Удобнее читать в приложении
AI-разбор доступен после входа
Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.
auto_awesomeПолучить AI-разборО книге
Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+
Читать онлайн
Страница 4 из 6Зордың сөзі – сордың көзі
Деседі туасы ақын – Асанқайғы, Ой-түрме, тұтқынынан босанбайды. Алдымен соған батып зар менен мұң, Алдымен сол мүскінді басар қайғы. Шебер-ақ зұлыматтар жылатуға, Аяқтан оқыс шалып құлатуға. Өзі елді жұбатам деп өксігенді Ол кезде кім табылсын жұбатуға?! Біржан сал білегіне арқан батқан, Оны да озбыр қауым жаутаңдатқан. Ұстаздың көресісін шəкіртіне Мирас қып өле-өлгенше арқалатқан. Үреді ит, ақын түгіл, пайғамбарға, Сонда да ақ жолынан тайған бар ма?! «Көңілдес қыз-перімен Ахан», – деп те, Тұтқындай күңіренткен байлап зарға «Əділдік жерде де жоқ, көкте де жоқ, Ендеше бұл өмірге өкпе де жоқ!» Депті ғой бір ағамыз күйінгеннен, Қазақтың қара тілі неткен өжет! …Ертістің шығыс қабақ іргесінде, Ежелгі Керекудің түрмесінде Күн көзін неше ай Естай көрмегелі, Бір пенде келген де жоқ тілдесуге. Қиялдың қуып ізін қай-қайдағы, Белгілі тұтқын пенде сарғаймағы. Ұмытты ол өзін-өзі, қала берген Жаудырап екі көзі жарды ойлады: «Сені ойлап, менің басыма төнді зар-қайғы, Сыйлаған өзің жүзіктей жүзім сарғайды. Бір сəтте міне лаулайды өртім ішімде, Лезде тағы үлгірем жаурап үсуге… Тəңірім менің, ілдірмей қойды көзімді, Көзімді ілсем, көрер ем түсте өзіңді! Тартса егер күңгірт, көк аспан мұнар жамылып Отыр ма деймін Хорланым солай қамығып. Хорлансыз ой жоқ, Хорлансыз той жоқ мен үшін Арманым-бақша… татсам-ау миуа жемісін. Жамбасын қарыды да сыздың зəрі, Аяғын қиды темір шынжыр тағы Өлтірсе өтірік үшін өкінбес ед, Батты ғой шындық үшін шыжғырғаны. Қайтқанда Маралдыдан, ат шалдырған Жолдағы ел, тосып алып қарсы алдынан, Көктөбе, Толыбайда, Тайшы өлгенде Ғұзыр боп, қонақ етіп, əн салдырған. Сөз емес мойны құшақ жер жырағы, Түрік кой тəуір əнге ел құлағы: Өзінен бүрын жетіп мерей-даңқы, «Бір мысқал» жол бойында сыңғырады. Өз бойын үйренсе де тарта, бағып, Көсілтті Есағам да арқаланып. Хорланы нақ қасында көзін сүзіп, Жан жарын қолдағандай арқа қағып. – Əніңнің сүйіншісі – ел алғысы, Бірақ та бар ғой қазақ жоралғысы, – Деп ырза үш ауыл үш ат мінгізді, Ақынның келмесе де мал алғысы. Ақкөлге жеткізуін қиынсынып, Тұрған соң алыпсатар пұл ұсынып, Базарға салғанында үш жылқыны, Шап берді пристав кеп, бұны қысып; – На коней справки надо брать! Ты, киргиз, настоящий канократ! Деді де, жөнелді айдап абақтыға, Кім оған хан базарда ара тұрад? Бес сомға сатып алып приставты, Баспалап баққан төре «ұры» ұстатты. Періште жылағанда пері күлер, Деді ол: – орнын ақын дұрыс тапты! – Шырмалған сұм дүние шатағына, Болар ма қайғы қамал қапалыға. Тар қолтық тақыр кедей не қылады Азуы алты қарыс аталыға?! Қалаға бір соққанда жолы түсіп, Əркіммен учитель Сəт жолығысып, Құлағы шалды таныс бір пəтерде Жатқанын жазықсыздың сорын құшып. Құрған кім жауыздықтың зəбір торын? Жазбай-ақ таныды Сəт залым қолын. Естайдың естіп-білді ту сыртында Көзі ашық, қолы жүйрік жаны жоғын. Құтқарып алды Естайды үш ауылдан Қаптатып куəлардың қалың тобын, Кетті үш ат бір чиновник көмейінде, Тəубемен байыды ғой кедей күнде. Құласы тиді əншімнің тақымына Соған шүкір… жолынан бөгейін бе?! Құба-құп Сəт ағадай тапса пана, Жасырмай сырын айтты жақсы ағаға: – Сəлем де үш қайтара Хорланжанға! Жар адал – жазбай серттен тосса ғана.. Жетермін – уəдемнен кешікпеспін, Сыртынан қамқор боп жүр, жат санама!
Арманның аты арымас
Сан түрлі жоғалтқанның жорамалы, Ойына талай тұспал оралады. Жориды жақсылыққа əр хабарды Дəменің құшағына оранады. Сонда деп естіген сон, Шотқа барды, Тағы да күйді көңіл – отта қалды. «Көрдік, – деп біреу айтты, – Мұхамеджан Омбыға айдап кетті топтап малды…» Қызғанып жауыз неме жас жұбайын, Зытқан ғой… Əнші бағын аш, құдайым! Кеш қалды – жəрмеңкесі кеткен тарап, Сөйтеді десе қырсық қас қылайын. Ізі жоқ, өзі түгіл Хорланының, Қарқабат қайта ақынды басты уайым. Жей-тұғын жол-жөнекей түскіліктей, Жүресің, жазға мəз боп, қысты күтпей. Пеш екеш əттең пеш те жылыта алмас, Пешенең қалтыратса үскіріктей. Айырылған сыңарынан қоңырқазым! Кеттің бе жазатайым болып жазым? Қайдасың, қалқатайым? Күн мен айдың Айтсаңшы кездескенше көбін-азын. Тірліктен тіледің бе жолды бөтен? Қара түн тас төбеңнен төнді ме екен? Шиедей қызғыл ернің бозғыл тартып, Жұлдызың жымың қақпай, сөнді ме екен. Сəулелі жарығынан қарасы көп Шошимын ойларымнан шарасыз боп… Өзімді-өзім түйреп, сілкілеймін: «Қияли ойға қалай барасың?» – деп. Жылынып жырақтан-ақ жүріп едім, Көгінен құлады ма күнім менің? Көрмей ме көптің көзі күн құласа? Опасыз, оңай қалай түңілгенің! Қияр ем қылышсыз-ақ қыршынымды, Ол ойдан жаным бір-ақ түршігулі. Мен кетсем… Іздеп тапса қыз тірі боп, Тағы да тигізем ғой қырсығымды. Орны жоқ жасықтарша еңіреудің, Қайғыға Мəжнүн құсап меңіреумін. Хорланым сау болсашы, мені қойшы – Құдайдан одан артық не тілермін. Əр қадам – қазылған ор… келем өтіп, Қажыдым өкінішті өлең етіп. Шаттықтың шалқар жырын төгер едім, Алдымнан шыға келсе, көлең етіп…– Шерлі ақын шытырман ой шырмауында Жылыстап ана ауылдан мына ауылға, Алысты азапсынбай тарта берді, Жоғынан сұрау салып мың қауымға. Арымас Тайбурылдай арыған аты. «Ақынның домбырасы – қолғанаты». Аралап кара Ертісті, Зайсан барды, Алдына дəмін тартты Арғанаты. Шықты ол Жетісудың тауына да, Түстенді Түрікстанның бауына да, Қаңтарда Қарқаралы қарын басты, Малшынды Қызылжарда жауынға да. Жалғанда айдай дара туған жалғыз, Қыз Хорлан – іздегені гүл Хорлан қыз. Есағаң қызды іздеді, жырды іздеді, Іңкəрі – бір арман жыр, бір арман қыз. Осылай өте берді, өте берді Тершең жаз, тұмаушаң қыс, жыларман күз..
Вам также может понравиться
{"page":{"canonicalUrl":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6","pageTitle":"Естай – Қорлан (Мұзафар Əлімбаев) — полный текст, краткое содержание, анализ и герои","metaDescription":"Полный текст книги «Естай – Қорлан». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","headingTitle":"«Естай – Қорлан». Читать бесплатно онлайн","headingSubtitle":"Мұзафар Əлімбаев","structuredData":[{"@context":"https://schema.org","@type":"BreadcrumbList","@id":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6#breadcrumb","itemListElement":[{"@type":"ListItem","position":1,"name":"BookRa","item":"https://bookra.app/"},{"@type":"ListItem","position":2,"name":"зарубежная поэзия","item":"https://bookra.app/genre/5213"},{"@type":"ListItem","position":3,"name":"Естай – Қорлан","item":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6"}]},{"@context":"https://schema.org","@type":"WebPage","@id":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6","url":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6","name":"«Естай – Қорлан». Читать бесплатно онлайн","description":"Полный текст книги «Естай – Қорлан». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","breadcrumb":{"@id":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6#breadcrumb"},"mainEntity":{"@id":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6#work"},"primaryImageOfPage":{"@type":"ImageObject","url":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/8d2dd0e0-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp"}},{"@context":"https://schema.org","@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6#work","name":"Естай – Қорлан","url":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6","description":"Полный текст книги «Естай – Қорлан». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","image":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/8d2dd0e0-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","inLanguage":"kk","genre":["зарубежная поэзия","стихи и поэзия"],"sameAs":["https://litres.ru/book/m-zafar-l-mbaev/estay-k-orlan-22579398/"],"author":[{"@type":"Person","@id":"https://bookra.app/author/8540b3eb-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e#person","name":"Мұзафар Əлімбаев","url":"https://bookra.app/author/8540b3eb-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e"}],"about":[{"@type":"Thing","name":"зарубежная поэзия"},{"@type":"Thing","name":"стихи и поэзия"},{"@type":"Thing","name":"чтение онлайн"},{"@type":"Thing","name":"саммари"},{"@type":"Thing","name":"AI-разбор"},{"@type":"Thing","name":"персонажи"},{"@type":"Thing","name":"цитаты"}],"workExample":{"@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6#edition","url":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6","bookFormat":"https://schema.org/EBook","inLanguage":"kk","sameAs":["https://litres.ru/book/m-zafar-l-mbaev/estay-k-orlan-22579398/"],"isAccessibleForFree":true,"potentialAction":{"@type":"ReadAction","name":"Читать бесплатно онлайн «Естай – Қорлан»","target":{"@type":"EntryPoint","urlTemplate":"https://bookra.app/books/2PdQbdX6","actionPlatform":["https://schema.org/DesktopWebPlatform"]},"expectsAcceptanceOf":{"@type":"Offer","category":"nologinrequired"}}}}],"book":{"idCatalog":763866,"shortId":"2PdQbdX6","title":"Естай – Қорлан","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/8d2dd0e0-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","annotationText":"","catalogType":"PUBLIC_DOMAIN","catalogTypeLabel":"Общественное достояние","authorLine":"Мұзафар Əлімбаев","authors":[{"id":"8540b3eb-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e","displayName":"Мұзафар Əлімбаев","protectedUrl":"/author/8540b3eb-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e","wikipediaUrl":null,"wikidataUrl":null}],"genres":[{"id":5213,"title":"зарубежная поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5213"},{"id":5267,"title":"стихи и поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5267"}],"keywords":[],"facts":[{"key":"dateWritten","label":"Дата написания","value":"1970-01-01"},{"key":"bookLanguage","label":"Язык книги","value":"kk"},{"key":"adult","label":"Возрастное ограничение","value":"12+"}],"seoSections":[],"authorSummary":null,"hasArtifacts":false,"canReadInApp":true,"readUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=r_763866","artifactsUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=b_763866","readCtaLabel":"Читать бесплатно","artifactsCtaLabel":"AI-разбор","appReadLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=r_763866","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=r_763866","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=r_763866","web":"https://web.bookra.app/?startapp=r_763866"},"appAnalysisLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=b_763866","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=b_763866","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=b_763866","web":"https://web.bookra.app/?startapp=b_763866"},"guestReaderUrl":"/books/2PdQbdX6?page=4#reader-content","authorCtaLabel":"Все книги автора","authorProtectedUrl":"/author/8540b3eb-d8c6-11e6-a862-0cc47a545a1e","readersCount":0,"adultLabel":"12+","yearLabel":null,"datePublished":null,"publisherLabel":null,"isbn":null,"oclc":null,"lccn":null,"partnerUrl":null,"accessNote":"Полный текст книги и AI-разбор откроются на защищенных страницах BookRa после входа."},"reader":{"page":4,"totalPages":6,"hasPrev":true,"hasNext":true,"prevPageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=3#reader-content","nextPageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=5#reader-content","progressLabel":"Страница 4 из 6","sections":[{"id":"content0:18","kind":"heading","text":"Зордың сөзі – сордың көзі"},{"id":"content0:19","kind":"paragraph","text":"Деседі туасы ақын – Асанқайғы, Ой-түрме, тұтқынынан босанбайды. Алдымен соған батып зар менен мұң, Алдымен сол мүскінді басар қайғы. Шебер-ақ зұлыматтар жылатуға, Аяқтан оқыс шалып құлатуға. Өзі елді жұбатам деп өксігенді Ол кезде кім табылсын жұбатуға?! Біржан сал білегіне арқан батқан, Оны да озбыр қауым жаутаңдатқан. Ұстаздың көресісін шəкіртіне Мирас қып өле-өлгенше арқалатқан. Үреді ит, ақын түгіл, пайғамбарға, Сонда да ақ жолынан тайған бар ма?! «Көңілдес қыз-перімен Ахан», – деп те, Тұтқындай күңіренткен байлап зарға «Əділдік жерде де жоқ, көкте де жоқ, Ендеше бұл өмірге өкпе де жоқ!» Депті ғой бір ағамыз күйінгеннен, Қазақтың қара тілі неткен өжет! …Ертістің шығыс қабақ іргесінде, Ежелгі Керекудің түрмесінде Күн көзін неше ай Естай көрмегелі, Бір пенде келген де жоқ тілдесуге. Қиялдың қуып ізін қай-қайдағы, Белгілі тұтқын пенде сарғаймағы. Ұмытты ол өзін-өзі, қала берген Жаудырап екі көзі жарды ойлады: «Сені ойлап, менің басыма төнді зар-қайғы, Сыйлаған өзің жүзіктей жүзім сарғайды. Бір сəтте міне лаулайды өртім ішімде, Лезде тағы үлгірем жаурап үсуге… Тəңірім менің, ілдірмей қойды көзімді, Көзімді ілсем, көрер ем түсте өзіңді! Тартса егер күңгірт, көк аспан мұнар жамылып Отыр ма деймін Хорланым солай қамығып. Хорлансыз ой жоқ, Хорлансыз той жоқ мен үшін Арманым-бақша… татсам-ау миуа жемісін. Жамбасын қарыды да сыздың зəрі, Аяғын қиды темір шынжыр тағы Өлтірсе өтірік үшін өкінбес ед, Батты ғой шындық үшін шыжғырғаны. Қайтқанда Маралдыдан, ат шалдырған Жолдағы ел, тосып алып қарсы алдынан, Көктөбе, Толыбайда, Тайшы өлгенде Ғұзыр боп, қонақ етіп, əн салдырған. Сөз емес мойны құшақ жер жырағы, Түрік кой тəуір əнге ел құлағы: Өзінен бүрын жетіп мерей-даңқы, «Бір мысқал» жол бойында сыңғырады. Өз бойын үйренсе де тарта, бағып, Көсілтті Есағам да арқаланып. Хорланы нақ қасында көзін сүзіп, Жан жарын қолдағандай арқа қағып. – Əніңнің сүйіншісі – ел алғысы, Бірақ та бар ғой қазақ жоралғысы, – Деп ырза үш ауыл үш ат мінгізді, Ақынның келмесе де мал алғысы. Ақкөлге жеткізуін қиынсынып, Тұрған соң алыпсатар пұл ұсынып, Базарға салғанында үш жылқыны, Шап берді пристав кеп, бұны қысып; – На коней справки надо брать! Ты, киргиз, настоящий канократ! Деді де, жөнелді айдап абақтыға, Кім оған хан базарда ара тұрад? Бес сомға сатып алып приставты, Баспалап баққан төре «ұры» ұстатты. Періште жылағанда пері күлер, Деді ол: – орнын ақын дұрыс тапты! – Шырмалған сұм дүние шатағына, Болар ма қайғы қамал қапалыға. Тар қолтық тақыр кедей не қылады Азуы алты қарыс аталыға?! Қалаға бір соққанда жолы түсіп, Əркіммен учитель Сəт жолығысып, Құлағы шалды таныс бір пəтерде Жатқанын жазықсыздың сорын құшып. Құрған кім жауыздықтың зəбір торын? Жазбай-ақ таныды Сəт залым қолын. Естайдың естіп-білді ту сыртында Көзі ашық, қолы жүйрік жаны жоғын. Құтқарып алды Естайды үш ауылдан Қаптатып куəлардың қалың тобын, Кетті үш ат бір чиновник көмейінде, Тəубемен байыды ғой кедей күнде. Құласы тиді əншімнің тақымына Соған шүкір… жолынан бөгейін бе?! Құба-құп Сəт ағадай тапса пана, Жасырмай сырын айтты жақсы ағаға: – Сəлем де үш қайтара Хорланжанға! Жар адал – жазбай серттен тосса ғана.. Жетермін – уəдемнен кешікпеспін, Сыртынан қамқор боп жүр, жат санама!"},{"id":"content0:20","kind":"heading","text":"Арманның аты арымас"},{"id":"content0:21","kind":"paragraph","text":"Сан түрлі жоғалтқанның жорамалы, Ойына талай тұспал оралады. Жориды жақсылыққа əр хабарды Дəменің құшағына оранады. Сонда деп естіген сон, Шотқа барды, Тағы да күйді көңіл – отта қалды. «Көрдік, – деп біреу айтты, – Мұхамеджан Омбыға айдап кетті топтап малды…» Қызғанып жауыз неме жас жұбайын, Зытқан ғой… Əнші бағын аш, құдайым! Кеш қалды – жəрмеңкесі кеткен тарап, Сөйтеді десе қырсық қас қылайын. Ізі жоқ, өзі түгіл Хорланының, Қарқабат қайта ақынды басты уайым. Жей-тұғын жол-жөнекей түскіліктей, Жүресің, жазға мəз боп, қысты күтпей. Пеш екеш əттең пеш те жылыта алмас, Пешенең қалтыратса үскіріктей. Айырылған сыңарынан қоңырқазым! Кеттің бе жазатайым болып жазым? Қайдасың, қалқатайым? Күн мен айдың Айтсаңшы кездескенше көбін-азын. Тірліктен тіледің бе жолды бөтен? Қара түн тас төбеңнен төнді ме екен? Шиедей қызғыл ернің бозғыл тартып, Жұлдызың жымың қақпай, сөнді ме екен. Сəулелі жарығынан қарасы көп Шошимын ойларымнан шарасыз боп… Өзімді-өзім түйреп, сілкілеймін: «Қияли ойға қалай барасың?» – деп. Жылынып жырақтан-ақ жүріп едім, Көгінен құлады ма күнім менің? Көрмей ме көптің көзі күн құласа? Опасыз, оңай қалай түңілгенің! Қияр ем қылышсыз-ақ қыршынымды, Ол ойдан жаным бір-ақ түршігулі. Мен кетсем… Іздеп тапса қыз тірі боп, Тағы да тигізем ғой қырсығымды. Орны жоқ жасықтарша еңіреудің, Қайғыға Мəжнүн құсап меңіреумін. Хорланым сау болсашы, мені қойшы – Құдайдан одан артық не тілермін. Əр қадам – қазылған ор… келем өтіп, Қажыдым өкінішті өлең етіп. Шаттықтың шалқар жырын төгер едім, Алдымнан шыға келсе, көлең етіп…– Шерлі ақын шытырман ой шырмауында Жылыстап ана ауылдан мына ауылға, Алысты азапсынбай тарта берді, Жоғынан сұрау салып мың қауымға. Арымас Тайбурылдай арыған аты. «Ақынның домбырасы – қолғанаты». Аралап кара Ертісті, Зайсан барды, Алдына дəмін тартты Арғанаты. Шықты ол Жетісудың тауына да, Түстенді Түрікстанның бауына да, Қаңтарда Қарқаралы қарын басты, Малшынды Қызылжарда жауынға да. Жалғанда айдай дара туған жалғыз, Қыз Хорлан – іздегені гүл Хорлан қыз. Есағаң қызды іздеді, жырды іздеді, Іңкəрі – бір арман жыр, бір арман қыз. Осылай өте берді, өте берді Тершең жаз, тұмаушаң қыс, жыларман күз.."}],"toc":[{"id":"content0:0:1","label":"МҰЗАФАР ƏЛІМБАЕВ ЕСТАЙ – ҚОРЛАН","page":1,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6#reader-content"},{"id":"content0:1:1","label":"ЕСТАЙ – ҚОРЛАН","page":1,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6#reader-content"},{"id":"content0:2:1","label":"МҰЗАФАР ƏЛІМБАЕВ","page":1,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6#reader-content"},{"id":"content0:3:1","label":"(1923 жылы туған)","page":1,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6#reader-content"},{"id":"content0:4:1","label":"Кілт","page":1,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6#reader-content"},{"id":"content0:6:1","label":"Сергелдеңнің сеңінде","page":1,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6#reader-content"},{"id":"content0:8:1","label":"Бата алған бала","page":1,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6#reader-content"},{"id":"content0:10:2","label":"Той үстінде","page":2,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=2#reader-content"},{"id":"content0:12:2","label":"«Бір мысқал»","page":2,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=2#reader-content"},{"id":"content0:14:3","label":"Уəде","page":3,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=3#reader-content"},{"id":"content0:16:3","label":"Сүйіндірген ұзағынан","page":3,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=3#reader-content"},{"id":"content0:18:4","label":"Зордың сөзі – сордың көзі","page":4,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=4#reader-content"},{"id":"content0:20:4","label":"Арманның аты арымас","page":4,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=4#reader-content"},{"id":"content0:22:5","label":"Хорланның зары","page":5,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=5#reader-content"},{"id":"content0:24:5","label":"Əн «Хорлан»","page":5,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=5#reader-content"},{"id":"content0:26:6","label":"Жүзік","page":6,"pageUrl":"/books/2PdQbdX6?page=6#reader-content"}]},"similarBooks":[{"idCatalog":761289,"shortId":"4232LuKZ","title":"Илиада","authorLine":"Гомер, Викентий Викентьевич Вересаев","primaryAuthorId":"f42e8550-2a81-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/2a2124c6-0958-11e4-824d-0025905a06ea/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4232LuKZ"},{"idCatalog":78625,"shortId":"1LtjuwaR","title":"Цветы Зла (сборник)","authorLine":"Шарль Бодлер, Адриан Ламбле","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4079cc34-7671-11e2-ad35-002590591ed2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/1LtjuwaR"},{"idCatalog":316488,"shortId":"4RiRuZeM","title":"Рубайат","authorLine":"Омар Хайям, Герман Борисович Плисецкий, Осип Борисович Румер","primaryAuthorId":"9c9cc15e-2a82-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/0052ad3f-1b3a-11ea-a705-0cc47a520474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4RiRuZeM"},{"idCatalog":334893,"shortId":"4BOV9WJv","title":"Цветы Зла","authorLine":"Шарль Бодлер, Эжен Десизи, Антуан Жорж Рошгросс, Владимир Александрович Дроздков, Вадим Габриэлевич Шершеневич","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/55d8d681-7fef-11ea-9c12-0cc47a5f3f85/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4BOV9WJv"},{"idCatalog":579613,"shortId":"0pjF0ctv","title":"Наука любви","authorLine":"Коллектив авторов, Публий Овидий Назон","primaryAuthorId":"9980df13-0ec7-11e4-824d-0025905a06ea","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/df61370c-19b1-11ef-8496-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/0pjF0ctv"},{"idCatalog":608453,"shortId":"08sa2sZn","title":"Паломничество Чайльд-Гарольда","authorLine":"Джордж Гордон Байрон, Вильгельм Вениаминович Левик","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4382eaac-95e0-11ef-8ce3-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/08sa2sZn"},{"idCatalog":145661,"shortId":"3wGYlWxL","title":"В тихой ночи. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, В. В. Камедин, БОМБОРА, Маттиас Маттис, Н. В. Мордвичева","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/ce4db91f-aa37-11e6-9c73-0cc47a1952f2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3wGYlWxL"},{"idCatalog":427617,"shortId":"26ljeg7H","title":"Освобожденный Иерусалим","authorLine":"Селестен Нантёйль, Анри Барон, Антонио Темпеста, Давид Тенирс, Торквато Тассо, Роман Михайлович Дубровкин","primaryAuthorId":"f2b40986-deaf-11ee-8496-0cc47af30fe4","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/a2afa5a8-48fc-11ec-ab26-441ea1508474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/26ljeg7H"},{"idCatalog":502164,"shortId":"3moDg3WA","title":"Сто. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, Сергей Табуцадзе, Дэн Зозуля, БОМБОРА","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/cab4c310-c713-11ed-903e-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3moDg3WA"},{"idCatalog":112966,"shortId":"2AFIbRds","title":"Манфред","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/16a1ed66-b785-501d-a67d-ff52657078ff/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/2AFIbRds"},{"idCatalog":117436,"shortId":"3uQtydkU","title":"Гитанджали","authorLine":"Н. А. Пушечников, А. Г. Ткаченко, Рабиндранат Тагор","primaryAuthorId":"1229569f-7b42-5de5-a6f6-317237044d0b","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/69c138c9-41a2-5871-989c-452ef0702d37/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3uQtydkU"},{"idCatalog":112962,"shortId":"4ff7yP0y","title":"Корсар","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/40f11661-7d7f-51d8-83ed-66f3e55de635/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4ff7yP0y"}],"similarBooksPagination":{"page":1,"pageSize":12,"totalItems":179,"totalPages":15,"hasPrev":false,"hasNext":true}},"notFound":false}