"book":{"idCatalog":762675,"shortId":"3MiIIWAn","title":"Айтыс","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/5b953cf8-d8d3-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","annotationText":"","catalogType":"PUBLIC_DOMAIN","catalogTypeLabel":"Общественное достояние","authorLine":"Сəкен Иманасов","authors":[{"id":"55446884-d8d3-11e6-a862-0cc47a545a1e","displayName":"Сəкен Иманасов","protectedUrl":"/author/55446884-d8d3-11e6-a862-0cc47a545a1e","wikipediaUrl":null,"wikidataUrl":null}],"genres":[{"id":5213,"title":"зарубежная поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5213"},{"id":5267,"title":"стихи и поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5267"}],"keywords":[],"facts":[{"key":"dateWritten","label":"Дата написания","value":"1970-01-01"},{"key":"bookLanguage","label":"Язык книги","value":"kk"},{"key":"adult","label":"Возрастное ограничение","value":"12+"}],"seoSections":[],"authorSummary":null,"hasArtifacts":false,"canReadInApp":true,"readUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=r_762675","artifactsUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=b_762675","readCtaLabel":"Читать бесплатно","artifactsCtaLabel":"AI-разбор","appReadLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=r_762675","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=r_762675","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=r_762675","web":"https://web.bookra.app/?startapp=r_762675"},"appAnalysisLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=b_762675","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=b_762675","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=b_762675","web":"https://web.bookra.app/?startapp=b_762675"},"guestReaderUrl":"/books/3MiIIWAn?page=6#reader-content","authorCtaLabel":"Все книги автора","authorProtectedUrl":"/author/55446884-d8d3-11e6-a862-0cc47a545a1e","readersCount":0,"adultLabel":"12+","yearLabel":null,"datePublished":null,"publisherLabel":null,"isbn":null,"oclc":null,"lccn":null,"partnerUrl":null,"accessNote":"Полный текст книги и AI-разбор откроются на защищенных страницах BookRa после входа."},"reader":{"page":6,"totalPages":6,"hasPrev":true,"hasNext":false,"prevPageUrl":"/books/3MiIIWAn?page=5#reader-content","nextPageUrl":null,"progressLabel":"Страница 6 из 6","sections":[{"id":"content0:21","kind":"heading","text":"Сараның соңғы монологы"},{"id":"content0:22","kind":"paragraph","text":"Көңілдің осындайда оты өрлемей, Қу тағдыр, келгенің-ай бекер бөгей! Байлаулы бұлбұл етіп қойды елім де, Обалым өз мойныңда кетер демей. Тілемей басқа тілек Алладан мен, Арманға жетсем деуші ем самғап əнмен. Тірліктен өтсем деуші ем бір гүл болып, Жарқырап жұлдыз болып қалмағанмен. Бұлағың толқып аққан көлге айналып, Тұрмай да қазіргідей қол байланып. Аққу боп, айдындарда жүзсем деп ем, Аңырап, араға бір қонбай барып. Жүйріктей қашқан аңын құтқармаған, Еселеп өссе деп ем сырттан бағам. Тұп-тұнық тұма болып тұнсам деп ем, Суынан сусап ішіп, жұрт қанбаған. Асқарға балап елде бар төбені, Асырып көрсем деп ем мəртебені. Жыр етіп жеткізсе деп сан ұрпаққа, Жоңғардың жылдарға айтып қарт емені. Ақтарып айнала бір назды армандай, Арқырап өтсем деуші ем азға алданбай. Түп-түгел төксем деуші ем туған жерге, Кеудемде сыңсып аққан саз бар қандай! Жалғанды жалт қаратқан жарылыспен, Атылып жанартаудай жалын іштен, Жүректі алыстырып көрсем деуші ем Қырдағы долы дүлей тағы күшпен. Жаныма табам демей маза қайдан, Құшағын дүниеге таза жайған, Болып та өтсем деп ем далама бір Шарт та шұрт шатырлаған нажағайлы əн! Жастыққа болсам-ақ деп батпаған ай, Шырқап ем шұғылалы арай жаққа қарай, Топшымнан ұша бере үзіп түскен Қаншалық қатігез ең, Хақ-тағала-ай! Алыстан ақ жаңбырдай төніп келіп, Туған жер, тұрмас па едім төгіп-төгіп. Бұлбұлдай сайрамас па ем, Қойсаң, елім, басыма бұлттағы жоқ ерік беріп. Жұлдызым жоғарырақ жанса көкте, Деуші едім, Салдың, тағдыр, қанша əлекке, Армандап келіп едім жалғыз сөзім Суымай соңғы ұрпаққа барса деп те. Дариға-ай, жұртыма сол жетсе тілек, Кернеген көкіректі кек сетінеп. Алаңсыз ақсұңқардай заулар ем-ау Туған жер топырағына өкше тіреп. Асқақтап, айнала сан жайды ұқтырып. Қарамай, қарсы келсін қай «мықтылық». Тұрды жыр дос төбесін көкке тіреп, Жүрегін дұшпаныңның шайлықтырып. Тірліктің балы көп пе, зəрі кеп пе, Тыңдамай, тарта берсең əрі үдеп те. Шырқап та шартарапқа кетсең шіркін, Арналып бойдағыңның бəрі көпке! Қайда деп ұқсап тынар асқақ арын, Сол болып асқардың да жасқанарың, Соны іздеп кетсең-ау кең кеңістіктен, Көрместен, көзге ілместен басқаларын. Сағымдай сабылдыртқан қашық бар ма? Жүйткісең омырауыңды ашып таңға: Аңыз боп қалар да едің, құрығанда, Жарық пен жарды аңсаған ғашықтарға. Лебіңнен есіп ыстық құдірет-дем, Сапырып сахараның жырын өктем, Ақсарлы арманыңа жетсең барып, Қалса да қарамастан құрып өкпең. Жұртымның жүрегіне жетсе арманым, Кешеден соларды айтып көп сарнадым. Түлкідей қырдан қашқан, қайран үміт, Бір сөніп, бірде жанған отша алдадың! Біржан да көп көздерді ақырайтып, Қарамай бас-көзіне, Батыра айтып, Булыға безілдейді-ау: «Бұ заманға, Амалдың жоқтығы-ай, деп, апыр-ай, түк?!» Жақсы аға, жақсылыққа құштар аға, Қызғыштай шыр-шыр етіп түсті араға. Тірлікті тəлкек етіп қойған күн-ай, Соқырдың қолындағы ұстараға! Өктемсіп зымияндық, сұрқиялық Тұрғанда, қайтсін одан жұрт ұялып. Сөзді ұғар, сертке тоқтар жігіт қайда? Жүйріктей шығатын бір жұлқи ағып! Өзгеден өнерімен озған аға, Қоя-ақ қой, соны тіпті қозғама да! Кеткенін көріп, қалай күйінбессің, Жүректен жылап шыққан сөз далаға! Сол, аға, сөзден есе бермей келген, Көріндің бұрқ-бұрқ еткен ер бейнеңмен. Қаншалық бақытты едім, шүкір, мен де Сан қыздан сендей жанды көрмей де өлген! Қайтем деп қолға түспес бақты аңсап та, Тынсақ па? Қалған сырды ақтарсақ па? Сөз бе екен Сараңыздың шері де сол, Қыз біткен шыр-шыр етіп жатқан шақта. Заманның шынымен бұл кезі ме азған? Таппасақ төңіректен сөз ұғар жан. Тірлікке шараң қайсы? Болғаннан соң Əйелдің сөзі түгіл, өзі де арзан. Қарамай қаншама ақсын қанды жасың, Сұр жылан жұтып жатсын қарлығашын, «Құдай» деп, «құран» деп-ақ кетер ме елім, Аударып шариғатқа бар күнəсін? Шырылдап арманды аңса, қашықты аңса! Жұлқынып шыға алдың ба тасып қанша? Көп қыздың бірі де өтпей қойды-ау Тəңір, Ой беріп, сезім беріп – жасытқанша! Өрт қанша арпалысқан мұзды ағыспен! Дерт қанша жеп баратқан сыздап іштен! Қаратып қойған күнге шараң бар ма Құстың да қанатына қызғанышпен! Арта алмақ ағайын мен елге міндет, Қараймын еркін өскен желге күндеп. Қызығам ақкөбік боп тұрған атқа, Бəйгеден осылай да бір келмедім деп! Өкінем, – Тұңғыш рет өр-белеңде Қасқайып, қас бəйгеден келмегенге. Қып-қысқа ғұмырды да мына тағдыр Біржола өз еркіме бермегенге. Бұлыңғыр беталысым, тұмандаумын, Соны айтып шырқағанда ұғар ма аулың? Тағы да тақсіретін сездім анық, Жұлқынып, жүген үзіп шыға алмаудың. Жұлынған гүлдей больп бір күн көктеп, Қалтырап кетті-ау жүрек шын дірдектеп. Шегіндей домбыраның қала бердім, Тосыннан шарт үзілген күмбірлеп кеп!.."},{"id":"content0:23","kind":"heading","text":"* * *"},{"id":"content0:24","kind":"paragraph","text":"Қалғанын білмей де қап кім қай тұста, Екпіндеп, еліріп кеп тынды айтыс та. Зарды айтып… Жанған жүрек… Жалғанды айтып, Күніреніп тоқтады-ау бір жыр байғұс та. Ел-жұрттың есін алып шын-ақ күллі. Қаншама қам көңілді жылаттырды. Біреулер қозғалақтап, күрсініп қап, Біреулер біреулерді сынап күлді. Арулар ажарынан ерте от көшкен, Жастыққа жас төкті елге көрсетпестен. Сазарып қала берген пенде қанша, Сырлы əуен сыйқырына селт етпестен. Аңырап тоқтағанда жыр демігіп, Біреулер біреулермен бірге күліп, Біреулер қарғыс айтып заманына, Сырқырап, сай-сүйегі тұрды егіліп. Біреулер қастағысын күліп арбай, Жымыңдап, жұрт білмеген сыры бардай, Шөгіп те қалғандар бар жатқан жерге, Шарасы біржолата құрығандай. Сараны жаңа ғана танығандай, Біреуі сүйсініп тұр жаны қалмай. Аңырып, əр ауызға бір алаңдап, Біреу жүр не болғанын əлі ұға алмай. Біреулер үрке қарап, шошығандай, Қарайды Сара жаққа өші бардай. Біреулер іштегі отпен арпалысып, Əлекке түсіп жатты өшіре алмай. Əннен соң есеңгіреп, үрпиісіп, Жер шұқып қала берді жұрт ұйысып. Серт ұстап, сілкінісіп шыққандар бар, Бір-бірін көзбен атып, қыртиысып. Күлік бар біреуінде, бірінде үрей, Пысықтар үнсіз қалған бұрынғы кей. «Сарыарқа қайдасың» деп қайтты Біржан, Сапырып сахараның жырын күрей. Міне сол, – Шығарып сап əй жыр төресін, Сара отыр жинай алмай тіптен есін. Ашынып қайдағы жоқ Құдайына, Маңдайға бармақтай бақ бітпегесін. Кеше бір шырылдап та, безілдеп те, Қаншама мақұлдатты сөзін көпке. Асқақтап көмейінен əн кеткенде, Жүргендей сезініп-ақ өзін көкте. Ақтарып жатқан сырды жанға айтылмай, Сарт-та сұрт лапылдап бір жанбай тынбай. Бұлақ боп бұрқырап та ағып еді-ау, Қалың ел аңсап келіп қанбайтындай! Дарынын өрде оздырып анық күшпен, Арынын айналаға танытты үстем. Ұмытып өзін өзі, болам демей Жұлдыздай жарқырап кеп, жанып түскен. Көңілдің қай-қайдағы бұлты ыдырап, Əр сөзі астам айтқан жұртына ұнап, Қарамай қайғысына самғап еді-ау, Біржан сал сəл сүрінсе, бір күліп ап. Суырып мұң-зарыңды жүрек түптен, Кететін Сара қайда үдеп тіптен?! Айтыста соның сағы сынбасын деп, Өзіне ауған жоқ па тілек біткен. Қыр сонда құптап тегіс жаңғырмап па? Сара да жұрт мейірін қандырмап па? Қайысып Қаптағайы тұрды емес пе Бұлбұлы бұрқыратқан зарлы ырғаққа! Басына қаншама мұң үйіп-төкпе, Көңілі шалқып-тасып, тиіп көкке, Жағалай жұртты өзіне бір телміртіп, Ерекше кетіп еді-ау биіктеп те! Айнала жалт қаратып жыр ұғарын, Арындап аспанға өрлеп шығып арын, Танытып төңірекке тұрып еді-ау Өнердің қаншалықты құны барын! Шарқ ұрып кезіп келген бұрын қырды, Қалың ел сөз құдіретін бүгін білді. Өзіне жөн көрсеткен талайларды Жыр шіркін, алдына əкеп жүгіндірді. Тұрғандар əлдекімсіп, еркектеніп, Сараның жатты алдында жентектеліп. Барды да шырқап-шырқап, Қалды-ау үнсіз, Лебімен айнала бір өртеп келіп. Əн болып дүниеге таралып кең, Жан болып өту үшін жаралып та ең! Қыз да едің жүзден жүйрік жеке шыққан Бір ғасыр маңдайына дара біткен. Қаймығып қара дауыл – ел сесінен, Қайғыға батып өткен белшесінен. Айтыста арқырап та, жарқырап та Көрініп қалып еді өз еңсесімен. Сол-ақ па бұйырғаны бақ-талайға? Бұлқынып, бұғау үзер таппады айла. Ақын боп ақырғы рет бір көрініп, Қатын боп қала берді Қаптағайға!.."}],"toc":[{"id":"content0:0:1","label":"СƏКЕН ИМАНАСОВ АЙТЫС","page":1,"pageUrl":"/books/3MiIIWAn#reader-content"},{"id":"content0:1:1","label":"АЙТЫС","page":1,"pageUrl":"/books/3MiIIWAn#reader-content"},{"id":"content0:2:1","label":"СƏКЕН ИМАНАСОВ","page":1,"pageUrl":"/books/3MiIIWAn#reader-content"},{"id":"content0:3:1","label":"(1938–2012)","page":1,"pageUrl":"/books/3MiIIWAn#reader-content"},{"id":"content0:5:1","label":"* * *","page":1,"pageUrl":"/books/3MiIIWAn#reader-content"},{"id":"content0:9:2","label":"* * *","page":2,"pageUrl":"/books/3MiIIWAn?page=2#reader-content"},{"id":"content0:11:2","label":"Сараның бірінші монологы","page":2,"pageUrl":"/books/3MiIIWAn?page=2#reader-content"},{"id":"content0:15:3","label":"Біржанның бірінші монологы","page":3,"pageUrl":"/books/3MiIIWAn?page=3#reader-content"},{"id":"content0:17:4","label":"Сараның екінші монологы","page":4,"pageUrl":"/books/3MiIIWAn?page=4#reader-content"},{"id":"content0:19:5","label":"Біржанның екінші монологы","page":5,"pageUrl":"/books/3MiIIWAn?page=5#reader-content"},{"id":"content0:21:6","label":"Сараның соңғы монологы","page":6,"pageUrl":"/books/3MiIIWAn?page=6#reader-content"},{"id":"content0:23:6","label":"* * *","page":6,"pageUrl":"/books/3MiIIWAn?page=6#reader-content"}]},"similarBooks":[{"idCatalog":761289,"shortId":"4232LuKZ","title":"Илиада","authorLine":"Гомер, Викентий Викентьевич Вересаев","primaryAuthorId":"f42e8550-2a81-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/2a2124c6-0958-11e4-824d-0025905a06ea/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4232LuKZ"},{"idCatalog":78625,"shortId":"1LtjuwaR","title":"Цветы Зла (сборник)","authorLine":"Шарль Бодлер, Адриан Ламбле","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4079cc34-7671-11e2-ad35-002590591ed2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/1LtjuwaR"},{"idCatalog":316488,"shortId":"4RiRuZeM","title":"Рубайат","authorLine":"Омар Хайям, Герман Борисович Плисецкий, Осип Борисович Румер","primaryAuthorId":"9c9cc15e-2a82-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/0052ad3f-1b3a-11ea-a705-0cc47a520474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4RiRuZeM"},{"idCatalog":334893,"shortId":"4BOV9WJv","title":"Цветы Зла","authorLine":"Шарль Бодлер, Эжен Десизи, Антуан Жорж Рошгросс, Владимир Александрович Дроздков, Вадим Габриэлевич Шершеневич","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/55d8d681-7fef-11ea-9c12-0cc47a5f3f85/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4BOV9WJv"},{"idCatalog":579613,"shortId":"0pjF0ctv","title":"Наука любви","authorLine":"Коллектив авторов, Публий Овидий Назон","primaryAuthorId":"9980df13-0ec7-11e4-824d-0025905a06ea","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/df61370c-19b1-11ef-8496-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/0pjF0ctv"},{"idCatalog":608453,"shortId":"08sa2sZn","title":"Паломничество Чайльд-Гарольда","authorLine":"Джордж Гордон Байрон, Вильгельм Вениаминович Левик","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4382eaac-95e0-11ef-8ce3-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/08sa2sZn"},{"idCatalog":145661,"shortId":"3wGYlWxL","title":"В тихой ночи. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, В. В. Камедин, БОМБОРА, Маттиас Маттис, Н. В. Мордвичева","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/ce4db91f-aa37-11e6-9c73-0cc47a1952f2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3wGYlWxL"},{"idCatalog":427617,"shortId":"26ljeg7H","title":"Освобожденный Иерусалим","authorLine":"Селестен Нантёйль, Анри Барон, Антонио Темпеста, Давид Тенирс, Торквато Тассо, Роман Михайлович Дубровкин","primaryAuthorId":"f2b40986-deaf-11ee-8496-0cc47af30fe4","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/a2afa5a8-48fc-11ec-ab26-441ea1508474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/26ljeg7H"},{"idCatalog":502164,"shortId":"3moDg3WA","title":"Сто. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, Сергей Табуцадзе, Дэн Зозуля, БОМБОРА","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/cab4c310-c713-11ed-903e-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3moDg3WA"},{"idCatalog":112966,"shortId":"2AFIbRds","title":"Манфред","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/16a1ed66-b785-501d-a67d-ff52657078ff/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/2AFIbRds"},{"idCatalog":117436,"shortId":"3uQtydkU","title":"Гитанджали","authorLine":"Н. А. Пушечников, А. Г. Ткаченко, Рабиндранат Тагор","primaryAuthorId":"1229569f-7b42-5de5-a6f6-317237044d0b","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/69c138c9-41a2-5871-989c-452ef0702d37/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3uQtydkU"},{"idCatalog":112962,"shortId":"4ff7yP0y","title":"Корсар","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/40f11661-7d7f-51d8-83ed-66f3e55de635/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4ff7yP0y"}],"similarBooksPagination":{"page":1,"pageSize":12,"totalItems":179,"totalPages":15,"hasPrev":false,"hasNext":true}},"notFound":false}