Загрузка...

AI-разбор доступен после входа

Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.

auto_awesomeПолучить AI-разбор

О книге

Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+

Читать онлайн

Страница 3 из 6

Уəде

Үздігіп, қалқашыммен жалғасудың, Сарыла сəтін күтсең жолғасудың, Күн неге ұзақ ақын қиялындай, Жолындай неге ұзын арна судың?! Сырт көзден тасаланып барып тысқа, Жас жігіт лəззаттана жары құшса, Қарлығаш қанатының қияғындай Айсыз түн неге келте, таңы қысқа?! Білсек те, түн қадірін білмесек те, Түн аты, – күндіз емес – түн десек те, Махаббат – түнекте де күн сияқты: Ғашықтар, түнді ендеше күнге есепте, Олардың біз білмейтін сыры бар ма? Сүйсін де сүп-сүйкімді «ұрыларға», Алсаң, ал алтын күнін, ғашықтардың Тілінен бал татысар түнін алма… Япырм-ау, күн батты ма, батпады ма, Сарғайып, серім соны бақпады ма?! Күн бойы созды өңешін айтып өлең, «Сездірмей» тыпыршуын жат қауымға. Табаны тимей жерге, аптықса да, «Сабырлы» жан жоқ одан топта мына! «Уһ!» – деді көл жақ беттен көзі шалып, Алауын алты бақан жаққанында. Өзіне əр заманның салты жағар, Жастарды магниттей тартып алар: Қаракөк кең күмбездің ортасында Секілді алтыбақан алтын арал. (Көрген ек шет жағасын өзіміз де Келмей ме бүгіннің де шартына дəл?! «Ескі» деп өзеурейтін ессізді қой, Төрелік тілегенің, халқыңа бар). Жастарға ерік тиді бүгін бір түн, Шерте алса жарар еді сырын шіркін! Серіні ертіп келіп Қожахмет, деді-ау: «Шіріктенбе, гүліңе ұмтыл!» Үйіріп маңайына ылғи елді, Думанды дуылдатар қырғи еді. Естай тұр ойға батып оқшауырақ, Сілкінбей, сыртқа қарай сырғи берді. Қушекеш Қожахмет осындайда, Көшірді топты түгел тосын жайға: Лақтырды ақ сүйекті айдалаға, Бет-бетке іздеушілер жосылмай ма?! Алтыбақан басыра тиді бықпырт: Кетті топ тарап-тарап, тынды жым-жыр, Қалың ши… күбір-күбір… сыбыр-сыбыр… Ай – жеңге ақ сəулесін құйды күңгірт. Алқынын баса алмай тұр ақын байғұс. Бұтаға манағы айтқан жақын қай тұс? Атты жау қаптағандай жүрек дүрс-дүрс, Жақында, жақындай түс, жақындай түс! Алса да сау басына жаза тілеп, Досы үшін тайсақтар ма Қожахмет?! Жетелеп алып жетті Хорлан қызды: Əумин, қабыл болғай таза тілек!.. …Міне үнсіз Хорланы тұр оң жағында, Құрысын бүйтіп ақын болғаны да! Жақ ашпай жапырақтай қалтырайды, Тəңірім тілін байлап, қорлады ма? «Жақындасам, қорқамын жанам ба? – деп Алыстасам, аязда қалам ба? – деп, Аллама, жалбарынам күні-түні, Ұмсынсам, оң сапарым болар ма? деп…» Бірі жоқ əлгі сөздің – жаттағанның, Білмеді алға қалай аттағанын. Естай: Өзіңе көрімдігім «Бірмысқалым», Ағаңның кешір басқа таппағанын. Хорлан: – Тыныш ем тымық көлдей – толқып кеттім, Сабырлы ем – өзегімді өрт қып кеттің. Ескексіз қайық мінген жас балаша, Есітіп өлеңіңді, қорқып кеттім… Серінің кеудесіне басын сүйеп, «Құдайым менің қашан жасымды иед? – Дегендей өксіп-өксіп егілді қыз, – Қай күні ғашық жүрек ашық сүйед?!..» Өрт құшақ… бастан кешкен өзіміздің, Бұндайда қауқары не сөзіңіздің?! Ақынның сипап тауып ат жоқ қолын, Кигізді алтын жүзік өзі қыздың. Шыдатар жалын жастық буы нағып? Отты ағын бойды құлап шымыранып, Хорланы құшағында Естай сері Кетер ме балауыздай бүгін ағып! Жалғыз түн – жазылған түн маңдайына, Бұйырды тілдің балы таңдайына. Тырп етпес, төнсе қылыш төбесінен, Қарамас келер күннің қандайына. Естай: – Қол қысқа… тосыламын… нағылайын? Уəде – келер жылғы мамыр айы! Хорлан: – Ақ тілеу… Алла оңғарсын жолымызды! Мен-дағы осы орыннан табылайын. Жабысып көк шалғынға боз жамаудай, Жатқанын бір жауырын қозғала алмай… Қыз-жігіт шала аңдады… алаңдады Көркіне бір-бірінін, көз қана алмай. Көңіл мас, көз жұмулы бұл шағынан Айырған əзəзілге ұсады таң. Айырылған аспанынан ай сияқты Сытылып Хорлан шықты құшағынан. Жігіттің жүрегі ұрды аласұра; Көз – айна, қалды сурет шарасында: Жамылған қара шапан ақ көйлек қыз – Шомылған аққу құстай қара суға.

Сүйіндірген ұзағынан

Шалынбай, ораштып, ел көзіне, Жып берді қонақ үйге ол тезінен. Ақ төсек… Маралдының айдынындай Рақатпен сүңгіп кетті көл – сезімге. Сұқтанып жүзігіне қарай берген Серінің сөз берейік енді өзіне: – Айырылдым, асау жүрек тізгініннен: Бір күнің артық, екен жүз күніңнен. Ант етіп жар болуға қияметтік, Тақтым-ау махаббаттың, жүзігін мен! Кім білген махаббаттың мұндайлығын, Жүр екен атпай таңым, тумай күнім. Сазымды тұңғиықтан тартып терең, Сыңғырлап шыға келді сырнайлы үнім. Жұлдыздар патшалығын жаулап алып, Бақытты бауырымдай баурап алып, Мен келем, бар дүние, көз сал маған, Қуаныш – өзен жатыр таудан ағып. Бақыттың тиген менің сыбағама, Парықсыз мыңнан бірін ұға ала ма?! Бақташы ем кеше түнде төсегімде Патша боп, мен сияқты, шыға ала ма?! Талпынған өрге кеше ала таңмен, Сары үрпек, көк қанатты балапан ем. Бүгін мен тау қыранмын, құсбегім бар Сипайтын нұрдан жұмсақ алақанмен. Қымсынып, қуаныштан қызады қан. Құдайым, сүйіндірген ұзағынан. Сақтай гөр (ақын біткен ырымшыл ғой) Сұқ көз бен суық тілдің тұзағынан. Жас отау басымызға бақ қонсыншы Лайым, дос сүйсініп, жат көрсінші: Кіршіксіз мына жүзік алтынындай Біздің де сүюіміз пəк болсыншы!

Страница 3 из 6

Вам также может понравиться

Страница 1 из 15

Назад1215Далее