Загрузка...

AI-разбор доступен после входа

Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.

auto_awesomeПолучить AI-разбор

О книге

Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+

Читать онлайн

Страница 2 из 6

Той үстінде

Дуылдап Маралдының атырабы, Бір қыздың тойы болып жатыр əлі. Таянған таяғына сырт буын да, Ұйықтамай, таңды көзбен атырады. Маралды – қара жолдан жырақ мекен, Сірə да бүгінгідей дулап па екен?! Ұзатқан жалғыз қызын желпінді бай, «Кемсітіп кетпесін, – деп, – сынап бөтен». Мүшеден дəмесіз де, дəмелі де, Осында ой елі де, тау елі де: Сүйіндік, Апай-бөрі, Қозған-қақсал, Қыпшақ пен Бұқа күбір, Сəмегі де… Осында обаған көз обыры да, Осында жегін өгіз момыны да, Осында бір тойынып кетейін деп, Келіпті кедей-кепшік шоғыры да… Аталы аруақты туысынан, Шығармай Ертіс бойын уысынан, Бұла өскен жастайынан Қауан төре Сөзі ірі, жүрісі паң, күлісі пақ. Ұстаған ислам туын жастан қолға, Түрікте – төрт жыл оқып Стамболда, Бітірген Аясопы дəрреəлфунун, Дəмолла, қазақша айтсақ асқан молла. Ұмтылған омыраулап төс пен өрге, Ешкімге бойы үйренген дес бермеуге Ішінен жымыңдайды: «қалған қазақ, Ырза бол ілбіп-сілбіп көшке ергенге. Əкіммін атым мəлім алты алашқа, Қолымды қағамын деп анталаспа, Жағама жармасар ма жайын білген, Түсерсің, жасық біткен, жанталасқа!» Төрт түлік жонға сыймай малы мұның, Асып тұр жалпақ елден бағы бүгін. Берген соң қырық жеті қырқа матап, Алғалы келді айттырған қалыңдығын. Тойға кеп салқар көшпен он пəуеске, Асырған салтанатын сол емес пе?! Əншісін, палуанын, мешкейін де, Жүйрігін… – түгел əкеп салды егеске. Елінен өзге бір де əнші ұнамай, Естайды ертті алғыр – қаршығадай, – Жоқтайтын өз намысын Маралды елі Əн мен жыр бəйгісінде болсын абай. «Қасымнан бір адым да шықпа» – деді «Бұл жолы барыңды сал, мықта!» – деді. Ұстаған шыжымымен қол құсындай, Иемдеп, төре сөзін нықтап еді. Қауакең намысына келген қызып, Əншісін сайратқанын көрген қызық. «Кербаланың шөлі» мен «Сал-сал», «Зарқұм»… Естай да көп қиссаны берген тізіп. «Күйеуі пайғамбардың Əлі дей ме, Исламның кəуірлерге кəрі дей ме, Болғанда ақыр заман, тақыр заман, Шығады жер астынан Мəді дей ме? …Төресі ұзатпады маңайынан, Қара тер саулап ақты самайынан. Бір сұрақ өз жауабын таба алмайды: «Иегін қақса төре, қалай ығам?..» Бір мезет Қожа досы кіріп шықты, Естайдың омалғанын біліп шықты. Сол айтқан сұлу қайда? Көрер қашан? Соны ақсап бір көргенше сері ынтықты. Əншісі төре сөзін қайтармайды, Майысып, қол пернеде майпаңдайды. Жатқанмен бір қынжылыс түкпірінде, Бұйырса, «айтпаймын» деп, айта алмайды. Ширығып алған Естай дене қызып, Аузы айтып, ойы өзгеде – елегізіп, Төренің, сопымсыңған белбеуінен Табам деп отыр екен неме қызық?! «Баянсыз бұл фəниде жиған байлық, Түбінде, уа мұсылман, иман – байлық. Құдайға құлшылық қыл тірлігіңде, Жұмаққа жұмыр басың сыйғандай ғып. Бай да жоқ, кедей де жоқ, кəрі мен жас, Бар миллəт бір пиғылдас, дін қарындас…» Төренің əнсымағы, уағызы Осылай щұбай берді бір сарындас. Біреулер есік жақта жымыңдайды, – Мырзаның əндері! – деп сыбырлайды. Құдалар бас шұлғиды «Бəрекелді!» Бір ыза серімізді сығымдайды…

«Бір мысқал»

Десек те ет жүректің емшісі – сөз, Əзелден махаббаттың елшісі – көз. Екеуді тілсіз баурап, үнсіз жалғап, Алуға асықтырар еншісін тез. Бір көз бар оқтай сұғын қадағаны, Бір көз бар жанды рақат жаралауы. Бір көз бар тозған мөрдей тартымы жоқ, Құрысын, құлқы құрып, қарағаны. Сыймайды кілең жастар ақ отауға Қызықтап, ойын-сауық қалағаны. Осында Естайдың да сырттан естіп, Елеңдеп, періштеге балағаны. Екі бай Сұңқар – Сұлтан ағайынды Қыздарын ұлдарына балай білді. Апалы-сіңлілі қыз – Хұсни, Хорлан Көркімен тамсандырған талайыңды. Бүгін де сол екеуі – тойдың көркі. Кетердей мықтымсынған сойдың еркі. (Есағам айтып еді, он жетімде Өзім де есеңгіреп көрдім елтіп). Алайда, арпа ішінде жалғыз бидай, Хорлан қыз-қыз ішінде жалғыз құдай. Зылиха, Құртқа, Жібек… қиял шығар, Бұл ерке бар сұлудың жалғызындай. Мөп-мөлдір жаңбыр шайған қарақаттай, Қара көз қалай сені қалар тартпай?! Алдында қымсынарсың, қысыларсың, Өзіңнен-өзің терлеп, сая таппай. Теңесер жан табылмас жалпақ елден: Аппақ жүз – қызыл арай таңнан өрген. Екі ұшы екі беттің – қызыл алма Ақ қарға шала батқан ортан белден. Маңғаз қыз – Маралдының ақ маралы, Кердеңдеп алдында кім мақтанады?! Ішінде соны көрген арулардың Қызғаныш қып-қызыл боп шоқтанады. Иіндер өзі түсіп, елбірейіп, Табанға өзі барып тапталады. Адуын, омыраулы салдардық да Сол Хорлан сескенері, сақтанары. Басына Хорлан киген кəмшат бөрік Сүйгендей ақ маңдайын аңсап келіп. Сол бөрік талайлы екен сан жігіттен Сабылған Маралдыда самсап өріп. Қыпша бел… қамар белбеу құшақтап тұр… Бойыңды, шыда, жігіт, алса желік. Бейіште хордың қызы күндегендей Пендеге бітеді екен сонша көрік?! Хорлан – от, ынтызарлар көбелектей, Ұшады отқа қарай ебелектей. Шықпайды төңіректеп, төңкеріліп, Өзгеге одан өзге тілек етпей. Шұбыртып сілекейін шекеріне, Жігерден жұрдай болар жетелі де. Тəлкек қып тəркіжиһан сопыны да Нəпсінің байлап берер жетегіне. «Тоқал деп тоқты-торым қатын алдым, Мал беріп, – дейді төре, – сатып алдым. Мосқал жас мойытты ғой… əйтпегенде Хорлан да менікі еді… қапы қалдым». Сұлуға сұмырайлар сұқтанғыш-ақ Жаяды, өліп-өшіп, сырттан құшақ. Өткір сөз, салқын қабақ, паң мінезбен Талайын Хорлан өзі шыққан «тұсап». Байлаулы, əттең, Хорлан бала құстай, Шерменде ала жаздай, ала қыстай. Жері бар атастырған… бір қырқылжың Қағар ма көгілдірді қара құстай?.. Бейнелеп айтқан Қожа затын өстіп, Ақыным армандаған – атын естіп. Іздеп-ақ табар еді келген күні, Байлады ұзақ күнді əкім кеш қып. Қыз-қырқын жанай өтсе қасымыздан, Ақ қырау сескенгендей шашымыздан, Салмайды көз қиығын бүгін бізге, Біз «сорлы» сондай-ақ бір жасымыздан! Бақпақтың жел сілкіген ұлпасындай Жас дəурен бір-бір ұшты-ау басымыздан! Болған ғой жігіттердің не ардағы Көңілі бір қалмаған асыл қыздан! Бəйгісі бақастықтық қызған шақта Өрмелеп өрге тасы, басып озған! Қайдағы «көріпкелдей» керемет пе: Жаңылмай, жаза баспай кірген бетте, Хорланды таныды Естай, «талып» түсті, Көрсеткен ырза болып құдіретке. Көктен бір іздегенін тапты жерден, Баладай зарығып кеп тəтті көрген Шарасыз іштен тынып, «өліп» отыр, Дер ме екен «жеңсік құмар нəпсіге ерген?» Қыз десе, қызық десе, сайтаны бар, Қиылып, қиын қолқа айтары бар. Қөңілін қалқатайдың қалдырса егер, Бипаздап, жұбататын байпақы бар. Паң қызды бұған дейін көрмесе де, Тіл қатып, ол бір белгі бермесе де, «Жалғанда жалғыз мені жаным дейтін Осы!» деп, іштен түйді, сенбесе де. Неге өйтті – түсіндіріп айта алмастай, Естайды он прокурор тергесе де. Десек те ет жүректің емшісі – сөз, Əзелден махаббаттың елшісі – көз: Екеуді тілсіз баурап, үнсіз жалғап, Алуға асықтырған еншісін тез. Албырап аппақ, Хорлан анадайда, Ұрланған көз астымен қарамай ма: Қарашық карашыққа қадалғанда Ішіңді құмарлық от жаламай ма?! Айтайын үйреншікті көне теңеу Тоқ жылжып тұла бойға тарамай ма? Сол сəтте сезім шіркін – көзсіз батыр, Сол шақта ақыл қайда, сана қайда? Шегініп кең дүние кейін қарай, Жарқ еткен бір отты көз қалады ойда… Осылай болды десем, кім нанады?! Қиылып, қыз қарады-ау… бір қарады! (Тəкаппар болса кеше талайларға, Өз басын, қыз намысын құндағаны! Паңдар да жұмсарады теңі күлсе, Тартынса, талайынан құр қалады…) Естай да білмей отыр не болғанын, Көрген де, көрмеген де иланады. Тайсалмас əн-өлеңнің таласында Кезек кеп Бəстемидің Мағашына, Ауылдың алты ауызын отыр төтеп, Ал Естай көк пен жердің арасында. …Басың тік, түссең оның жолын сүйіп, Болу шарт жөнің ерек, өрің биік. Той емес, мереке емес өнер деген, Біреудің бара алмайсың тонын киіп. Тылсым күш желіктірді желікпедей, Тебеді тегеурінді серіппедей. Ішінен қаймығады-ау Естай, əттең Дарынын ашылмаған көріп кедей. Сүлейсок, дел-сал халден босанбады, Тер қысты, маңдай жіпсіп бусанбады. Құштар саз қасқалдақтай сүңгіп кетіп, Қылтыңдап, қайта батып, неше алдады. От толқын, ішке сыймай, сыртқа тепкен Көнбеген шығаруға құнттап, еппен. «Бол, болдың» астына алды: «Айтып сал!» – деп, Аш жандай асықтырып жұттан кеткен. «Мақсатқа ойына алған жетем!» демек, Кетті ме ғашық жары көтермелеп, Ауылдың алты ауызы таусылғанда, Шабытқа ақын қонды төтен, бөлек: «Болғанда өзі мұндай жүріс қандай, Күлкісі көңілді ашар гүлістандай. Көтеріп алақанда отырсаң да, Білінбес ауырлығы бір мысқалдай». Бейнесін жасамадым ойдан жорып, Отырмын тумысына кайран болып! Өзімді-өзім көріп сүйсінсемші, Ақ жүзі алдымдағы айнам болып! Ару қыз туды екен кім бағына, Өзімен жазса тағдыр бір баруға, Тайынбай тамұғына тартар едім, Баспас ем сүйресе де ұжмағына…» Ерке наз, сылқым əуен, мамыр үнді Сарқатын естігенше сабырыңды, Тындайтын дүниеде құлақ барда, Білмейтін шырқалудан жалығуды! Төгілді өлең болып сезім қызба, Əншіде ел құлағы, көзі – қызда. Елестет сол суретті көз алдыңа, Ұзатып алдың-ау деп сөзім бұзба! Құлаққа майда қоңыр ағыс тұнды, Көзінде жамиғаттың алғыс тұрды. Мүлəйім басын иіп, ернін тістеп, Қыз отыр… əн сиқырлап, шатыстырды. Жанына жаңағы əні жаққандай ма, Інкəрін көзбен ғана айтқандай ма?! Барады ыстық тартып, ысындырып, Құшаққа еркелетіп тартқандай ма?! «Кінəлі бəріне де өзім шығар, Үмітпен бір қараған көзім шығар. Ағатай, кешір, – дейді қыз ішінен, – Орайын таба алмадым төзіп шыдар».

Страница 2 из 6

Вам также может понравиться

Страница 1 из 15

Назад1215Далее