Загрузка...

AI-разбор доступен после входа

Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.

auto_awesomeПолучить AI-разбор

О книге

Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+

Читать онлайн

Страница 4 из 4

Қыздың ішкі сыры

Қыздардың ішкі сыры Аллаға аян, Ешкімге сырын жауһар етпес баян. Кетерде сізге айтайын замандасым, Алдыңа хал-ахуалым болсын аян. Менің де көргеннен-ақ көңілім кеткен, Бұл сауда мені-дағы əуре еткен. Өзің де ойлап қара, мен қайранмын, Іс бар ма бұлай болған құдіреттен. Менің де сізді ойласам ішім жалын, Кетеді кейуақытта ықтиярым. Дүниеде татар дəмім таусылғанша, Жүрермін тарта-тарта ғашық зарын. Қайтейін жалған дүние опасы жоқ, Пендеге күн де түрлі жапасы көп. Міндетін мойнымдағы атқармасам, Болар ма сүймес жардан көңілім тоқ. Құдіреттен құтылар ма пенде үркіп, Машриқтан мағрип қашса желіп-жортып. Ғазизім Баймұхаммет еске түссең, Жүрермін жылай-сықтай көзім сүртіп. Аһ, дүние, баяның жоқ жалған дүние, Талайды арманда ғып алған дүние! Мақсатқа хиялдағы жеткізбестен, Көңілге кетпес дертті салған дүние! Не пайда күнің шығар, күнің батар, Бай қызық нар жетектер қатар-қатар. Мен сорға қара күндер көп туғыздың, Қайғыға шыдай алмай жылап жатар. Көңіліме естен кетпес салдың уайым, Бар еді не жазығым, бір Құдайым. Я, рахман, бір рақметің түсер ме деп, Зікіріңнен босатпадым тілім дəйім. Өзім ойлап кір таппадым пилығымнан, Қайғының құтқармадың құрығынан. Орнаған тамырланып ғашықтықты, Құдай-ай, алшы тартып көңілімнен! Ғұмырлық зор қайғыдан құтқар Алла, Қара күн келешекте басқа салма. Болмаса өзің қосқан халал жолмен, Қауыштыр құдіретіңмен сүйген жарға. Налыған Гүлкəшима сорлы күнің, Өте ме зұлматпен көрген күнім? Серігім дұрыс болып жолықпады, Берсең де жөн танырлық маған білім. Біреуге бір көргеннен ғашық қылдың, Ажарсыз бір наданға нəсіп қылдың. Көңілдің бір қалауын тұс келтірмей, Ағуға көзім жасын ашық қылдың. Құдая, не қылсаң да құдіретің бар, Я, рахман, рахымыңа мен ынтызар. Адамға көңілім сүйген тұс келтірмей, Қор қылып бір наданға жылаттың зар.

ІІІ

Қалтадан шыққан қағаздың сөзі

Ей, менің сүйегімді көрген адам, Мені адам өлтірген жоқ, болма надан. Отына ғашықтықтың шыдай алмай, Көшірдім өзімді-өзім бұл дүниядан. Қос сорлы қартайғанда қан жылаттым, Сəлем айт, бақыл болсын атам-анам. Тобылдың жар астында Баймұхаммет, Жанында өткір пышақ, қолда қалам. Ахуалын ақ қағазға жазғаннан соң, Пышақпен өз ғұмырын етер тамам. Ғашығы Гүлкəшима басқа түсіп, Келмеді көтеруге оны шамам. Тобылда жалғыз үйлі Үңгіт едім, Болмаса бұл ғашықтан едім аман. Ақылым зая болды, сабырым кетіп, Бір қызын Медетбайдың көрген заман. Өз ғұмырым ақырда өзім тамам еттім, Айырылып сүйген жардан жүрген жаман. Қош сау тұр, артта қалған кемпір мен шал. Балаңа дұға айлаңыз қадари хал. Жоқ еткен өзін-өзі бейшараны Қарғамай, мархаматты есіңізге ал. Жалаңаш бұл дүниеден кеткен ерге, Фатима ақыретте құйрық пен жал. Мақсатқа ойға алған жетпеген соң, Дүниемен қоса құрсын жиналған мал. Кешкі сүт пісірім заман қанға батқан Денемді көлеңкелер шоқ қара тал. Ағайын Сырға көшкен бата қылса, Елінен Мөңке Табын хабар болса, Есітсін бұл хабарды Гүлкашима, Сəламат барған жерде тірі жүрсе. Шат болар қара жерде жатқан денем, Есітіп Гүлкəшима бата берсе. Дем алсын отын оттап, суын ішіп, Көп жортқан Гүлкəш үшін жорға керше. Көзінен ата-анам жас ағызар, Жүгенсіз, ерсіз жүрген Керді көрсе. Ақырда сізге сəлем Гүлкəшима, Зат едің асыл туған ұрғашыда. Дұға қыл есіткенде мен ақымаққа, Жоқ қылған өзін-өзі «болмашыға». Бұл дүние құтты болсын енді сізге, Қылмады жалған опа тіпті бізге. Өзгеге туған ана болсаң-дағы, Өгей боп душар болды біздің кезге. Жарқырап күнім туып жетер-жетпес, Қызарып бата қалды тездеп-тезге. Көңілге сүйеу кəлимə тəубə, Ақырда жат етейін хақтың атын. Тапсырдым, жаббар саған, ата-анамды, Жалғыздың көрмей қалған кəмəлетін. Мойнымда гүнəһім көп, тəубə еттім, Қабыл ет, тəубем көпке жүз ұятым. Жоқ қылып өзім-өзім пышақ ұрып, Тұтпадым пайғамбардың шариғатын… Қош, сау бол, ұзын аққан Тобыл өзен, Ішінде тоғайыңның шығар жаным. Топыраққа аунап бұлғанған қызыл қанға, Жуылар ақ суыңа ғазиз тəнім. Түсіріп өткен күнді жұрт есіне Қойылар бір шыңыңа мола тамым. Ақырыда Гүлкашима, тағы сəлем, Бұл айтқан ықылас сəлем соңғы кəлəм. Қайғылы тіршіліктен өлген артық, Алдыңда жоқ болған соң ешбір алаң. Барады күн еңкейіп енді кешке, Ұзамай істің соңы болсын тамам.

ІV

Сөз соңында

Ау, құрбым, бұл қиссаны оқып көрдің, Ойлаушы, не түсіндің, нені білдің. Бірталай уақытың озды, көзің талды, Шамала онан қанша пайда қылдың? Бірталай уақыттың озды, көзің талды, Бейнелеп бəрін білдің болған халді. Есіңнен əр уақытта тастамастай, Көңіліңе ғибрат болып несі қалды? Білмесең мен айтайын тыңдап қара, Өзің де ақылға сал, болма бала. Ғибрат бар екі-үш түрлі бұл қиссадан, Жүргейсің есіңе алып ойлап қана. Əуелі сен шамала қыздың жайын, Жаратқан оны сұлу бір Құдайым. Қазақтың келіспеген əдетінен, Көңіліне бейшараның түскен уайым. Күйеуге қыз бергенде қазақ халқы Сөйлеспек қалың малды əуелі салты. Ойында екі жақтың еш болмайды, Қосылған балалардың мінез қалпы. Лайық па күйеу қызға, қыз күйеуге, Бұл жерін ескермейді ешбіреу де. Қыз беру, келін алу біздің жұртта, Мал алып, мал сатқандай мысал сауда. Бай болса күйеу жағы дəулетке мол, Нəсілі болса-дағы қызылбас құл. Өздері шикі надан лас болса да, Көп малдың арқасында алады жол. Бір надан шаруаның болса малы, Қыз алар он бес жасар кəрі шалы. Малы жоқ жарлы, сорлы былай тұрсын, Дегеннің тəп-тəуір-ақ осы халі. Ау, құрбы, медет байды шамалашы, Шықпай ма Медетбайдан сөз расы. Азырақ қойы деп қызын берді, Құданың болса да анық надан, ласы. Құдайым Медетбайға бала берді, Балаға ақыл, ажар жəне берді. Əкесі малға сатып сорлы қыздың, Кетпестей сор көңіліне жара берді. Бейшара Гүлкəшима мұңды емес пе. Ғұмырға шырағы өшкен сорлы емес пе? Ақылы, білімі, ажарын ықтиярсыз, Қор еткен бір наданға қорлы емес пе? Құдайым ақыл берген оған қалап, Абыройын өз басына жүрген балап. Көбісі сорлы қыздың сондай болған, Жоғалтып жаста-ақ абырой болар харап. Көп қыздар осындайдан қор болып жүр, Халыққа күлкі болып ата-ана сор. Бейшара сорлы қыздар білмейді ғой, Абырой, кеткен де бір, өлген де бір. Ойласаң бұл бір ғибрат аталарға. Бір ата шын мұсылман егер болса, Істеуге мұндай қате бата алар ма? Екінші бойға жеткен қыздар білсін, Асылдан – Гүлкəшима өрнек көрсін. Бейнеқақ жаман ерге тура келсе, Сорлыдай Гүлкəшима нық боп тұрсын. Алтыннын абырой қымбат қыз балаға, Алтынды ақамақ болса қызғана ма. Өкпелеп жаман күйеу тұс келгенге, Болмасын етек жайды қыз балаға. Үшінші, сізге ғибрат жігіт-ерлер. Шығады жігіт ішінен кемеңгерлер. Жастан-ақ өнер іздеп талаптанған, Жігітті бəрекелді адам дерлер. Келсе хал, пайда ойла қазақ елге, Өмірді Байекеңдей берме желге. Жауһарын əуейілікпен отқа жаққан, Ғибрат Баймұхаммет білгендерге. Жас күнің – өнер іздер, нақ дер шағың, Халқыңның ойлай берші оңар жағын! Бата сол бізден сізге, ғазиздерім, Сор қазақ көтере бер аруағын.

Страница 4 из 4

Назад134Далее

Вам также может понравиться

Страница 1 из 15

Назад1215Далее