Удобнее читать в приложении
AI-разбор доступен после входа
Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.
auto_awesomeПолучить AI-разборО книге
Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+
Читать онлайн
Страница 2 из 23. Намыс пен муза
Самалдап барып, саялап тынған шалғайда, Дариға-жүрек, аққуға қосқан əн қайда? Сұлулық шіркін, шынымен мені алдай ма? Дариға-жүрек, жəне бір əнге салмай ма?! Қою түн мынау, қоқырсып жатыр қос басы. Бозкүйез тау тұр, бозбала бұлтпен достасып. Бір бел мен бір бел – қосыла алмайтын қос ғашық. Гүлдерін ұстап, қолдарын бұлғап, қоштасып. Естерін жиып, есіней-есіней, маужырап, Адамдар түгел ұйқыға кетті қалжырап. Бұлақтың басы, бұйығы өскен бал-құрақ, Бағады сыбыс, естілер емес əн бірақ. Жартастар жатыр, жалаңаш тастап кеудені, Сайлар да, міне, сарыла-сарыла, шөлдеді. Мазасыз бұлақ маңайға тыным бермеді, Аңсатып бəрін, Дариға-жүрек келмеді. Несіне келсін, əн салу оған мақтан ба, He жетсін, шіркін, несібе құшып жатқанға. Несі бар оның: жетім мен жесір, қарттарда, He жетсін, шіркін, темекіні орап тартқанға. Жат көздер, мейлі, жазғырып оған қарасын, Түсінсін бе олар, өлі мен тірі арасын. Жарайды сол да, жанының басты жарасын, Жадырап енді, жалыны бойға тарасын. Дариға-жүрек, несіне енді салсын əн, Несіне алды оның, жүрекке ине шаншыған, He тауып еді, көзінен тамған тамшыдан. He тапты əннен, көңілін ылғи жаншыған? Күтпеңдер, таулар, Дариға əнге салмайды, Жартастар күтпе, Дариға даусы бармайды. Күтпеңдер сайлар, күлкімен енді алдайды, Халқының үнін сауыққа енді арнайды. …Осы бір ойлар, түн сайын мені езеді, Бойымда қаным – тулаған таудың өзені. Жанымды менің, жеңгемнің даусы кезеді, Жүрегім ұлып, қалғандай жетім сезеді. Шөпшабыс еді. Қосымыз тұрған шатқалда Ұйқыдан қауым, жаңадан тұрып жатқанда, Дариға-жүрек, ботадай келіп боздады, Бозарып тұрып, бозарып атқан ақ таңда. Тыңдаған жан жоқ, өзінше жұрттар дүрбелең, Кімдері сөйлеп, кімдері ұрсып кімменен. Қауымның мұндай қатыгездігін білмеп ем. Айғай мен айбар, айналам тегіс гулеген. – Таң атпай жатып, ойыңа түсті əлдене? Сайқалданба енді, үніңді өшір, қар неме! Сұмдықты бастап, таң атпай жатып зарлама, Үніңді өшір! Өтірік зарлап, алдама! – Пəруəрдігер, албасты ма өзі, пері ме?! Əруақты мына ит, оятар болды-ау көрінен. Дариға-жүрек, мына жұрт сенен жеріген, Көмгелі жатыр, əніңді бірге сенімен. Күрсініп алып, күңіреніп кетті тау маңы, Бағытын бұзып, бұлттағы Ай теріс заулады. Тигендей бүйі, кең жайлау кейіп, аунады, Дариға-жүрек, дамылын таппай, лаулады. Жайлауды тастап, жапырлап ауыл көшкендей, Шатырлап барып, ошақта оттар өшкендей. Азалы бір үн, аяулы біреу өлгендей, Азамат мерт боп, ауылын жауы жеңгендей. Азалы бір үн, арызын кімге шаққандай, Мезгілсіз күз кеп, мерейді тұман жапқандай. Мекенін тастап, мезгілсіз құстар қайтқандай, Қоңыр қаз əн caп, қоштасып бара жатқандай. Қыршындай солған, қызғалдақ гүлге бүр жарған, Қурайлар сыңсып, жоқтау caп құла қырлардан. Азалы бір үн, бірде мұң-қайғы, бірде арман, Азалы үннің астында жатыр бұл жалған. Дариға-жүрек, лапылдап барып басылды, Күрең күн келіп, мойнына таудың асылды. Бір белден сонда, бригадир келді ашулы, – Тездет! – деп, жұрттың дегбірін əбден қашырды. Тірліктің күні, тірліктің сəнін сырғытты, Тірліктің күні, тірліктің əнін қылғытты. Жалына аттың, біреулер жасын ырғытты, Біреулер жасын, бетінен төмен жылжытты… – Қымызың бүгін тəтті екен, құйшы, тентегім, Айызым қанып, ішейін бүгін иен тегін. Жеңгемде көзім, күдіктің бұлтын серпемін, Белгісіз маған, көңілім бір күйі шертеді. Ернінде оның, қиығы менің көзімнің, Елестеп кетті, қылығы бағлан-қозымның. Қозыма сусын бергендей болып сезіндім, Лас ойларды лақтырдым мүлде, безіндім. Сырлы тостақтан, сызылта сорып болды да, Сызыла беріп сырғанай тұрды орнынан. Аяныш көзбен, абайлап қарап сорлыға, Жігерім жасып, көңілім сонда болды нан. – Тентек, сен отыр, атыңды тұса, аттанба, Тас жуа теріп келейін ана шатқалдан! – Дем алсаң етті, несіне сонша желіктің, – Тентегім менің… түсінесің бе… жерікпін… Түсіне алмағам, жерікті қашан көріппін. Оңаша, жалғыз отырмын жұмсақ мақпалда, Қоямын қарап, жеңешем кеткен шатқалға. Оңбаған ойлар, оралып жатыр қайтадан, Сонау бір өткен, сонау бір сұрқай шақтарға. Безінем одап, көрмедім оны, бармадым, Бəрі де сұлу, сұлулық толық жан-жағым. Қарағай-шырша, қапталдан құлай қаулауын. Тұңғиық көкте, қыранның, қара, самғауын. Сайлардан соққан самалдың, қара, салқынын, Тандайға ұйып, гүлдердің мына аңқуын. Бу шашып, əнеу, кəрі жартастың балқуын, Жасыл белдердің жасырын бəрі шалқуын! Жарық дүние-ай, жаным-ай менің! Ғажапсың! Ғажапсың, шіркін! Амал не, тезсің, аз-ақсың… Құзар жартастан орамал көрдім бұлғаған. – Қош бол, тентек!.. (Əзілдеп, сірə, тұр маған). Көк көйлек көрдім, қалықтап құздан зулаған, – Қош бол! – деп, – Тентек… шуылдап үні тынбаған. – Қош бол! – деп тастар хабарлап жатты жан-жаққа, Неғылған сұмдық! Дариға ма, əлде аруақ па?! Өте алмай қалдым, жете алмай қалдым ар жаққа, Дариға-жүрек… Ұшты да кетті аулаққа… Муза деп атап, ақындар ғибрат қылатын, Сол екен – менің періште жырым, мұратым Дүниенің мынау қабағын бағып тұратын, Дариға-жүрек, өмірге берді бір ақын…
Вам также может понравиться
{"page":{"canonicalUrl":"https://bookra.app/books/2mV9efpg","pageTitle":"Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан) (Мұқағали Мақатаев) — полный текст, краткое содержание, анализ и герои","metaDescription":"Полный текст книги «Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","headingTitle":"«Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)». Читать бесплатно онлайн","headingSubtitle":"Мұқағали Мақатаев","structuredData":[{"@context":"https://schema.org","@type":"BreadcrumbList","@id":"https://bookra.app/books/2mV9efpg#breadcrumb","itemListElement":[{"@type":"ListItem","position":1,"name":"BookRa","item":"https://bookra.app/"},{"@type":"ListItem","position":2,"name":"зарубежная поэзия","item":"https://bookra.app/genre/5213"},{"@type":"ListItem","position":3,"name":"Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)","item":"https://bookra.app/books/2mV9efpg"}]},{"@context":"https://schema.org","@type":"WebPage","@id":"https://bookra.app/books/2mV9efpg","url":"https://bookra.app/books/2mV9efpg","name":"«Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)». Читать бесплатно онлайн","description":"Полный текст книги «Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","breadcrumb":{"@id":"https://bookra.app/books/2mV9efpg#breadcrumb"},"mainEntity":{"@id":"https://bookra.app/books/2mV9efpg#work"},"primaryImageOfPage":{"@type":"ImageObject","url":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/a9f2944a-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp"}},{"@context":"https://schema.org","@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/2mV9efpg#work","name":"Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)","url":"https://bookra.app/books/2mV9efpg","description":"Полный текст книги «Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","image":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/a9f2944a-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","inLanguage":"kk","genre":["зарубежная поэзия","стихи и поэзия"],"sameAs":["https://litres.ru/book/m-a-ali-ma-ataev/darig-a-zhurek-omirdastan-poemasynan-22579534/"],"author":[{"@type":"Person","@id":"https://bookra.app/author/9fce2468-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e#person","name":"Мұқағали Мақатаев","url":"https://bookra.app/author/9fce2468-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e"}],"about":[{"@type":"Thing","name":"зарубежная поэзия"},{"@type":"Thing","name":"стихи и поэзия"},{"@type":"Thing","name":"чтение онлайн"},{"@type":"Thing","name":"саммари"},{"@type":"Thing","name":"AI-разбор"},{"@type":"Thing","name":"персонажи"},{"@type":"Thing","name":"цитаты"}],"workExample":{"@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/2mV9efpg#edition","url":"https://bookra.app/books/2mV9efpg","bookFormat":"https://schema.org/EBook","inLanguage":"kk","sameAs":["https://litres.ru/book/m-a-ali-ma-ataev/darig-a-zhurek-omirdastan-poemasynan-22579534/"],"isAccessibleForFree":true,"potentialAction":{"@type":"ReadAction","name":"Читать бесплатно онлайн «Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)»","target":{"@type":"EntryPoint","urlTemplate":"https://bookra.app/books/2mV9efpg","actionPlatform":["https://schema.org/DesktopWebPlatform"]},"expectsAcceptanceOf":{"@type":"Offer","category":"nologinrequired"}}}}],"book":{"idCatalog":764290,"shortId":"2mV9efpg","title":"Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/a9f2944a-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","annotationText":"","catalogType":"PUBLIC_DOMAIN","catalogTypeLabel":"Общественное достояние","authorLine":"Мұқағали Мақатаев","authors":[{"id":"9fce2468-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e","displayName":"Мұқағали Мақатаев","protectedUrl":"/author/9fce2468-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e","wikipediaUrl":null,"wikidataUrl":null}],"genres":[{"id":5213,"title":"зарубежная поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5213"},{"id":5267,"title":"стихи и поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5267"}],"keywords":[],"facts":[{"key":"dateWritten","label":"Дата написания","value":"1970-01-01"},{"key":"bookLanguage","label":"Язык книги","value":"kk"},{"key":"adult","label":"Возрастное ограничение","value":"12+"}],"seoSections":[],"authorSummary":null,"hasArtifacts":false,"canReadInApp":true,"readUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=r_764290","artifactsUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=b_764290","readCtaLabel":"Читать бесплатно","artifactsCtaLabel":"AI-разбор","appReadLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=r_764290","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=r_764290","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=r_764290","web":"https://web.bookra.app/?startapp=r_764290"},"appAnalysisLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=b_764290","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=b_764290","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=b_764290","web":"https://web.bookra.app/?startapp=b_764290"},"guestReaderUrl":"/books/2mV9efpg?page=2#reader-content","authorCtaLabel":"Все книги автора","authorProtectedUrl":"/author/9fce2468-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e","readersCount":0,"adultLabel":"12+","yearLabel":null,"datePublished":null,"publisherLabel":null,"isbn":null,"oclc":null,"lccn":null,"partnerUrl":null,"accessNote":"Полный текст книги и AI-разбор откроются на защищенных страницах BookRa после входа."},"reader":{"page":2,"totalPages":2,"hasPrev":true,"hasNext":false,"prevPageUrl":"/books/2mV9efpg#reader-content","nextPageUrl":null,"progressLabel":"Страница 2 из 2","sections":[{"id":"content0:10","kind":"heading","text":"3. Намыс пен муза"},{"id":"content0:11","kind":"paragraph","text":"Самалдап барып, саялап тынған шалғайда, Дариға-жүрек, аққуға қосқан əн қайда? Сұлулық шіркін, шынымен мені алдай ма? Дариға-жүрек, жəне бір əнге салмай ма?! Қою түн мынау, қоқырсып жатыр қос басы. Бозкүйез тау тұр, бозбала бұлтпен достасып. Бір бел мен бір бел – қосыла алмайтын қос ғашық. Гүлдерін ұстап, қолдарын бұлғап, қоштасып. Естерін жиып, есіней-есіней, маужырап, Адамдар түгел ұйқыға кетті қалжырап. Бұлақтың басы, бұйығы өскен бал-құрақ, Бағады сыбыс, естілер емес əн бірақ. Жартастар жатыр, жалаңаш тастап кеудені, Сайлар да, міне, сарыла-сарыла, шөлдеді. Мазасыз бұлақ маңайға тыным бермеді, Аңсатып бəрін, Дариға-жүрек келмеді. Несіне келсін, əн салу оған мақтан ба, He жетсін, шіркін, несібе құшып жатқанға. Несі бар оның: жетім мен жесір, қарттарда, He жетсін, шіркін, темекіні орап тартқанға. Жат көздер, мейлі, жазғырып оған қарасын, Түсінсін бе олар, өлі мен тірі арасын. Жарайды сол да, жанының басты жарасын, Жадырап енді, жалыны бойға тарасын. Дариға-жүрек, несіне енді салсын əн, Несіне алды оның, жүрекке ине шаншыған, He тауып еді, көзінен тамған тамшыдан. He тапты əннен, көңілін ылғи жаншыған? Күтпеңдер, таулар, Дариға əнге салмайды, Жартастар күтпе, Дариға даусы бармайды. Күтпеңдер сайлар, күлкімен енді алдайды, Халқының үнін сауыққа енді арнайды. …Осы бір ойлар, түн сайын мені езеді, Бойымда қаным – тулаған таудың өзені. Жанымды менің, жеңгемнің даусы кезеді, Жүрегім ұлып, қалғандай жетім сезеді. Шөпшабыс еді. Қосымыз тұрған шатқалда Ұйқыдан қауым, жаңадан тұрып жатқанда, Дариға-жүрек, ботадай келіп боздады, Бозарып тұрып, бозарып атқан ақ таңда. Тыңдаған жан жоқ, өзінше жұрттар дүрбелең, Кімдері сөйлеп, кімдері ұрсып кімменен. Қауымның мұндай қатыгездігін білмеп ем. Айғай мен айбар, айналам тегіс гулеген. – Таң атпай жатып, ойыңа түсті əлдене? Сайқалданба енді, үніңді өшір, қар неме! Сұмдықты бастап, таң атпай жатып зарлама, Үніңді өшір! Өтірік зарлап, алдама! – Пəруəрдігер, албасты ма өзі, пері ме?! Əруақты мына ит, оятар болды-ау көрінен. Дариға-жүрек, мына жұрт сенен жеріген, Көмгелі жатыр, əніңді бірге сенімен. Күрсініп алып, күңіреніп кетті тау маңы, Бағытын бұзып, бұлттағы Ай теріс заулады. Тигендей бүйі, кең жайлау кейіп, аунады, Дариға-жүрек, дамылын таппай, лаулады. Жайлауды тастап, жапырлап ауыл көшкендей, Шатырлап барып, ошақта оттар өшкендей. Азалы бір үн, аяулы біреу өлгендей, Азамат мерт боп, ауылын жауы жеңгендей. Азалы бір үн, арызын кімге шаққандай, Мезгілсіз күз кеп, мерейді тұман жапқандай. Мекенін тастап, мезгілсіз құстар қайтқандай, Қоңыр қаз əн caп, қоштасып бара жатқандай. Қыршындай солған, қызғалдақ гүлге бүр жарған, Қурайлар сыңсып, жоқтау caп құла қырлардан. Азалы бір үн, бірде мұң-қайғы, бірде арман, Азалы үннің астында жатыр бұл жалған. Дариға-жүрек, лапылдап барып басылды, Күрең күн келіп, мойнына таудың асылды. Бір белден сонда, бригадир келді ашулы, – Тездет! – деп, жұрттың дегбірін əбден қашырды. Тірліктің күні, тірліктің сəнін сырғытты, Тірліктің күні, тірліктің əнін қылғытты. Жалына аттың, біреулер жасын ырғытты, Біреулер жасын, бетінен төмен жылжытты… – Қымызың бүгін тəтті екен, құйшы, тентегім, Айызым қанып, ішейін бүгін иен тегін. Жеңгемде көзім, күдіктің бұлтын серпемін, Белгісіз маған, көңілім бір күйі шертеді. Ернінде оның, қиығы менің көзімнің, Елестеп кетті, қылығы бағлан-қозымның. Қозыма сусын бергендей болып сезіндім, Лас ойларды лақтырдым мүлде, безіндім. Сырлы тостақтан, сызылта сорып болды да, Сызыла беріп сырғанай тұрды орнынан. Аяныш көзбен, абайлап қарап сорлыға, Жігерім жасып, көңілім сонда болды нан. – Тентек, сен отыр, атыңды тұса, аттанба, Тас жуа теріп келейін ана шатқалдан! – Дем алсаң етті, несіне сонша желіктің, – Тентегім менің… түсінесің бе… жерікпін… Түсіне алмағам, жерікті қашан көріппін. Оңаша, жалғыз отырмын жұмсақ мақпалда, Қоямын қарап, жеңешем кеткен шатқалға. Оңбаған ойлар, оралып жатыр қайтадан, Сонау бір өткен, сонау бір сұрқай шақтарға. Безінем одап, көрмедім оны, бармадым, Бəрі де сұлу, сұлулық толық жан-жағым. Қарағай-шырша, қапталдан құлай қаулауын. Тұңғиық көкте, қыранның, қара, самғауын. Сайлардан соққан самалдың, қара, салқынын, Тандайға ұйып, гүлдердің мына аңқуын. Бу шашып, əнеу, кəрі жартастың балқуын, Жасыл белдердің жасырын бəрі шалқуын! Жарық дүние-ай, жаным-ай менің! Ғажапсың! Ғажапсың, шіркін! Амал не, тезсің, аз-ақсың… Құзар жартастан орамал көрдім бұлғаған. – Қош бол, тентек!.. (Əзілдеп, сірə, тұр маған). Көк көйлек көрдім, қалықтап құздан зулаған, – Қош бол! – деп, – Тентек… шуылдап үні тынбаған. – Қош бол! – деп тастар хабарлап жатты жан-жаққа, Неғылған сұмдық! Дариға ма, əлде аруақ па?! Өте алмай қалдым, жете алмай қалдым ар жаққа, Дариға-жүрек… Ұшты да кетті аулаққа… Муза деп атап, ақындар ғибрат қылатын, Сол екен – менің періште жырым, мұратым Дүниенің мынау қабағын бағып тұратын, Дариға-жүрек, өмірге берді бір ақын…"}],"toc":[{"id":"content0:0:1","label":"МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ДАРИҒА-ЖҮРЕК («Өмірдастан» поэмасынан)","page":1,"pageUrl":"/books/2mV9efpg#reader-content"},{"id":"content0:1:1","label":"ДАРИҒА-ЖҮРЕК («Өмірдастан» поэмасынан)","page":1,"pageUrl":"/books/2mV9efpg#reader-content"},{"id":"content0:2:1","label":"МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ","page":1,"pageUrl":"/books/2mV9efpg#reader-content"},{"id":"content0:3:1","label":"(1931–1976)","page":1,"pageUrl":"/books/2mV9efpg#reader-content"},{"id":"content0:4:1","label":"1. Аққудай еді","page":1,"pageUrl":"/books/2mV9efpg#reader-content"},{"id":"content0:6:1","label":"2. Жалған","page":1,"pageUrl":"/books/2mV9efpg#reader-content"},{"id":"content0:8:1","label":"* * *","page":1,"pageUrl":"/books/2mV9efpg#reader-content"},{"id":"content0:10:2","label":"3. Намыс пен муза","page":2,"pageUrl":"/books/2mV9efpg?page=2#reader-content"}]},"similarBooks":[{"idCatalog":761289,"shortId":"4232LuKZ","title":"Илиада","authorLine":"Гомер, Викентий Викентьевич Вересаев","primaryAuthorId":"f42e8550-2a81-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/2a2124c6-0958-11e4-824d-0025905a06ea/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4232LuKZ"},{"idCatalog":78625,"shortId":"1LtjuwaR","title":"Цветы Зла (сборник)","authorLine":"Шарль Бодлер, Адриан Ламбле","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4079cc34-7671-11e2-ad35-002590591ed2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/1LtjuwaR"},{"idCatalog":316488,"shortId":"4RiRuZeM","title":"Рубайат","authorLine":"Омар Хайям, Герман Борисович Плисецкий, Осип Борисович Румер","primaryAuthorId":"9c9cc15e-2a82-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/0052ad3f-1b3a-11ea-a705-0cc47a520474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4RiRuZeM"},{"idCatalog":334893,"shortId":"4BOV9WJv","title":"Цветы Зла","authorLine":"Шарль Бодлер, Эжен Десизи, Антуан Жорж Рошгросс, Владимир Александрович Дроздков, Вадим Габриэлевич Шершеневич","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/55d8d681-7fef-11ea-9c12-0cc47a5f3f85/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4BOV9WJv"},{"idCatalog":579613,"shortId":"0pjF0ctv","title":"Наука любви","authorLine":"Коллектив авторов, Публий Овидий Назон","primaryAuthorId":"9980df13-0ec7-11e4-824d-0025905a06ea","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/df61370c-19b1-11ef-8496-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/0pjF0ctv"},{"idCatalog":608453,"shortId":"08sa2sZn","title":"Паломничество Чайльд-Гарольда","authorLine":"Джордж Гордон Байрон, Вильгельм Вениаминович Левик","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4382eaac-95e0-11ef-8ce3-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/08sa2sZn"},{"idCatalog":145661,"shortId":"3wGYlWxL","title":"В тихой ночи. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, В. В. Камедин, БОМБОРА, Маттиас Маттис, Н. В. Мордвичева","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/ce4db91f-aa37-11e6-9c73-0cc47a1952f2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3wGYlWxL"},{"idCatalog":427617,"shortId":"26ljeg7H","title":"Освобожденный Иерусалим","authorLine":"Селестен Нантёйль, Анри Барон, Антонио Темпеста, Давид Тенирс, Торквато Тассо, Роман Михайлович Дубровкин","primaryAuthorId":"f2b40986-deaf-11ee-8496-0cc47af30fe4","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/a2afa5a8-48fc-11ec-ab26-441ea1508474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/26ljeg7H"},{"idCatalog":502164,"shortId":"3moDg3WA","title":"Сто. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, Сергей Табуцадзе, Дэн Зозуля, БОМБОРА","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/cab4c310-c713-11ed-903e-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3moDg3WA"},{"idCatalog":112966,"shortId":"2AFIbRds","title":"Манфред","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/16a1ed66-b785-501d-a67d-ff52657078ff/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/2AFIbRds"},{"idCatalog":117436,"shortId":"3uQtydkU","title":"Гитанджали","authorLine":"Н. А. Пушечников, А. Г. Ткаченко, Рабиндранат Тагор","primaryAuthorId":"1229569f-7b42-5de5-a6f6-317237044d0b","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/69c138c9-41a2-5871-989c-452ef0702d37/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3uQtydkU"},{"idCatalog":112962,"shortId":"4ff7yP0y","title":"Корсар","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/40f11661-7d7f-51d8-83ed-66f3e55de635/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4ff7yP0y"}],"similarBooksPagination":{"page":1,"pageSize":12,"totalItems":179,"totalPages":15,"hasPrev":false,"hasNext":true}},"notFound":false}