Загрузка...

AI-разбор доступен после входа

Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.

auto_awesomeПолучить AI-разбор

О книге

Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+

Читать онлайн

Страница 6 из 6

Жүзік

Көктем кеп, еспей қойды жылы лебін. Қуарпы жапырақтай нұрлы рецін. Арба мен ат жіберіп, шандоз ақын, Шақыртты Баймұраттың Нұрлыбегін. «Біржан сал, Ақан сері сарқытындай! Бал көмей жан екенсің, жарқыным-ай! Айызын əлеуметтің қандыратын Əнім-ақ «Хорланыңды» шалқыт тынбай. Жүздегі Жəкең дүлдүл – кəрі құлақ Солай деп құшырланған əнін тыңдап. Есағаң енді міне меңдеп біткен, Нұрекең аяп кетті, «бауырымдап». Естай: – Іні едің жасың кіші, жаның құрдас; Ақын ең жырың мұңдас, əнің сырлас, Шыраққа майы біткен ұқсап барам, Сөнбестен мəңгі лаулап жалын тұрмас. Білесің: өмір ыстық, өлім суық: Төрімнен осы сəтте көрім жуық. Төсекке жапсырды да дауасыз дерт, Тастады титықтатып өлімші ғып. Тартсам да сазайымды салқын түннен, Жиырма жыл жан жылыттым жарқын күннен. Жолықтым тəтті шерім Хорланыма, Сол үшін тағдырыма тəнтімін мен. (Алқынып Естай бір сəт, əрең төзіп, Көрсетті ат жоқ қолын алға созып, Орапты көк мауыты бауырына Жүзіктің, жіңішкеріп қалған тозып). – Қаусаған кейпіме осы қызық мысал: Жайнаған жастық көркін бұзып бұ шал, Жұқарып бітіпті ғой жүзігіндей, Бір кезде тамашаға қызыққыш сал. Ұстадым кір шалдырмай жүзігімді, Ұстандым ғұмыр бақи түзу үлгі… Алып қал, көзімдей көр, ұрпаққа бер Кəрі дос домбырамды қызыл тулы. Көзі еді Хорланымның, алтын жүзік, Көрмедім ғашықтықтың антын бұзып.. Маңымды қазір міне торуылдап, Қаптап жүр сопысымақ қалпы бұзық. Бас-көз бол: тақуалар тонамасын, Жүзігім қолымдағы аман қалсын. Хорланның ырза болсын аруағы, Өзіммен көрге бірге о да барсын!..

Страница 6 из 6

Назад156Далее

Вам также может понравиться

Страница 1 из 15

Назад1215Далее