Загрузка...

AI-разбор доступен после входа

Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.

auto_awesomeПолучить AI-разбор

О книге

Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+

Читать онлайн

Страница 1 из 2

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ДАРИҒА-ЖҮРЕК («Өмірдастан» поэмасынан)

ДАРИҒА-ЖҮРЕК («Өмірдастан» поэмасынан)

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

(1931–1976)

1. Аққудай еді

Болған-ды менде бір жеңге, Жылайтын еді бір демде, Күлетін еді бір демде; Күлетін еді күллі əлем, Дариға жеңгем күлгенде; Жас тамып жасыл бүрлерден: Қарағай, терек, бүргеннен; Жылайтын еді гүлдер де, Дариға жылап жүргенде; Ауыра қалып бір демде, Айығушы еді бір демде. «Аққудай еді көлдегі, Сұңқардай еді жердегі». Айта да жүріп осы əнді, Дариға-жүрек шөлдеді. Санаттан жары келмеді. Саятқа көңілін бөлмеді, Сабырға сайтан ермеді; Сайтанға ерік бермеді; Дариға-жүрек шөлдеді, Шөлдеді, бірақ өлмеді; «Сұңқардай еді жердегі, Аққудай еді көлдегі». Аққудай еді көлдегі… Жолбарыс бақай-білегі, Құлан жон жанның бірі еді; Құлпыра соқса реңі, Құтыра соқса жүрегі, Қыранды құрдай іледі; Қос уыс бұрым арқада, Қос жылан болып жүреді; Егіз шың тұрған кеудеде, Еңістің жатыр сілемі; Қос жанар бірден жалт етсе, Жарқ етіп шыққан күн еді; Дариға-жүрек кім еді?.. Даланың жалғыз гүлі еді, Екеуі болса, бірі еді, Біреуі болса, өзі еді; Оны өзі де сезеді. Дариға-жүрек кім еді? Тасылмай қалған өзені, Ашылмай қалған өзегі, Келмей бір кеткен кезегі, Керемет жанның өзі еді; Айтылмай қалған сөз еді; Ашылмай жүрген сыр еді, Басылмай жүрген жыр еді; Дариға-жүрек кім еді? Дариға-жүрек мендегі! «Сұңқардай еді жердегі, Аққудай еді көлдегі»; Дариға-жүрек шөлдеді. Сап-салқын қоңыр кештерде, Сайлардан самал ескенде, Алыстан Ай кеп, шыңдардың, Ақ сəлдесін шешкенде, Керуен-бұлттар көшкенде, Көңілден оттар өшкенде, Аршалар күбірлескенде. Жан салар соның бəріне, Əн салар сонда бір үн бар; Тұрыңдар бəрің, тұрыңдар! Əнменен туып, бірге өлген, Атаңнан қалған ырым бар; Тұрыңдар, түгел тұрыңдар! Əуезге құлақ бұрыңдар, Əуелі сыртқа шығыңдар; Шығыңдар да, тыныңдар, Талықсып жеткен сол үнге Талықсып біраз тұныңдар. Аясында анау аршаның, Дариға отыр əн салып; Білдірмей өксігі, бір шалың, Бір шалың отыр тамсанып… Дариға отыр əн салып; Жер түбі кеткен жарларын, Жесірлер тұрсын қарсы алып Жетімдер ұшсын жар салып Дариға отыр əн салып. Өлі бір кешке жан салып; «Сұңқардай едім жердегі, Аққудай едім көлдегі…» Дариға-жүрек шөлдеді, Дариға-жүрек шөлдеді, Сапардан жары келмеді… Дариға отыр əн салып. Дариға солай отырсын, Жалғаннан жарын шақырсын. Керенау, дел-сал, ей, таулар, Күрсінбей неге жатырсың?! Кейімей тұрсың, кең жайлау, Кең жайлау емес, татырсың! Кеуіп бір қалған тақырсың! Кейімей тұрсың Ай да, сен, Ай емес, кара бақырсың! Қараңды суға батырсын! Күңірен, таулар, күңірен, Күңірен, жайлау, күңірен, Кеудеңнен жалын атылсын! Кірпігінді қақшы, Айым, Көзіңнен жасың шашылсын. Дариға-жүрек басылсын, Көңілдің кірі ашылсын, Жасырсын, бəрін жасырсын. Шақырды жарын, келмеді, Белгісіз тірі, өлгені; Дариға-жүрек шөлдеді. Тау-дағы көңіл бөлмеді, Ай-дағы көңіл бөлмеді, Жайлау да көңіл бөлмеді; Қос басы – өлік көмгендей, Дариға оны көрмеді; «Сұңқардай едім жердегі, Аққудай едім көлдегі», Дариға-жүрек шөлдеді, Дариға-жүрек шөлдеді.

2. Жалған

– Жеңгелер-ау, жеңешем қайда менің? – Шомылып жатыр анау сайда, – деді. Бір сұмпайы күлкіні қымтап қалды, Қылымсыған қатынның қаймақ ерні. – Əкел бермен, қымызың қайда?! – деді. – Қымыз емес, бүгінгі айран еді… – Ыстық мынау, соншама кешігесің… Əкел бермен! Несіне тесілесің?! Шалғы шыңдап отырған кексе қатын: – Ей, Бəтіш, неңе сонша есіресің?! Несібеңді ұрлаған Дариға ғой, – Балаға несін сонша жекіресің?.. – Жүресің де қоясың, өсек бағып, Қашан бізге беріп ең төсек салып?! Жайыңа отыр оттамай, ісіңді біл, Тұлпарға əкеп теліме есекті алып!.. – Пішту деген бетім-ай! Қарай қалғын?! Білмейсің бе сынғанын шар айнаңның. Өз көзіммен көргемін, əлі көрем! Шомылуға сен-дағы талай бардың… Мен кетіп қалдым…

* * *

Жаман түстен шошынып оянғандай, Шошып кеттім, шошыдым, ой, Аллам-ай! Мен алапат екі бір жыртқыш көрдім, Қызыл қанға бөксесі боялғандай. Сұмдық көрдім ешқашан сыр ашпаған Несіне айтамын деп тыраштанам… Сұмдық көрдім, бүкіл бір сұлулықты, Сұрқия құмарпаздық ластаған. Дүние-aу, сұлу ең ғой жаңа ғана, Оп-оңай-ақ, осылай, жоғала ма? Айтсаңшы, ей, табиғат, сұлулығың Осындай сұрқайлықтан жарала ма?! Дариға… Тфу!!! Жаман еді аты қандай! Сорлы аға, сойқан апты қатын алмай. …Аузымды аңдаусыз ашып қалсам, Жүрегім снаряд боп атылардай. Тфу, ит! Қандай жаман əн салады, Əн емес, осы екен ғой аңсағаны. Мына бір бояуы жоқ бозала тау, Өзіне сұлумын деп тамсанады. Мына бір бұрқыраған бұзық-өзен, Даурығып озіне-өзі жар салады. Мына бір татымы жоқ тау самалы, Ана бір албастыдай аршалары. Мен сұлу, мен сұлу деп қарсы алады; Мына бір қызыл гүлдер қызынақсып, Ана бір жаужапырақ қол соғады; Қай жерден көрінер деп қансонары, Сонау бір кəрі қыран тау шолады; Қыран емес, жауыз ол, қан сорады! Жақпар-жақпар жартастар, Құдайсыңдар! Себебі, сендер, міне, былайсыңдар: Тəкаппар сұлулықты сақтайсыңдар. Беттеріңнен жосқанда лай сулар; Тəкаппар сұлулықты сақтау үшін, Тəкаппар қорлықтарға шыдайсыңдар; Күннен жылу, желден тіл сұрайсыңдар! О, жартастар! Жартастар, Құдайсыңдар! Жабыла кеп жалғандық күндегенде, Əр «сұлудың» басына құлайсыңдар; Сұлулықты қайтадан сұрайсыңдар; Сендер ғана – мəңгілік ескерткіштер, Сендер ғана – мəңгілік Құдайсыңдар; Сендерге мен шыңғырып шынымды айтам, Шыңғырып сендер бірге жылайсыңдар. Жалған! – дедім, жалған деп айтам əлі. Жалған-н-н! – деді, жартастар қайталады. Таулар! – деп ем, тауларым байқамады. Жартастарым таулар деп қайталады. Дариға-жүрек! (Тағы да қайталады). Құндыз бөркі құздардың шайқалады.

Страница 1 из 2

Назад12Далее

Вам также может понравиться

Страница 1 из 15

Назад1215Далее