Загрузка...

AI-разбор доступен после входа

Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.

auto_awesomeПолучить AI-разбор

О книге

Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+

Читать онлайн

Страница 1 из 4

МҰХАМЕТЖАН СЕРАЛИН ГҮЛКƏШИМА

ГҮЛКƏШИМА

МҰХАМЕТЖАН СЕРАЛИН

(1872–1929)

Оқыған бозбалалар, құлағың сал, Алдыңа тарту тарттым қадари хал. Ақының тал жібектен шəл тоқыды Кемдігін ғапу илə қабыл қып ал. Баласы Серəлінің Мұхаметжан Сөйлесіп аралардай ағызып бал.

І

Сөз басында

Бастайын бір кеңесті алып қалам, Қашаннан бола жүрген көңіл алаң. Біреуін баян етсем бекер болмас. Іс өткен неше түрлі заманадан. Боқыраудан бес күн бұрын бардым қала, Қаладан керек-жарақ нəрсе ала. Ауылдан шыққан күні Тобылдағы Үңгітке келіп қондым, бұған қара. Мейман боп бір үңгітке қона қалдым, Үй екен бəрі тегіс дүние-малдың. Ішінде көп қыпшақтың жалғыз үйлі, Бар екен жалғыз ұлы кемпір-шалдың. Сұрасаң Тілеуберген шалдың аты, Жаппастай ай таңбалы Үңгіт заты. Баласы Баймұхаммет – ақын жігіт, Белгілі ел ішінде жазған хаты. Үйінде өз кəсібі кемпір мен шал, Баласы үйінде жоқ, құлағың сал. Таңертең кеткен бала кеш келмеді, Кемпір-шал не болды деп болады дал. Мейманға түзік қарттар ықыласы, Құрметтеп жақсы берді қонақ асы. Қарамай ерте шайға жүріп кеттім, Жолаушы жүрсе бітер сыбағасы. Жөнелдім ерте тұрып Қостанайға, Жəрмеңке первой боқырау бастамай ма? Жəрмеңке жақындаса, қазақ халқы Мінезін түстенетін тастамай ма? Қызығын жəрмеңкенің көп күн көрдік, Дос-жармен қатар өскен ойнап күлдік. Аяғы жəрмеңкенің тарқар шақта Ғажайып естімеген хабар білдік. Естіген хабар анық, емес шала, Хабарға қазақ қосар неше жала. Өліктің өзге жері сау-саламат, Болғаны бауыздауда жалғыз жара. Тобылдың алабында, тал ішінде, Жанында пышақ, қалам, сия – қара. Киімін ол байғұстың ақтарғанда, Бір қағаз қалтасынан шыққан жəне. Қағаздың мазмұнына қарағанда, Жоқ қылған өзін жігіт – не дүр шара. Қан болып өткір пышақ жанда жатты, Шалықтап жанын қиған ол бейшара. Ғашықтық саудасына душар болып, Өлтірген өзін-өзі мойнын қиып. Жалғызы ата-ананың бойдақ екен, Жылайды екі мұңды басын иіп. Шал кісі – əкесі, аты – Тілеуберген, Жүрімін жалғыз ұлдың тілеп берген. Келерде өзім қонған үңгіт екен, Құрметтеп қонағымда сыйлай білген. Қалтадан өлең екен шыққан қағаз, Жағы жоқ ақын екен жігіт сабаз. Кешіріп ол өлеңді қолыма алдым, Жел сөзде онан өтер ақындық аз. Қаладан жұмысым бітіп, қайттым елге, Ақша қар жауа қалды қара жерге. Қазаға бір мұсылман душар болса, Көңіл айту көркемшілік жігіт ерге. Қайтарда бата оқуға түстім арнап, Құр жаны, екі сорлы отыр зарлап. Бала үшін бейшаралар жылағанда, Жаңбырдай көзден жасы ағар парлап. Кемпір-шал зар жылайды баласы үшін, Көзінің көңіл нұры қарасы үшін. Еш дауа іздегенмен таптырар ма, Жүрекке терең түскен жарасы үшін. Табылар қайдан дауа кетпес дертке Не шара алла салған құдіретке. Бала үшін ата-ананың төккен жасы, Құрғамай бірге барар ақыретке. Жұбаттым, көңіл айттым екі мұнды, Жұмсадым Тəңір берген қызыл тілді. Кеш түсіп шам жаққан соң кемпір байғұс, Алдыма бір сандықты алып қойды. Қолыма, аузын аштым, кілтін алып, Ішіне қарай бердім назар салып. Ішінде кітап та бар, қағаз да бар, Тексердім бастан аяқ көп ақтарып. Жігіт емес Баймұхаммет зейіні тар, Жел сөзге болған екен аруағы жар. Ғылымдық һəм ақындық бір өзінде, Ғылымнан неше түрлі кітабы бар. Сандықта өлең де бар неше түрлі, Аралап пақырыңыз бəрін көрді. Жазыпты Баймұхммет өз қолымен, Бір дəптер тауып алдым өлең, жырды. Дəптерде өз ахуалын баян еткен, Өлеңге шебер екен болмай кеткен. Ғашықтық саудасына душар болып, Ақырда ол саудадан қаза жеткен. Молда өлсе, хатқа жазған қалады аты, Жігіттің ажарлы екен жазған хаты. Өлеңді жұртқа жайса жазып алып, Түскендей бозбаланың ілтипаты. Жаймаққа жұртқа өлеңді ойға қалдым, Дəптерді кемпір-шалдан сұрап алдым. Екеуі сөзді қимай əзер берді, Қадірлі бағасындай дүние-малдың. Тобылдың суы терең, жары биік, Қорғалар алабында қашқан киік. Басында биік шыңның тамды мола, Молаға шоқ тал біткен басын иіп. Жеке емес тамды мола ол орында, Көмілген Баймұхаммет көп қорымға. Үстіне төрт бұрышты там салынған, Көрінген көздің ұшы туу қырымға. Басына көк тас қойған жылын айтын, Марқұмның қабырдағы сырын айтып. Атасы, өзінің аты, нəсіл затын, Жазыпты өлген күнін, жерін айтып. Моласын келер жылы көрдім барып, Жаңадан үлгіріпті зор там салып. Мен қайттым көк тастағы жазған сөздің Мазмұнын ақ қағазға жазып алып. Бұ дүние ойлап тұрсам жалған екен, Михнатқа талайларды салған екен. Жазылған төмендегі үш ауыз сөз. Көк тасқа терең түсіп қалған екен. «Рухына хақ тағала қылғай рақмет, Нəсілі – Үңгіт, əм есімі Баймұхаммет. Тілеуберген баласы опат болды, Ғашықтық саудасынан шеккен захмет. Сəрсенбі күн сары алапта, боқырау үште, Бір мың да сегіз жүз де тоқсан да төрт». Міне, мен көргенімді айтып болдым, Неше күн қалам алып бейнет көрдім. Сандықтан шыққан дəптер қалтамда өлең, Барлығын тіркей жазып, қисса қылдым. Реттеп қадери хал қисса қылдым, Қиссаға «Гүлкəшима» есім бердім. Бір ғибрат заманаға болар ма деп, Қызыл гүл тау аралап тастан тердім. Бір қатар Гүлкəшима ғибрат өлең, Түсінсе зейін салып, жігіт – желең. Керекті бұл қисса үшін, бозбалалар, Бір сыпыра сөз айтылып болды білем. Қалғанын оқып түсін жазған хаттан, Шығардым бұл қиссаны көңіл шаттан. Бар болса хате жері жетіспеген, Түзеуін біз тілейміз жамағаттан!

Страница 1 из 4

Назад124Далее

Вам также может понравиться

Страница 1 из 15

Назад1215Далее