Удобнее читать в приложении
AI-разбор доступен после входа
Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.
auto_awesomeПолучить AI-разборО книге
Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+
Читать онлайн
Страница 5 из 6Хорланның зары
Мені іздеп жортқаныңды біліп жаттым, Ішімнен сілтідей боп тынып бақтым. Обалың өгей шешем əзəзілге, Обалың Қауанына Өмірзақтың. Жаралған жат есікті күзеткелі Қысқа ғой қамшы саптай қыз көктемі. Жігіттер, өкпелеңдер сұм заманға, Артпаңдар жөн-жосықсыз қызға өкпені. Өзіңнен болмай кетті хабар-ошар, Күн туды ақылынан жан адасар. Құлындай ноқталаған кете бардым, Қыздан да бұл дүниеде бар ма осал?! «Білемін құшағымды жайдым кімге, Алмаспын ақылшыға Лəйліні де, Деп едім, – астам сөзді айтқан екем, Уəде байласқанда айлы түнде. Аяр ең шошып аппақ самайымнан, Қайтейін, көремін де талайымнан. Түсер ед əжем ара тірі түрса, Жан ашыр табылмады ағайыннан. Басыма желек жауып, жер еткенше, Жат төсек… қыл көпірден мен өткенше, – Деп, – сендім əне жетер, міне жетер, Алады арашалап өжеттерше». Қайтейін осы болды заманымыз, Ойға алсам қабағымды қабады мұз. Болары болды, сіңді бояуы енді, Қылыштай тасқа шапқан тауанымыз. «Сүйгенге тілдей төсек тар болмайды, Көңілі жатты іздесе, жар да оңбайды». Дерсің бе жазғырып та мен бейбаққа? Дерсің бе: «көлеңке де жан болмайды? Жылаған жалғыз мен бе малға барып, Насырға, мен көнбесем, шабары анық. Өзіңді, өзімді де, өзгені де Дедім ғой: қор етпейін қанға малып. Морт кетер, морт кеткен соң, мерт кетер деп, Жақсылық жоқ, жамалар дертке дерт тек, Шұқырда, Шотта сəті түскенімен, Таймықтым жүздесуден бетпе-бет кеп. Жұлқынып, сабыласың, сарыласың, Жұлынған аяп гүлді не ғыласың?! Қызықпас, қасқыр тартса, арыстан да, Несіне жат сарқытын сағынасың?! Қопарма махаббаттың қоламтасын, Қалайша құлағанға қол артасың?! Əлпештеп əнге қосқан Хорланыңды Онда елдің, зердесінен жоғалтасың… Бақытты кепсінбеші ондай маған! Сен өйтсең, сөнбесем де, оңбай қалам. Өзіңді сақта, жаным, елің үшін, Мен үшін бұдан əрі болмай алаң. Көңліңді желпісінші сал-серілік, Бой бекіт, босамашы борша егіліп. Сағыңды сындырмашы күншілдерге Жылайтын тірі жүрсең, өлсең күліп. Тілеймін: тұнығыңды лайлама, Шиырды шиырлама шыр айнала. Айырсын, бізді айырса, ажал ғана; Айырсын, бізді айырса, Құдай ғана! Қоса алмай қызығыма қызығыңды, Қайтейін əнім шерлі, жүзім мұңлы, Суынбай, сəулемді естіп сүйем десек, Сусытпа саусағыңнан жүзігімді. Ес-дертің менде болып ағынарсың, Екі елі айырылмастай жанымдасың. Ырзамын екі бірдей дүниеде, Алдыңнан Аллам өзі жарылқасын…
Əн «Хорлан»
Сырт көзге «сыры мəлім шамалылар» Сілкінсе бір сəт құдай болары бар. Əркімнің Қобыланды болып бір күн, Алатын Қазаны бар – қамалы бар. Біледі-ау, өнерпаздар өз бағасын – Іркілмей айта алады наз, наласын. Мың оғын мүлт жіберсе, мəу демейді, Бірегей қастерлейді азғанасын. Төменде кезіксе де күнде ұядан, Дəрі емес мыңдап өрсе қырғи оған. Тізесін тасқа іретіп, құзға өрмелеп, Ұстайды тас түлекті бір қиядан. Тереңге тауфих тұтпай мың сүңгуін, Теңіздін сүзгенінше бір інжуін, Елден ол жасырмайды «иттей болып», Жанын жеп, туңілуін, күмілжуін. Əн ғана – есіркеуші, жұбанышы, Əн ғана – қолдан соғар қуанышы. Тағдырға əнмен алғыс айтпақшы ол Хорлан қыз жер бетінде туғаны үшін. Назды үн құлағына күбірлейді: «Тірімін, дүниеде кіммін мейлі, Қолыңнан енді қайта алынбайтын Тот баспас жүзігімдей бірмін!» – дейді. «Дауысы талмай кетер жеті қырдан, Бірі бар, кімге керек екі Біржан, – Деп еді-ау Ақан аға, – сен өзің бол, Жеткізе шындауыңды, жетіп қырлан. Іздеді бірегейін толқып қатты, Сарын бір жан сарайын солқылдатты. Өзіне сыны оқшау, тəтті толғақ Шым-шымдап жүрек қылын шертіп бақты. Талай ай жапан түзде ат үстінде, Түсінде қоналқада толқындатты. Айтпаған əлі күнге қазақ ұлы Əуеннің құпиядай кілтін тапты. Күн шығып, күмəн-тұман сөгілгендей, Сау етіп мөлдір бұлақ төгілгендей, Арам тер құм күретіп ширек ғасыр, Қазына жер астынан көрінгендей. Сүйсінер сөз айтады сүйіп жүрек, Жадырап бүгін Естай күлді түлеп. Үйінде Сəт ағаның қонып жатып, Жаңа бір əн шырқады бірінші рет. Талмаурап сызылады тартымды үні, Жүректі шымшылайды жарқын мұңы. Ұйытып уысынан шығармайды, Жаныңа құйылғандай жалқын нұры. «Бір қыз бар Маралдыда Хорланғайын, Мағырұп берген екен күн мен айын. Мұратқа іздеген жан бəрі-ау жетпес, Дариға, арманым көп неғылайын?» Бастауы – тамылжуы, балбырауы. Дүрілдеп соққанынша дауыл əлі, Емініп, еміреніп «Енді не?» деп, Тыңдаушы қайырманы сағынады. «Ахау жалған, Хұсни, Хорлан! Екі бағлан, Екеуі туған екен бір анадан. Жігіттер қалма қапы бұл жалғаннан, Жігіттің арманы не сүйгенді алған! Сірə сіздей жан тумас, Туса, туар артылмас! Бұл ғаламды шарықтап, О, дариға, лəуліктас Бағдат, Мысыр, Шынмашын, Іздесем Хорлан табылмас!..» Он екі шыңнан асып барып əрі, Жанар тау ақтарғандай – налығаны. Кетесің Естай болып, ес жия алмай, Əншімен жаның бірге ауырады. «Іздесем Хорлан…» бұл түс үздіктіріп, Үзеді… сергіп көңіл, сауығады. Құша алмай қолы жетпей қалқашына, Қапы ұрған ғашықтықтың арқасында, Бір інжу баға жетпес көрік болып, Қосылды қазақы өнер алқасына. Əн «Хорлан» – кемел талант əні дер ем! Дүниеге келді солай зарыменен. Бұлбұлдар қағып алды жаңа сазды, Сырғадай қағып алды қайың, емен… Есағаң ұмытқандай көңіл дертін, Жайдары жымияды бүгін еркін. Жүзігін сипайды ақ орамалмен, Пендеге айта алмайтын сырын шертіп: «Білмеймін оңалам ба, зорығам ба? Төзбестей тұла бойым долы қанға. Хорланнан мені айыру, кешір, Аллам, Келмейді енді сенің қолыңнан да! Біржола айырылсам да қыз Хорланнан, Өзгеден көлеңкесін қызғанғаннан, Сақтаймын гүл қалпында жүрегімде, Сақтаймын суық сөзден, ызғар қолдан…» Жамиғат сыймайды үйге бүгін тағы, Сері Естай серпілтеді, құйылтады. Алпыстар алыс күннің арбауында, Сексендер сілекейін шұбыртады. Жаңа əнде жан құштары жалқын қандай, Жиырмалар байыз таппас шарпылғандай. Жарқырап ай астында алтын маңдай, Жастық шақ «ақ сүйекке» шақырғандай. Жылыстай бір ауылдан бір ауылға, Туыстай бауыр басып мың қауымға, Əн «Хорлан» аттанды алыс сапарына Əркімнің нəр-нақышпен жырлауында.
Вам также может понравиться
{"page":{"canonicalUrl":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6","pageTitle":"Естай – Қорлан (Мұзафар Əлімбаев) — полный текст, краткое содержание, анализ и герои","metaDescription":"Полный текст книги «Естай – Қорлан». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","headingTitle":"«Естай – Қорлан». Читать бесплатно онлайн","headingSubtitle":"Мұзафар Əлімбаев","structuredData":[{"@context":"https://schema.org","@type":"BreadcrumbList","@id":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6#breadcrumb","itemListElement":[{"@type":"ListItem","position":1,"name":"BookRa","item":"https://bookra.app/"},{"@type":"ListItem","position":2,"name":"зарубежная поэзия","item":"https://bookra.app/genre/5213"},{"@type":"ListItem","position":3,"name":"Естай – Қорлан","item":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6"}]},{"@context":"https://schema.org","@type":"WebPage","@id":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6","url":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6","name":"«Естай – Қорлан». Читать бесплатно онлайн","description":"Полный текст книги «Естай – Қорлан». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","breadcrumb":{"@id":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6#breadcrumb"},"mainEntity":{"@id":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6#work"},"primaryImageOfPage":{"@type":"ImageObject","url":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/8d2dd0e0-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp"}},{"@context":"https://schema.org","@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6#work","name":"Естай – Қорлан","url":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6","description":"Полный текст книги «Естай – Қорлан». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","image":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/8d2dd0e0-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","inLanguage":"kk","genre":["зарубежная поэзия","стихи и поэзия"],"sameAs":["https://litres.ru/book/m-zafar-l-mbaev/estay-k-orlan-22579398/"],"author":[{"@type":"Person","@id":"https://bookra.app/author/8540b3eb-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e#person","name":"Мұзафар Əлімбаев","url":"https://bookra.app/author/8540b3eb-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e"}],"about":[{"@type":"Thing","name":"зарубежная поэзия"},{"@type":"Thing","name":"стихи и поэзия"},{"@type":"Thing","name":"чтение онлайн"},{"@type":"Thing","name":"саммари"},{"@type":"Thing","name":"AI-разбор"},{"@type":"Thing","name":"персонажи"},{"@type":"Thing","name":"цитаты"}],"workExample":{"@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6#edition","url":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6","bookFormat":"https://schema.org/EBook","inLanguage":"kk","sameAs":["https://litres.ru/book/m-zafar-l-mbaev/estay-k-orlan-22579398/"],"isAccessibleForFree":true,"potentialAction":{"@type":"ReadAction","name":"Читать бесплатно онлайн «Естай – Қорлан»","target":{"@type":"EntryPoint","urlTemplate":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6","actionPlatform":["https://schema.org/DesktopWebPlatform"]},"expectsAcceptanceOf":{"@type":"Offer","category":"nologinrequired"}}}}],"book":{"idCatalog":763866,"shortId":"2PdQbdX6","title":"Естай – Қорлан","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/8d2dd0e0-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","annotationText":"","catalogType":"PUBLIC_DOMAIN","catalogTypeLabel":"Общественное достояние","authorLine":"Мұзафар Əлімбаев","authors":[{"id":"8540b3eb-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e","displayName":"Мұзафар Əлімбаев","protectedUrl":"/author/8540b3eb-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e","wikipediaUrl":null,"wikidataUrl":null}],"genres":[{"id":5213,"title":"зарубежная поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5213"},{"id":5267,"title":"стихи и поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5267"}],"keywords":[],"facts":[{"key":"dateWritten","label":"Дата написания","value":"1970-01-01"},{"key":"bookLanguage","label":"Язык книги","value":"kk"},{"key":"adult","label":"Возрастное ограничение","value":"12+"}],"seoSections":[],"authorSummary":null,"hasArtifacts":false,"canReadInApp":true,"readUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=r_763866","artifactsUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=b_763866","readCtaLabel":"Читать бесплатно","artifactsCtaLabel":"AI-разбор","appReadLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=r_763866","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=r_763866","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=r_763866","web":"https://web.bookra.app/?startapp=r_763866"},"appAnalysisLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=b_763866","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=b_763866","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=b_763866","web":"https://web.bookra.app/?startapp=b_763866"},"guestReaderUrl":"/books/2PdQbdX6?page=5#reader-content","authorCtaLabel":"Все книги автора","authorProtectedUrl":"/author/8540b3eb-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e","readersCount":0,"adultLabel":"12+","yearLabel":null,"datePublished":null,"publisherLabel":null,"isbn":null,"oclc":null,"lccn":null,"partnerUrl":null,"accessNote":"Полный текст книги и AI-разбор откроются на защищенных страницах BookRa после входа."},"reader":{"page":5,"totalPages":6,"hasPrev":true,"hasNext":true,"prevPageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=4#reader-content","nextPageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=6#reader-content","progressLabel":"Страница 5 из 6","sections":[{"id":"content0:22","kind":"heading","text":"Хорланның зары"},{"id":"content0:23","kind":"paragraph","text":"Мені іздеп жортқаныңды біліп жаттым, Ішімнен сілтідей боп тынып бақтым. Обалың өгей шешем əзəзілге, Обалың Қауанына Өмірзақтың. Жаралған жат есікті күзеткелі Қысқа ғой қамшы саптай қыз көктемі. Жігіттер, өкпелеңдер сұм заманға, Артпаңдар жөн-жосықсыз қызға өкпені. Өзіңнен болмай кетті хабар-ошар, Күн туды ақылынан жан адасар. Құлындай ноқталаған кете бардым, Қыздан да бұл дүниеде бар ма осал?! «Білемін құшағымды жайдым кімге, Алмаспын ақылшыға Лəйліні де, Деп едім, – астам сөзді айтқан екем, Уəде байласқанда айлы түнде. Аяр ең шошып аппақ самайымнан, Қайтейін, көремін де талайымнан. Түсер ед əжем ара тірі түрса, Жан ашыр табылмады ағайыннан. Басыма желек жауып, жер еткенше, Жат төсек… қыл көпірден мен өткенше, – Деп, – сендім əне жетер, міне жетер, Алады арашалап өжеттерше». Қайтейін осы болды заманымыз, Ойға алсам қабағымды қабады мұз. Болары болды, сіңді бояуы енді, Қылыштай тасқа шапқан тауанымыз. «Сүйгенге тілдей төсек тар болмайды, Көңілі жатты іздесе, жар да оңбайды». Дерсің бе жазғырып та мен бейбаққа? Дерсің бе: «көлеңке де жан болмайды? Жылаған жалғыз мен бе малға барып, Насырға, мен көнбесем, шабары анық. Өзіңді, өзімді де, өзгені де Дедім ғой: қор етпейін қанға малып. Морт кетер, морт кеткен соң, мерт кетер деп, Жақсылық жоқ, жамалар дертке дерт тек, Шұқырда, Шотта сəті түскенімен, Таймықтым жүздесуден бетпе-бет кеп. Жұлқынып, сабыласың, сарыласың, Жұлынған аяп гүлді не ғыласың?! Қызықпас, қасқыр тартса, арыстан да, Несіне жат сарқытын сағынасың?! Қопарма махаббаттың қоламтасын, Қалайша құлағанға қол артасың?! Əлпештеп əнге қосқан Хорланыңды Онда елдің, зердесінен жоғалтасың… Бақытты кепсінбеші ондай маған! Сен өйтсең, сөнбесем де, оңбай қалам. Өзіңді сақта, жаным, елің үшін, Мен үшін бұдан əрі болмай алаң. Көңліңді желпісінші сал-серілік, Бой бекіт, босамашы борша егіліп. Сағыңды сындырмашы күншілдерге Жылайтын тірі жүрсең, өлсең күліп. Тілеймін: тұнығыңды лайлама, Шиырды шиырлама шыр айнала. Айырсын, бізді айырса, ажал ғана; Айырсын, бізді айырса, Құдай ғана! Қоса алмай қызығыма қызығыңды, Қайтейін əнім шерлі, жүзім мұңлы, Суынбай, сəулемді естіп сүйем десек, Сусытпа саусағыңнан жүзігімді. Ес-дертің менде болып ағынарсың, Екі елі айырылмастай жанымдасың. Ырзамын екі бірдей дүниеде, Алдыңнан Аллам өзі жарылқасын…"},{"id":"content0:24","kind":"heading","text":"Əн «Хорлан»"},{"id":"content0:25","kind":"paragraph","text":"Сырт көзге «сыры мəлім шамалылар» Сілкінсе бір сəт құдай болары бар. Əркімнің Қобыланды болып бір күн, Алатын Қазаны бар – қамалы бар. Біледі-ау, өнерпаздар өз бағасын – Іркілмей айта алады наз, наласын. Мың оғын мүлт жіберсе, мəу демейді, Бірегей қастерлейді азғанасын. Төменде кезіксе де күнде ұядан, Дəрі емес мыңдап өрсе қырғи оған. Тізесін тасқа іретіп, құзға өрмелеп, Ұстайды тас түлекті бір қиядан. Тереңге тауфих тұтпай мың сүңгуін, Теңіздін сүзгенінше бір інжуін, Елден ол жасырмайды «иттей болып», Жанын жеп, туңілуін, күмілжуін. Əн ғана – есіркеуші, жұбанышы, Əн ғана – қолдан соғар қуанышы. Тағдырға əнмен алғыс айтпақшы ол Хорлан қыз жер бетінде туғаны үшін. Назды үн құлағына күбірлейді: «Тірімін, дүниеде кіммін мейлі, Қолыңнан енді қайта алынбайтын Тот баспас жүзігімдей бірмін!» – дейді. «Дауысы талмай кетер жеті қырдан, Бірі бар, кімге керек екі Біржан, – Деп еді-ау Ақан аға, – сен өзің бол, Жеткізе шындауыңды, жетіп қырлан. Іздеді бірегейін толқып қатты, Сарын бір жан сарайын солқылдатты. Өзіне сыны оқшау, тəтті толғақ Шым-шымдап жүрек қылын шертіп бақты. Талай ай жапан түзде ат үстінде, Түсінде қоналқада толқындатты. Айтпаған əлі күнге қазақ ұлы Əуеннің құпиядай кілтін тапты. Күн шығып, күмəн-тұман сөгілгендей, Сау етіп мөлдір бұлақ төгілгендей, Арам тер құм күретіп ширек ғасыр, Қазына жер астынан көрінгендей. Сүйсінер сөз айтады сүйіп жүрек, Жадырап бүгін Естай күлді түлеп. Үйінде Сəт ағаның қонып жатып, Жаңа бір əн шырқады бірінші рет. Талмаурап сызылады тартымды үні, Жүректі шымшылайды жарқын мұңы. Ұйытып уысынан шығармайды, Жаныңа құйылғандай жалқын нұры. «Бір қыз бар Маралдыда Хорланғайын, Мағырұп берген екен күн мен айын. Мұратқа іздеген жан бəрі-ау жетпес, Дариға, арманым көп неғылайын?» Бастауы – тамылжуы, балбырауы. Дүрілдеп соққанынша дауыл əлі, Емініп, еміреніп «Енді не?» деп, Тыңдаушы қайырманы сағынады. «Ахау жалған, Хұсни, Хорлан! Екі бағлан, Екеуі туған екен бір анадан. Жігіттер қалма қапы бұл жалғаннан, Жігіттің арманы не сүйгенді алған! Сірə сіздей жан тумас, Туса, туар артылмас! Бұл ғаламды шарықтап, О, дариға, лəуліктас Бағдат, Мысыр, Шынмашын, Іздесем Хорлан табылмас!..» Он екі шыңнан асып барып əрі, Жанар тау ақтарғандай – налығаны. Кетесің Естай болып, ес жия алмай, Əншімен жаның бірге ауырады. «Іздесем Хорлан…» бұл түс үздіктіріп, Үзеді… сергіп көңіл, сауығады. Құша алмай қолы жетпей қалқашына, Қапы ұрған ғашықтықтың арқасында, Бір інжу баға жетпес көрік болып, Қосылды қазақы өнер алқасына. Əн «Хорлан» – кемел талант əні дер ем! Дүниеге келді солай зарыменен. Бұлбұлдар қағып алды жаңа сазды, Сырғадай қағып алды қайың, емен… Есағаң ұмытқандай көңіл дертін, Жайдары жымияды бүгін еркін. Жүзігін сипайды ақ орамалмен, Пендеге айта алмайтын сырын шертіп: «Білмеймін оңалам ба, зорығам ба? Төзбестей тұла бойым долы қанға. Хорланнан мені айыру, кешір, Аллам, Келмейді енді сенің қолыңнан да! Біржола айырылсам да қыз Хорланнан, Өзгеден көлеңкесін қызғанғаннан, Сақтаймын гүл қалпында жүрегімде, Сақтаймын суық сөзден, ызғар қолдан…» Жамиғат сыймайды үйге бүгін тағы, Сері Естай серпілтеді, құйылтады. Алпыстар алыс күннің арбауында, Сексендер сілекейін шұбыртады. Жаңа əнде жан құштары жалқын қандай, Жиырмалар байыз таппас шарпылғандай. Жарқырап ай астында алтын маңдай, Жастық шақ «ақ сүйекке» шақырғандай. Жылыстай бір ауылдан бір ауылға, Туыстай бауыр басып мың қауымға, Əн «Хорлан» аттанды алыс сапарына Əркімнің нəр-нақышпен жырлауында."}],"toc":[{"id":"content0:0:1","label":"МҰЗАФАР ƏЛІМБАЕВ ЕСТАЙ – ҚОРЛАН","page":1,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6#reader-content"},{"id":"content0:1:1","label":"ЕСТАЙ – ҚОРЛАН","page":1,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6#reader-content"},{"id":"content0:2:1","label":"МҰЗАФАР ƏЛІМБАЕВ","page":1,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6#reader-content"},{"id":"content0:3:1","label":"(1923 жылы туған)","page":1,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6#reader-content"},{"id":"content0:4:1","label":"Кілт","page":1,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6#reader-content"},{"id":"content0:6:1","label":"Сергелдеңнің сеңінде","page":1,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6#reader-content"},{"id":"content0:8:1","label":"Бата алған бала","page":1,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6#reader-content"},{"id":"content0:10:2","label":"Той үстінде","page":2,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=2#reader-content"},{"id":"content0:12:2","label":"«Бір мысқал»","page":2,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=2#reader-content"},{"id":"content0:14:3","label":"Уəде","page":3,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=3#reader-content"},{"id":"content0:16:3","label":"Сүйіндірген ұзағынан","page":3,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=3#reader-content"},{"id":"content0:18:4","label":"Зордың сөзі – сордың көзі","page":4,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=4#reader-content"},{"id":"content0:20:4","label":"Арманның аты арымас","page":4,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=4#reader-content"},{"id":"content0:22:5","label":"Хорланның зары","page":5,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=5#reader-content"},{"id":"content0:24:5","label":"Əн «Хорлан»","page":5,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=5#reader-content"},{"id":"content0:26:6","label":"Жүзік","page":6,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=6#reader-content"}]},"similarBooks":[{"idCatalog":761289,"shortId":"4232LuKZ","title":"Илиада","authorLine":"Гомер, Викентий Викентьевич Вересаев","primaryAuthorId":"f42e8550-2a81-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/2a2124c6-0958-11e4-824d-0025905a06ea/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4232LuKZ"},{"idCatalog":78625,"shortId":"1LtjuwaR","title":"Цветы Зла (сборник)","authorLine":"Шарль Бодлер, Адриан Ламбле","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4079cc34-7671-11e2-ad35-002590591ed2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/1LtjuwaR"},{"idCatalog":316488,"shortId":"4RiRuZeM","title":"Рубайат","authorLine":"Омар Хайям, Герман Борисович Плисецкий, Осип Борисович Румер","primaryAuthorId":"9c9cc15e-2a82-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/0052ad3f-1b3a-11ea-a705-0cc47a520474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4RiRuZeM"},{"idCatalog":334893,"shortId":"4BOV9WJv","title":"Цветы Зла","authorLine":"Шарль Бодлер, Эжен Десизи, Антуан Жорж Рошгросс, Владимир Александрович Дроздков, Вадим Габриэлевич Шершеневич","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/55d8d681-7fef-11ea-9c12-0cc47a5f3f85/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4BOV9WJv"},{"idCatalog":579613,"shortId":"0pjF0ctv","title":"Наука любви","authorLine":"Коллектив авторов, Публий Овидий Назон","primaryAuthorId":"9980df13-0ec7-11e4-824d-0025905a06ea","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/df61370c-19b1-11ef-8496-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/0pjF0ctv"},{"idCatalog":608453,"shortId":"08sa2sZn","title":"Паломничество Чайльд-Гарольда","authorLine":"Джордж Гордон Байрон, Вильгельм Вениаминович Левик","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4382eaac-95e0-11ef-8ce3-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/08sa2sZn"},{"idCatalog":145661,"shortId":"3wGYlWxL","title":"В тихой ночи. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, В. В. Камедин, БОМБОРА, Маттиас Маттис, Н. В. Мордвичева","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/ce4db91f-aa37-11e6-9c73-0cc47a1952f2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3wGYlWxL"},{"idCatalog":427617,"shortId":"26ljeg7H","title":"Освобожденный Иерусалим","authorLine":"Селестен Нантёйль, Анри Барон, Антонио Темпеста, Давид Тенирс, Торквато Тассо, Роман Михайлович Дубровкин","primaryAuthorId":"f2b40986-deaf-11ee-8496-0cc47af30fe4","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/a2afa5a8-48fc-11ec-ab26-441ea1508474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/26ljeg7H"},{"idCatalog":502164,"shortId":"3moDg3WA","title":"Сто. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, Сергей Табуцадзе, Дэн Зозуля, БОМБОРА","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/cab4c310-c713-11ed-903e-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3moDg3WA"},{"idCatalog":112966,"shortId":"2AFIbRds","title":"Манфред","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/16a1ed66-b785-501d-a67d-ff52657078ff/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/2AFIbRds"},{"idCatalog":117436,"shortId":"3uQtydkU","title":"Гитанджали","authorLine":"Н. А. Пушечников, А. Г. Ткаченко, Рабиндранат Тагор","primaryAuthorId":"1229569f-7b42-5de5-a6f6-317237044d0b","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/69c138c9-41a2-5871-989c-452ef0702d37/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3uQtydkU"},{"idCatalog":112962,"shortId":"4ff7yP0y","title":"Корсар","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/40f11661-7d7f-51d8-83ed-66f3e55de635/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4ff7yP0y"}],"similarBooksPagination":{"page":1,"pageSize":12,"totalItems":179,"totalPages":15,"hasPrev":false,"hasNext":true}},"notFound":false}