Удобнее читать в приложении
AI-разбор доступен после входа
Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.
auto_awesomeПолучить AI-разборО книге
Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+
Читать онлайн
Страница 3 из 4Жігіттің хаты
Хат жазып сəлем айтым асыл затқа, Сөзімді сəлемменен жаздым хатқа. Пиғылын тəкаппарлық жұмсай қоймас, Алар деп жазған сөзді ілтифатқа. Құпия сыр, құпия тұтпай əшкере етіп, Ғаріпты қалдырмаңыз зор ұятқа. Көрген соң ғашық болдым жүзіңізді, Жауһардан бəсі қымбат көзіңізді. Күйген соң ғашық отына алдым қалам, Күлкіге шығармаңыз сөзімізді. Ғашықтық оты түсті басқа, етті алаң, Бермеді көркем сабыр Хақ тағалам. Бұл сауда есімді алып, ішімді от қып, Күйдіріп өртеген соң алдым қалам. Мен бір ай бұдан бұрын сізді көрдім, Мазасыз көркіңізге қарай бердім. Бір ұшқын көзіңізден бізге түсіп, Лыпылдап өртеп кетті, шыдап жүрдім. Күйдірді түскен ұшқын ғашық майын, Ауданы үлкейеді сағат сайын. Жалыны көпке бармас басылар деп, Ол отқа сабыр суын қауғалайын. От сөңбей, түгесілді сабыр суы, Қауғаға көтерілді ғашық туы. Ішімде қатты жаңып, қайнатқан соң, Ақылдың көзін шалды нəпсі буы. Ақылдың нəпсі буы шалды көзін, Қалмады шыдауыма ешбір төзім. Аузымнан соның үшін шығып жатыр, Мен сізге ғашық болдым деген сөзім. Көзіме көріңдіңіз хор қызындай, Ақшамның өмір зая жұлдызындай. Қара шаш, қара қастың қаралығы, Қытайдың пұлы қымбат құндызындай. Мен көрдім шыбық талдай бойыңызды, Бұйырған ырыстыға тойыңызды. Құпия сырымды ашып жазған хаттан, Білерсіз оқысаңыз ойымызды. Көргенде бойыңызды жаутандадым, Саудадан көңілім суып қайта алмады. Ауыз екі айтпақ емес, хатқа жазып, Хəлімді көпке дейін айта алмадым. Көптеген соң сырымды ашып жазған хатым, Салғай деп жазған хатқа ілтипатын! Берсеңіз, бермесеңіз, сіз білесіз, Асыл зат қолыңызда рахатын. Сізді ойлап ұйқы қашқан екі көзден, Түсінер пайымды адам айтқан сөзден. Сөзімді жүз қайтара жақсаңыз да, Өлгенше рахымыңыздан күдер үзбен. Ғашықпын сізге сырлас болмақ үшін, Күйген соң қайғы отына кетті күшім. Ақыл мен мінез, сипат бірге қосып, Құдайым сізге берген артық пішін. Болуға бізге сырлас көңіл беріп, Болсаңыз жан жолдасым өмір серік. Жанымда ерте-кешті сіз болған соң, Кетер ет қорғасындай бойым еріп. Басыма жиырма үште түсті сауда, От түсті қурап тұрған қалын қауға. Бізде арман бұл дүниеде қалар ма еді, Жарқырап отырсаңыз ақ отауда. Не пайда Тəңір сізді шетке жазған, Сонда да үмітім көп сұлу наздан. Мал берген сізге ажарсыз жаман жігіт, Көрер деп біздерді артық ақылы аздан. Дүние өтер басыңыздан желдей зулап, Қалалық өтпес бұрын көңілді аулап. Біздерге шын көңіліңіз қосылмаса, Оқа жоқ жұбатсаңыз да азын-аулақ. Қатты дерт көкіректе болды пайда, Некелеп алар сізді заман қайда? Өзіңіз бір ақылды таппасаңыз, Құрбыңыз таба алмады ешбір жайлы. Қайғымен көкірегін ашылмайды, Ғашық оты өлгенімше басылмайды. Ойлаңыз шама қылып, зейініңізбен, Сүймеске ешбір адам асылмайды. Тобылдай мекен жайын, Үңгіт затым, Халыққа мағлұм еді жазған хатым. Атақты Тілеуберден жыршыңыздың, Баласы Баймұхаммет болады атым. Біздерді қалмағайсыз мазақ етіп, Бұл дəурен бастан кетер əлі-ақ өтіп. Жіберіп бұл хатымды сіз тарапқа, Ынтызар жауабыңызға, қалдым күтіп. Осындай бір хат жаздым ақ қағазға, Қылғаны жөн болады ақылы азға. Конверттеп, иісті майлап, қызыл қағаз, Баладан жіберуге сұлу назға. Жібердім осылай деп бір хат жазып, Қайғымен кеткеннен соң жүдеп-азып, Сөкпеңіз бейшараны, оқыған жан. Саудасы ғашықтықтың сондай нəзік. Желіксе ғашықтықпен қайран көңіл, Жас ағар қара көзден ағыл-тегіл. Жалғыз-ақ бұл дүниеде мен емеспін, Əркімде болған шығар осы пиғыл. Ғашықтық қайғысынан өлгендер көп, Мəжнүн ғақлы зая болғандар көп. Сүйгені бөтен жерге нəсіп болып, Айырылып шыбын жаннан қалғандар көп. Біреуге ғашықтықтың оты түссе, Толтырып ол саудадан аяқ ішсе. Ақылы Аплатонның бітсе-дағы, Сарғайып қайғыменен болар құса. Дүниенің келгені не, кеткені не, Абырой, ар төгіліп біткені не. Сүйгені бөтен жарға нəсіп болса, Беймезгіл бұл дүниеден өткені не? Мен-дағы арақ ішкен мас адаммын, Сүйгенсіз күні қараң жас адаммын. Саудасы ғашықтықтың басқа түссе, Ериді көңілі де тас адамның. Көңілімді бұл саудамен қайғы басқа, Жүдедім ада болып ішер астан. Бір хабар ол сұлудан келе ме деп, Ынтызар бола-бола ұйқым қашқан. Арада бұл қалыппен үш күн өтті, Ынтызар бола-тұғын уақыт жетті. Сыртында жазуы жоқ, түсі қызыл, Бүктелген көзім көрді бір конвертті. Інісі Сүлейменнің келді барып, Оқыпты қыз хатымды назар салып. Сол жақта үш күн жүріп айналақтап, Жауабын жазғым келді біздерге алып. Қуанып хат келген соң судай тастым, Конвертті жырта тастап, ішін аштым. Жазылған сөзін оқып қарағанда, Жүрегі қалтырайды біздей мастың. «Ассалаумағалайкум» деп хатқа жазған, Нəпсіге ерген жігіт жолдан азған. Əлеумет, жазған хатын оқып қарап, Тілмен айта алмаспын ақылым қаран.
Қыздың хаты
Ассалаумағалайкум, деп сəлем бердік, Біздерге арнап жазған хатты көрдік. Құпия сыр, ғашықтықты баян қылған, Мазмұнын ол хатыңнын оқып білдік. Сауалға жауап беру бізге міндет, Жазғаным бұл хатымды сыпайгерлік… Уағалайкумəссəлем сəлеміңе, Ойландым бізге жазған кəмеліңе. Жігіттік жел мінезді тоқтата алмай, Қайранмын жоқ нəрсеге əлегіңе. Ол бастан хақ жаратқан махаббатты, Алланың əр не қылса үкімі қатты. Біреуге беріп, біреуге бермей қойған, Күші жоқ жан өзгертпес құдіреті. Шығарып хиялыңнан ұмыт бізді, Жаздың хатты күйеуге берген кезде. Екі жыл мұнан бұрын тап келмедің, Бұйрық жоқ қосылуға екеумізге. Салдың ба жеңілдікке мінезіңді, Байқамай түрлі сөзді жаздың бізге. Баяндап ғашық жайын жазыпсың хат, Қалғандай кей сөзіңнен көңілде тат. Сөзіңді, жаным жігіт, сөйле абайлап, Алысқа көп ұзатпа, тіліңді тарт. Мал берген біреудің жесірімін, Қос жұртты əзіл сөзге қылам ба мерт. Той қылып, құда болып құйрық жесіп. Мал сізге, қыз бізге, деп айтылған шарт. Əркімдер ақылды дер мені мақтап, Мен батаны бұзбаспын сүрені аттап. Мойныма жұрт батасы ауып кетсе, Құлармыз тор көпірден тайғанақтап. Қос жұртым жауыз дұға қылар маған, Болған соң пиғылым көпке ұнамаған. Қалыпқа бейуада үйренген соң, Тағы да опа қылман жаным саған. Ғибрат кітаптарын оқып қара, Оңбаған жауыз дұға алған адам. Ренжиді ар төккенге атам-анам, Тоқтарсың бұл сөздерге болса санаң. Ерің мен ата-ана, ұстазыңды Бұйырған ренжітпе деп, Хақ тағалам. Əркімнің ішкі сыры Аллаға аян, Сабырдың таяғына мықтап таян. Айып етпе, үгіт айтты деп, жаным бізді, Шағри сөздерімді еттім баян. Бейнелеп əр сөзіңе сөз қайтардым, Алдында жауаптарын болса ғаян. Хатыңда деп айтыпсың: жарын жаман Өтер, – деп, – əлі-ақ бастан шолақ заман. Бұл шолақ заманада сүйеніш аз, Күйініш көп көреді фəни адам. Көзің сал, бұл дүниеге келген жанға. Мақсаты болған адам бар ма тамам. Білемін өзім-дағы жар жаманын, Құдіреттің кім бұзады бұйырғанын. Тағдырға риза болып, сабыр ойлап, Сапардан сабыр еткен табылармын. Бақидың қызығынан үмітім көп, Фəңидің аз қызығын не қыламын. Сабырдың ақырында сауабы зор, Жар заман бола берсін, көңілі көр. Жаманға жақсы қарсы кез келген соң, Құдайға шүкір айтар, қара да тұр… Мен-дағы жаман ерге сабыр етсем, Өлгенше жаманыма дұрыс кетсем. Сабыр қылған бəнделер қатарында, Құдайдан қабылдығын үміт етсем. Екі ізгі іс, бір орында қосылмай ма, Жадқа ал, бір Құдайды осындайда. Барына шүкір, жоғына сабыр етсе, Ол пəнде орын жұмақта деген қайда? Əзелде Тəңірі оған нəсіп еткен, Тағыдырды пəнде бар ма бұзып кеткен. Жесірін жатқа бермес, намысы қатты, Табыннан құтыламын не себептен? Болғанда жарым жаман, өзім жақсы, Қосылған қос жақсыны іздеп тапшы. «Жақсы əйел жаман ерді жақсы еткен» деп, Бұрынғы нақыл айтқан Мұса патша. Нақылы бұрынғының болса рас, Еншалла, менің жарым жаман болмас. Тимесе бір Құдайдың шын қарғысы, Бейшараң ол сорлыны жаман қылмыс. Жарымның жамандығын білдірмеспін, Құрбыға, əзілге олжа қылдырмаспын. Шөп тастап, жар көзіне масқаралап, Көңілін бозбаланың таңдырмаспын. Сыйлармын қонақ келсе құрмет етіп, Болса да жарым топас, өзім жетік. Пəленше үйді-түзде бірдей-ақ деп, Келгендер мені кетер мадақ етіп. Сөзіңе сөз қайтарып қалам тұтты, Өсегі көп болса да біздің жұрттың. Бөгет көп, мен көрсеттім, өте алмаймын, Зейіні бар, түсінер деп үміт еттім. Миуа жоқ сізге нəсіп бұл шарбақтан, Іздеңіз ол миуаны бөтен бақтан. Тең құрбым қатар өскен болғаннан соң, Сөзіңді түсірмедім ілтипаттан. Сауалға жауап беру бізге парыз, Өтедім жауап жазып бойдан қарыз. Ақырын сөздің былай тамам еттім, Жауапсыз қалмасын деп сіздің арыз. Сөз жазған осындай деп Гүлкəшима, Жақсы ат жоқ бұл дүниеде ұрғашыға. Дос болып қатар өскен біз қалайық, Ренжітпе көңілінді «болмашыға». Жазыпты осылай деп келген хаты, Хатты оқып тұла бойым қалтырапты. Ғашықтық басқа түссе қиын екен, Бойымнан қысылғаннан терлер ақты. Бұл хатты оқып көрдім келгеннен соң, Не шара Тəңірім қайғы бергеннен соң… Ол қызға сөз салмаққа ой ойладым, Баладан жатар орнын білгеннен соң. Інісі Сүлейменнің барып келді, Бірсыпыра хабарға қанып келді. Сөйлесе жар иесі келген екен, Іс соңын, не боларын танып келді. Ретін тауып мен бардым сұлу қызға, Қарсы алып қыз да келді бірер сөзге: – Жайымды жазған хатта айтып едім, Тоқтамай жігіттікпен келдіңіз бе? – Мен сізді көрген соң болдым ғашық, Хат жаздым ғашықтықпен сырымды ашып. Бойымда мерезім жоқ жұға-тұғын, Не болды, сұлу, сізге мұнша қашып? – Біреуге Тəңірі мені нəсіп еткен, Тағдырды адам бар ма бұзып кеткен. Іздесе бізге қойған аманатын, Жарымнан құтыламын не себептен? Уақытым жақындады көре-тұғын, Серттесіп жар соңына ере-тұғын. Несіне аз күн үшін ұмтылайын, Қосылып болмаған соң жүре-тұғын. Айырылып аманаттан тұра алмаспын, Шөп тастап жар көзіне жүре алмаспын. Айтысқан ата-анамыз сертті бұзып, Ұялмай жардың жүзін көре алмаспын. Айтайын мағлұм болсын сізге халім, Ілгері тілеуім бар менің жаным. Тудырған бұзық болса аналары, Кейінгі не болмақшы балаларым. Нəсілін адамзаттың өрбітуге Біздерді Хақ жаратқан шамаладым. Біздерді жолымыздан жаңылтуға Семірткен несіңе еріп қамаладың. Тəңірге уағада етіп, ұрып қадам, Көтерген ауыр жүкті пəни адам. Əйелден адам оғлы өрбіген соң, Салмағы ауыр жүктің түскен маған. Міндетті мойнымыздан біз тастасақ, Ауыр жүк көтеруші болар ғадам. Жеңілдікті таста, жігіт, тəуба ойла, Халқыңа шамаң келсе тигіз пайда. Міндетті ауыр жүкті шын көтерсең, Мақшарда отырарсың қоңыр жайда. Мен айттым: тоқта, сұлу, бермен қара, Біздерге уағыз айтып, болма əуре. Сіздердің үгітіңізді байымдауға, Бұл күнде бүтін емес, көңіл шала. Біздерге үгіт айтпа, айтшы ықыласың, Сіз үшін əуре болған ғаріп басым. Шыныңды айтып кетші тым болмаса, Біздерге көңілің қалай, замандасым? Кей кезде ақыл, көңіл қосылмаған, Біраздан ол екеуі жосылмаған, Міндетті ада етуді ғақыл айтса, Ғақылға көңіл мойын ұсынбаған. Көңіліме ажарыңмен салдың жара, Салған соң Тəңірім басқа не дүр шара?! Суынан ғашықтықтың, асыл затым, Сізге де татқызды ма хақ тағала? – Ей, жігіт, сал құлағың мынау кепке, Іш толған шыдамайсың қайғы-дертке. Сұраған терең жерден суалыңа Бұл күнде жауап беру келмейді епке. Білерсің бір уақытта сабыр етсең, Азырақ ішкі дертке жəбір етсең, Жазармын бір записка жайымды айтып, Сен менің ұзатылар күнім күтсең. Ішкі сыр запискамнан болар ғаян, Жасырмай хатқа жазып етсем баян. Ол күндер алыс емес, оған шейін Сабырдың таяғына мықтап таян… Біздерден болмас істі үміт етпе, Жалмауыз ере берме нəпсі итке. Дүниенің кемдік-кетік əрбір ісі, Дұшпан боп жоқ нəрсе үшін бізге кетпе. Сөз бітті бұл сөзден соң, лаж құрыды, Сылбырап қыз жанынан сорлың тұрды. Мен емес еш адам да өте алмаған, Араға құдірет қазған үлкен орды. Ай жарым мұнан соң да өтті заман, Күн санап менің халім болды жаман. Көз жұмсам, ұйықтасам да алдымда қыз, Басыма диуаналық келді тамам. Тап келді бұл бір сауда жиырма үште, Ғашықтық қатты батты, тиді күшке. Біреудің жесіріне не хайла бар, Бармас па ем дауым болса, жүгініске. Күз болып, күземді алып, көшпелі елдер, Қатарлап тізген шақта, түйе көшке, «Медетбай үш күннен соң той қылады», – Дегенді мен есіттім бір күн кешке. – Сəтіне сəрсенбінің той қылады, Əр жерден шақырылған жұрт келеді. Ат жарыс, атан жарыс, алтын қабақ, Мереке, балуан тұрып көп болады. Медетбай қыз ұзатқан отау жауып, Ат, құнан бəйге алады оза шауып. Етпекке бір үлкен той жеті болды, Қымызын жиғанына бие сауып. Бұл сөзді есіткен соң біздің құлақ, Жер бар ма үйде жатар жаным шыдап. Той болар сəтті күннен бір күн бұрын, Ерттедім мен атымды жылдамырақ. Мен ерте жабдық салдым кер жорға атқа, Шыдасын неге жаным сəламатта. Бұл тойға не себептен асығамын, Ол сұлу кеткеніне көңіл шат па? Шат болу бізге қайда, замандасым, Бұл іспен əуре болған ғаріп басым. Ішім жалын, сыртта түтін көрінбейді, Ағады іш елжіреп көзден жасым. Түс қыза жұртпен қатар келдім тойға, Тап болды бір селкілдек тұла бойға. Бойында Қарасудың байдың ауылы – Тойға арнап алты үй тіккен көгал ойға. Анадай алыс жерде жасыл шатыр, Ішінде мекен еткен күйеу батыр. Жүгірген арлы-берлі ошақшылар, Тұс-тұстан, топ-топ адам келе жатыр. Ақ орда байдың тіккен көл қасыңа, Үй толған сегіз қанат ұрғашыға. Бəрін де сəулетінің асырыпты, Түсер деп жұрт назары болмашыға. Ақ киіз қыз отауы қызыл-жасыл, Отаудың іші-тысы бəрі де асыл. Ішінде қыз-келіншек басын қосқан, Отырған ортасында бекзат нəсіл. Ас үйге түсірісіп тойдың асын, Топ адам айналып жүр ошақ басын. Адамға екі жүздей қанша табақ, Кетеді білген адам есептесін. Ақсақал, қожа да бар, молда да бар, Теңселген төрт аяғы жорға да бар. «Той асы – хақ қазынасы бай ғана емес», Келсе орын арылмаған сорға да бар. Қолға алған домбырасын жыршы да бар, Іздеген ойын-күлкі тойшы да бар. Не жандар жұрт жиылса көрінбейді, Жанында жан торсығы қойшы да бар. Халыққа табақ-табақ ас тартылды, Жегенмен таусылмады, көп артылды. «Той асы – хақ қазынасы» деген рас, Ас толған ғаріп-қаби елге артылды. Ат жарыс, балуан күрес ойын қылды, Медетбай келістіріп тойын қылды. Мүшеге шапан алып, теңге алып, Тиісті ата ұлы сыйын көрді. Мүше алып, мерекесін көргеннен соң, Қол жайып ақсақалдар бата берді. Мырзаға қош айтысып, атқа мініп, Адамдар жер ортасы қайтады енді. Мырзаға қош-сау айтып, атқа мініп, Үлкендер үйді-үйдіне кетті қайтып. Жиылған кеш тартысқа бозбаланы Күн батпай кешіктірді көп сарғайып. Шатырда мекен еткен күйеу батыр, Қарасам, ішке түсер заман ақыр. Қоқанның зекетшісі жатқан үйдей, Көзіме теріс көрінер жасыл шатыр. Сарғайытқан бозбаланы күн де батты, Бетіне қараңғы түн перде тартты. Мойнынан өз қызметін күн атқарып, Міндетін бұл тартыстың түнге артты. Қызарып күн де батты таудан асып, Ақ үйден шықты қыздар қадам басып. Тартысқа белгіленген үйге қарай, Жөнелді сыңсып олар қатарласып. Сыңсыған сүйгенінің даусын естіп, Ағызды көзден жасын біздей ғашық. Ішінде көп жұлдыздың айдай еді, Қайтейін, болмаған ғой маған нəсіп. Налимын жеке отырып жаппар хаққа, Қара түн туғыздың деп біз бейбаққа. Отырған жерде жауды жоқ қылсам деп, Кей-кейде көз саламын шатыр жаққа. Жиылды қыз, бозбала үлкен үйге, Жыршылар домбырасын салған күйге. Бай, жарлы, жастар келді сексен-тоқсан, Келіпті бай қыздары мінген күйме. Бəрі де тойға келген ермек үшін, Мереке, ойын-күлкі көрмек үшін. Əкімдер, дос-досымен бірер күнге, Қымсынбай емін – еркін жүрмек үшін. Киінген қыз-келіншек аянбай-ақ, Қосылған Қозы Көрпеш – Баяндай-ақ. Іші тар Қодар құлдай қыз қорыған, Келіпті кей кемпірлер қолда таяқ. Жиылып түгелденді жұрттың бəрі, Жастардың ойын-күлкі ынтызары. Жиылған бір өңкей жас назар салсаң, Болмаса Қодар құлдай кейбір кəрі. Шай ішіп, ет жеген соң басталды ойын, Барады енді қызып осы жиын. Əуелі өлең, екінші ойын жасап, Сауық қып отырысты түні бойын. Бір ақын той бастады домбыра алып, Тыңдады жиылған жұрт құлақ салып. Байлығын Медетбайдың баян етіп, Тастады біраз жерге алып барып. Қыздар да екеу-екеу əнге салған, Жамандар жүрексінген айтпай қалған. Қыз ойнақ, той тартысы бозбалаға, Көрінер сүйкімдірек дүние-малдан. Шаттанған жұрттың бəрі ойнап-күліп, Жалғыз-ақ мен екенмін түскен бүлік. Бұл сауда басқа түспей тұрған күнде, Кетуші ем осындай да аттай желіп. Сол кезде ішімде от, тысым жалын, Қайғымен түсім сынық, көңілім жарым. Көрген соң мұның бəрін қайнайды ішім, Болған-ды бір жасаған медеткəрім. Көрген соң бұл шаттықты қайнайды ішім, Оңбаған о бастан-ақ қылған ісім, Бұхардың шынжырлаған бурасындай, Қайраймын сықырлатып отыз тісім. Айтпаққа қызға жар-жар көңілім кетті, Бұл қайғы жиырма үште əуре етті. Озған соң, түн ортасы таңға жақын, Айтатын қызға жар-жар уақыт жетті. Бұл қиял келді де ойға тысқа шықтым, Салғанын көрейін деп жаббар хақтың. Кеткен соң ішім толып қайғы-дертке «Уф», – дедім, леп шығардым, көкке бақтым. Кеткен соң ішім толып қайғы-дертке, Сыймайды лоблып көңілім көкірекке. Бір суып, бір қызады ғазиз денем, Қараймын көзім салып төңірекке. Аспанда жұлдыз жті жыбырлаған, Жан-жəндік бəрі ұйқыда қыбырлаған. Іштегі хасіретіме түсінгендей, Жұлдыздар бір-біріне сыбырлаған. Бір суып, бір қызады ғазиз денем, Жапам көп болғаннан соң хиял терең. Зорланып ой суына шомыған соң, Құралып сөздің басы келді білем. Қалтырап қадам басып, жетіп келдім, Өлеңді қыз тұсынан қоя бердім. Бұл фəни дүниенің аз күнінде, Басына не келмейді ғазиз ердің. Сол жерде бес-алты ауыз «аужар» айттым, Тартуға ілтипатын əлеуметтің. Жамағат, оны-дағы тыңдап қара, Мазмұны мынау болды айтқан кептің: – Ақ бөкебай орамал, Басыңда дүр, жар-жар-ай, Жарыса өскен қатарың Қасыңда дүр, жар-жар-ай,. Оң жақта сүрген дəуреннің, Біткен күні, жар-жар-ай, Орамал кеткен басыңнан Жасыңда дүр, жар-жар-ай, Құрбыңменен ойнаған Ақырғы түнің, жар-жар-ай, Сəскеден қалмай таң атса, Табарсың жөнін, жар-жар-ай. Енесінен айырылған Балапандай, жар-жар-ай, Ертеңнен соң естіліп Шықпас үнің, жар-жар-ай. Артыңда қалар желкілдеп, Туған жерің, жар-жар-ай. Кіріңді аққан суына Жуған жерің, жар-жар-ай. Қатарыңмен қосылып, Қарындасым, жар-жар-ай, Талай қызық заманды, Қуған жерің, жар-жар-ай. Артыңда қалар жыласып, Туған елің, жар-жар-ай. Қынай белің жібекпен Буған жерің, жар-жар-ай. Ішімізден кетті деп, Бір асыл зат, жар-жар-ай, Көзден жасын төгеді, Саған елің, жар-жар-ай. Артта қалып еңірейді Туған атаң, жар-жар-ай. Көзінің жасын көрген соң, Қозар жапаң, жар-жар-ай. Келін болып түскен соң Бөтен елге, жар-жар-ай. Ботасынан айырылып, Боздайды анаң, жар-жар-ай, Кеткеніңе елегізіп, Төзбейді анаң, жар-жар-ай. Келін болып барған соң, Бөтен үйге, жар-жар-ай. Ойға түсіп мұндағың, Кетер мазаң, жар-жар-ай. Ағаң менен артыңда Інің қалды, жар-жар-ай. Оң жақтағы ойнаған Күнің қалды, жар-жар-ай. Шұға киген қыз есімің Өзгеріліп, жар-жар-ай. Жаулық түсіп басыңа Келін болдың, жар-жар-ай. Айнала сан назарың Қарындасым, жар-жар-ай. Бəрі сенің қатарың, Қарындасым, жар-жар-ай. Жылашы қыз-ау, жылашы, Ғамгүн болып, жар-жар-ай. Біліміңді қараң батарын, Қарындасым, жар-жар-ай. Ағайының ішінде Жүрмек қайда, жар-жар-ай. Енді саған қатармен, Күлмек қайда, жар-жар-ай. Жылап-сықтап сəскеде Жөнелген соң, жар-жар-ай. Күлмек түгіл, жүздерін Көрмек қайда, жар-жар-ай. Бикеш жан деп сыйласқан Жеңгең қалды, жар-жар-ай. Аман бол деп көзіне Жастар алды, жар-жар-ай. Кетеріңді білген соң, Осы отырған, жар-жар-ай. Əлеуметтер бастарын, Төмен салды, жар-жар-ай. Тамшылайды етекке, Көздің жасы, жар-жар-ай. Бір елдегі сен едің Қыздың басы, жар-жар-ай. Көзінің жасы мөлтілдеп Тұсында тұрып, жар-жар-ай. Ғашығың айтқан «аужары» Сөздің расы, жар-жар-ай. Жар-жарды осылайшы болдым айтып, Ғашықтық қатты батты көп сарғайтып. Шыдар ма қыз жыламай, тас та болса, Бұл дəурен қайта айналып келмес қайтып. Бір кезде қыз сыңсыды қайғыланып, Əркімнің іш қайғысы өзіне анық. Жылайды не нəрсе ойлап ол сұлу қыз, Ол сыры өзіне аян, маған танық. Қыз сыңсып тап сол жерде көп жылайды, «Аман боол, қайран жұртым», – деп жылайды. Тиеді атқан оқтан маған зият, Күмістей қыздың даусы сылдырлайды. Бар екен ол жиында бірл келіншек, Болмайын, баяндайын, мен еріншек. Өзі де қызыл тілдің бұлбұлы екен, Емес-ті жеңіл малдай ол сүріншек. Ол бұлбұл отыр екен қызға жалғас, Көп аса қалжың сөзге құлақ салмас. Қыз сыңсыған кезекте шешен болмай, Жалпы əйел көңіл ашып жұбата алмас. Лебіз ашып ол келіншек бастайды сөз, Жұбатты қызды өлеңмен ұзатпай тез. Көңіл ашып айтқан соң орынды ғып, Сыңсыған қыз бейшара басылды тез. Тамаша жұрт таң қалды жас əйелге, Ақылы кең, жас та болса, бас əйелге. Бұл ақыл бір өзінде тұрған шақта, Нəпсіге тізгін беріп асылы ерме. Немере жеңгесі екен ол жас қатын, Жақсының кім сөгеді жұрағатын. Қонымды сөз айтқан соң халайыққа, Тойтармас шешен ерлер сөз ұятын. Ғашықтық қайғысымен тарттым азап, Асыра сөздер айттым қызды қажап. Айыпқа оқырмандар алма мені, Салдары ғашықтықтың қылды кəззап. Жарасты жас келіншек сөзін айтты, Жылаған сыңсып қыздар үйден қайтты. Оның да сөзін жазып бұл кітапқа Оқыған қуантайын əлеуметті: Жарыса өскен қатарың, Осында дүр, жар-жар-ай. Жолаушының тілеуі Қасында дүр, жар-жар-ай. Əйелдің көрген дəуіріне Əлеуметім, жар-жар-ай. Алған адал жарының Тұсында дүр, жар-жар-ай. Оң жақта қыз жүгенсіз, Атттай болар, жар-жар-ай. Жерде жатқан тот басып Заттай болар, жар-жар-ай. Əйел – ханым, жігіт – хан, Деп айтылған, жар-жар-ай, Бұрынғының нақылы Хаттай болар, жар-жар-ай. …Жұртың үшін жылама, Шын жұртың онда, жар-жар-ай. Аз күн бізге қонақсың. Тұрмайсын мұндаб жар-жар-ай. Халалыңа қосылып, Тілекте болсаң, жар-жар-ай. Көп мереке қызықты Көрерсің сонда, жар-жар-ай. Жар-жарын жас келіншек айтып болды, Жылауын өксіп-өксіп қыз да қойды. Ішімде зор қызғаныш пайда болып, Көрсетті сұр жыландай жиын тойды. Дал болып мен отырмын жерге қарап, Тұс-тұсқа зейін, пікір кетті тарап. «Əлпірақ» деген бір сөз ойға түсіп, Сандалған бір Мəжнүнмін халім харап. Жаныма сол үақытта біреу келді, Қолыма төрт бүктелген қазағаз берді. Əкелген он-он бірде жас бала екен, Бұл хатты апам саған берді деді. Оңаша жерге жалғыз шығып алдым, Азырақ көздің жасын сығып алдым. Жалма-жан оттық жағып, жарық қылып, Мазмұнын ол қағаздың ұғып алдым. Мінекей, білгің кедсе жазған сөзі, Дүниенің харам болар келді кезі. Япырмай, не ғылған жан, ішкі сырын, Сақтаған ешкімге айтпай жалғыз өзі.
Вам также может понравиться
{"page":{"canonicalUrl":"https://bookra.app/books/2zVGthGq","pageTitle":"Гүлкәшима (Мұхаметжан Сералин) — полный текст, краткое содержание, анализ и герои","metaDescription":"Полный текст книги «Гүлкәшима». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","headingTitle":"«Гүлкәшима». Читать бесплатно онлайн","headingSubtitle":"Мұхаметжан Сералин","structuredData":[{"@context":"https://schema.org","@type":"BreadcrumbList","@id":"https://bookra.app/books/2zVGthGq#breadcrumb","itemListElement":[{"@type":"ListItem","position":1,"name":"BookRa","item":"https://bookra.app/"},{"@type":"ListItem","position":2,"name":"зарубежная поэзия","item":"https://bookra.app/genre/5213"},{"@type":"ListItem","position":3,"name":"Гүлкәшима","item":"https://bookra.app/books/2zVGthGq"}]},{"@context":"https://schema.org","@type":"WebPage","@id":"https://bookra.app/books/2zVGthGq","url":"https://bookra.app/books/2zVGthGq","name":"«Гүлкәшима». Читать бесплатно онлайн","description":"Полный текст книги «Гүлкәшима». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","breadcrumb":{"@id":"https://bookra.app/books/2zVGthGq#breadcrumb"},"mainEntity":{"@id":"https://bookra.app/books/2zVGthGq#work"},"primaryImageOfPage":{"@type":"ImageObject","url":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/319e7394-d8c0-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp"}},{"@context":"https://schema.org","@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/2zVGthGq#work","name":"Гүлкәшима","url":"https://bookra.app/books/2zVGthGq","description":"Полный текст книги «Гүлкәшима». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","image":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/319e7394-d8c0-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","inLanguage":"kk","genre":["зарубежная поэзия","стихи и поэзия"],"sameAs":["https://litres.ru/book/m-hametzhan-seralin/gulk-shima-22579254/"],"author":[{"@type":"Person","@id":"https://bookra.app/author/27b368fe-d8c0-11e6-a862-0cc47a545a1e#person","name":"Мұхаметжан Сералин","url":"https://bookra.app/author/27b368fe-d8c0-11e6-a862-0cc47a545a1e"}],"about":[{"@type":"Thing","name":"зарубежная поэзия"},{"@type":"Thing","name":"стихи и поэзия"},{"@type":"Thing","name":"чтение онлайн"},{"@type":"Thing","name":"саммари"},{"@type":"Thing","name":"AI-разбор"},{"@type":"Thing","name":"персонажи"},{"@type":"Thing","name":"цитаты"}],"workExample":{"@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/2zVGthGq#edition","url":"https://bookra.app/books/2zVGthGq","bookFormat":"https://schema.org/EBook","inLanguage":"kk","sameAs":["https://litres.ru/book/m-hametzhan-seralin/gulk-shima-22579254/"],"isAccessibleForFree":true,"potentialAction":{"@type":"ReadAction","name":"Читать бесплатно онлайн «Гүлкәшима»","target":{"@type":"EntryPoint","urlTemplate":"https://bookra.app/books/2zVGthGq","actionPlatform":["https://schema.org/DesktopWebPlatform"]},"expectsAcceptanceOf":{"@type":"Offer","category":"nologinrequired"}}}}],"book":{"idCatalog":761874,"shortId":"2zVGthGq","title":"Гүлкәшима","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/319e7394-d8c0-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","annotationText":"","catalogType":"PUBLIC_DOMAIN","catalogTypeLabel":"Общественное достояние","authorLine":"Мұхаметжан Сералин","authors":[{"id":"27b368fe-d8c0-11e6-a862-0cc47a545a1e","displayName":"Мұхаметжан Сералин","protectedUrl":"/author/27b368fe-d8c0-11e6-a862-0cc47a545a1e","wikipediaUrl":null,"wikidataUrl":null}],"genres":[{"id":5213,"title":"зарубежная поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5213"},{"id":5267,"title":"стихи и поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5267"}],"keywords":[],"facts":[{"key":"dateWritten","label":"Дата написания","value":"1970-01-01"},{"key":"bookLanguage","label":"Язык книги","value":"kk"},{"key":"adult","label":"Возрастное ограничение","value":"12+"}],"seoSections":[],"authorSummary":null,"hasArtifacts":false,"canReadInApp":true,"readUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=r_761874","artifactsUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=b_761874","readCtaLabel":"Читать бесплатно","artifactsCtaLabel":"AI-разбор","appReadLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=r_761874","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=r_761874","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=r_761874","web":"https://web.bookra.app/?startapp=r_761874"},"appAnalysisLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=b_761874","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=b_761874","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=b_761874","web":"https://web.bookra.app/?startapp=b_761874"},"guestReaderUrl":"/books/2zVGthGq?page=3#reader-content","authorCtaLabel":"Все книги автора","authorProtectedUrl":"/author/27b368fe-d8c0-11e6-a862-0cc47a545a1e","readersCount":0,"adultLabel":"12+","yearLabel":null,"datePublished":null,"publisherLabel":null,"isbn":null,"oclc":null,"lccn":null,"partnerUrl":null,"accessNote":"Полный текст книги и AI-разбор откроются на защищенных страницах BookRa после входа."},"reader":{"page":3,"totalPages":4,"hasPrev":true,"hasNext":true,"prevPageUrl":"/books/2zVGthGq?page=2#reader-content","nextPageUrl":"/books/2zVGthGq?page=4#reader-content","progressLabel":"Страница 3 из 4","sections":[{"id":"content0:11","kind":"heading","text":"Жігіттің хаты"},{"id":"content0:12","kind":"paragraph","text":"Хат жазып сəлем айтым асыл затқа, Сөзімді сəлемменен жаздым хатқа. Пиғылын тəкаппарлық жұмсай қоймас, Алар деп жазған сөзді ілтифатқа. Құпия сыр, құпия тұтпай əшкере етіп, Ғаріпты қалдырмаңыз зор ұятқа. Көрген соң ғашық болдым жүзіңізді, Жауһардан бəсі қымбат көзіңізді. Күйген соң ғашық отына алдым қалам, Күлкіге шығармаңыз сөзімізді. Ғашықтық оты түсті басқа, етті алаң, Бермеді көркем сабыр Хақ тағалам. Бұл сауда есімді алып, ішімді от қып, Күйдіріп өртеген соң алдым қалам. Мен бір ай бұдан бұрын сізді көрдім, Мазасыз көркіңізге қарай бердім. Бір ұшқын көзіңізден бізге түсіп, Лыпылдап өртеп кетті, шыдап жүрдім. Күйдірді түскен ұшқын ғашық майын, Ауданы үлкейеді сағат сайын. Жалыны көпке бармас басылар деп, Ол отқа сабыр суын қауғалайын. От сөңбей, түгесілді сабыр суы, Қауғаға көтерілді ғашық туы. Ішімде қатты жаңып, қайнатқан соң, Ақылдың көзін шалды нəпсі буы. Ақылдың нəпсі буы шалды көзін, Қалмады шыдауыма ешбір төзім. Аузымнан соның үшін шығып жатыр, Мен сізге ғашық болдым деген сөзім. Көзіме көріңдіңіз хор қызындай, Ақшамның өмір зая жұлдызындай. Қара шаш, қара қастың қаралығы, Қытайдың пұлы қымбат құндызындай. Мен көрдім шыбық талдай бойыңызды, Бұйырған ырыстыға тойыңызды. Құпия сырымды ашып жазған хаттан, Білерсіз оқысаңыз ойымызды. Көргенде бойыңызды жаутандадым, Саудадан көңілім суып қайта алмады. Ауыз екі айтпақ емес, хатқа жазып, Хəлімді көпке дейін айта алмадым. Көптеген соң сырымды ашып жазған хатым, Салғай деп жазған хатқа ілтипатын! Берсеңіз, бермесеңіз, сіз білесіз, Асыл зат қолыңызда рахатын. Сізді ойлап ұйқы қашқан екі көзден, Түсінер пайымды адам айтқан сөзден. Сөзімді жүз қайтара жақсаңыз да, Өлгенше рахымыңыздан күдер үзбен. Ғашықпын сізге сырлас болмақ үшін, Күйген соң қайғы отына кетті күшім. Ақыл мен мінез, сипат бірге қосып, Құдайым сізге берген артық пішін. Болуға бізге сырлас көңіл беріп, Болсаңыз жан жолдасым өмір серік. Жанымда ерте-кешті сіз болған соң, Кетер ет қорғасындай бойым еріп. Басыма жиырма үште түсті сауда, От түсті қурап тұрған қалын қауға. Бізде арман бұл дүниеде қалар ма еді, Жарқырап отырсаңыз ақ отауда. Не пайда Тəңір сізді шетке жазған, Сонда да үмітім көп сұлу наздан. Мал берген сізге ажарсыз жаман жігіт, Көрер деп біздерді артық ақылы аздан. Дүние өтер басыңыздан желдей зулап, Қалалық өтпес бұрын көңілді аулап. Біздерге шын көңіліңіз қосылмаса, Оқа жоқ жұбатсаңыз да азын-аулақ. Қатты дерт көкіректе болды пайда, Некелеп алар сізді заман қайда? Өзіңіз бір ақылды таппасаңыз, Құрбыңыз таба алмады ешбір жайлы. Қайғымен көкірегін ашылмайды, Ғашық оты өлгенімше басылмайды. Ойлаңыз шама қылып, зейініңізбен, Сүймеске ешбір адам асылмайды. Тобылдай мекен жайын, Үңгіт затым, Халыққа мағлұм еді жазған хатым. Атақты Тілеуберден жыршыңыздың, Баласы Баймұхаммет болады атым. Біздерді қалмағайсыз мазақ етіп, Бұл дəурен бастан кетер əлі-ақ өтіп. Жіберіп бұл хатымды сіз тарапқа, Ынтызар жауабыңызға, қалдым күтіп. Осындай бір хат жаздым ақ қағазға, Қылғаны жөн болады ақылы азға. Конверттеп, иісті майлап, қызыл қағаз, Баладан жіберуге сұлу назға. Жібердім осылай деп бір хат жазып, Қайғымен кеткеннен соң жүдеп-азып, Сөкпеңіз бейшараны, оқыған жан. Саудасы ғашықтықтың сондай нəзік. Желіксе ғашықтықпен қайран көңіл, Жас ағар қара көзден ағыл-тегіл. Жалғыз-ақ бұл дүниеде мен емеспін, Əркімде болған шығар осы пиғыл. Ғашықтық қайғысынан өлгендер көп, Мəжнүн ғақлы зая болғандар көп. Сүйгені бөтен жерге нəсіп болып, Айырылып шыбын жаннан қалғандар көп. Біреуге ғашықтықтың оты түссе, Толтырып ол саудадан аяқ ішсе. Ақылы Аплатонның бітсе-дағы, Сарғайып қайғыменен болар құса. Дүниенің келгені не, кеткені не, Абырой, ар төгіліп біткені не. Сүйгені бөтен жарға нəсіп болса, Беймезгіл бұл дүниеден өткені не? Мен-дағы арақ ішкен мас адаммын, Сүйгенсіз күні қараң жас адаммын. Саудасы ғашықтықтың басқа түссе, Ериді көңілі де тас адамның. Көңілімді бұл саудамен қайғы басқа, Жүдедім ада болып ішер астан. Бір хабар ол сұлудан келе ме деп, Ынтызар бола-бола ұйқым қашқан. Арада бұл қалыппен үш күн өтті, Ынтызар бола-тұғын уақыт жетті. Сыртында жазуы жоқ, түсі қызыл, Бүктелген көзім көрді бір конвертті. Інісі Сүлейменнің келді барып, Оқыпты қыз хатымды назар салып. Сол жақта үш күн жүріп айналақтап, Жауабын жазғым келді біздерге алып. Қуанып хат келген соң судай тастым, Конвертті жырта тастап, ішін аштым. Жазылған сөзін оқып қарағанда, Жүрегі қалтырайды біздей мастың. «Ассалаумағалайкум» деп хатқа жазған, Нəпсіге ерген жігіт жолдан азған. Əлеумет, жазған хатын оқып қарап, Тілмен айта алмаспын ақылым қаран."},{"id":"content0:13","kind":"heading","text":"Қыздың хаты"},{"id":"content0:14","kind":"paragraph","text":"Ассалаумағалайкум, деп сəлем бердік, Біздерге арнап жазған хатты көрдік. Құпия сыр, ғашықтықты баян қылған, Мазмұнын ол хатыңнын оқып білдік. Сауалға жауап беру бізге міндет, Жазғаным бұл хатымды сыпайгерлік… Уағалайкумəссəлем сəлеміңе, Ойландым бізге жазған кəмеліңе. Жігіттік жел мінезді тоқтата алмай, Қайранмын жоқ нəрсеге əлегіңе. Ол бастан хақ жаратқан махаббатты, Алланың əр не қылса үкімі қатты. Біреуге беріп, біреуге бермей қойған, Күші жоқ жан өзгертпес құдіреті. Шығарып хиялыңнан ұмыт бізді, Жаздың хатты күйеуге берген кезде. Екі жыл мұнан бұрын тап келмедің, Бұйрық жоқ қосылуға екеумізге. Салдың ба жеңілдікке мінезіңді, Байқамай түрлі сөзді жаздың бізге. Баяндап ғашық жайын жазыпсың хат, Қалғандай кей сөзіңнен көңілде тат. Сөзіңді, жаным жігіт, сөйле абайлап, Алысқа көп ұзатпа, тіліңді тарт. Мал берген біреудің жесірімін, Қос жұртты əзіл сөзге қылам ба мерт. Той қылып, құда болып құйрық жесіп. Мал сізге, қыз бізге, деп айтылған шарт. Əркімдер ақылды дер мені мақтап, Мен батаны бұзбаспын сүрені аттап. Мойныма жұрт батасы ауып кетсе, Құлармыз тор көпірден тайғанақтап. Қос жұртым жауыз дұға қылар маған, Болған соң пиғылым көпке ұнамаған. Қалыпқа бейуада үйренген соң, Тағы да опа қылман жаным саған. Ғибрат кітаптарын оқып қара, Оңбаған жауыз дұға алған адам. Ренжиді ар төккенге атам-анам, Тоқтарсың бұл сөздерге болса санаң. Ерің мен ата-ана, ұстазыңды Бұйырған ренжітпе деп, Хақ тағалам. Əркімнің ішкі сыры Аллаға аян, Сабырдың таяғына мықтап таян. Айып етпе, үгіт айтты деп, жаным бізді, Шағри сөздерімді еттім баян. Бейнелеп əр сөзіңе сөз қайтардым, Алдында жауаптарын болса ғаян. Хатыңда деп айтыпсың: жарын жаман Өтер, – деп, – əлі-ақ бастан шолақ заман. Бұл шолақ заманада сүйеніш аз, Күйініш көп көреді фəни адам. Көзің сал, бұл дүниеге келген жанға. Мақсаты болған адам бар ма тамам. Білемін өзім-дағы жар жаманын, Құдіреттің кім бұзады бұйырғанын. Тағдырға риза болып, сабыр ойлап, Сапардан сабыр еткен табылармын. Бақидың қызығынан үмітім көп, Фəңидің аз қызығын не қыламын. Сабырдың ақырында сауабы зор, Жар заман бола берсін, көңілі көр. Жаманға жақсы қарсы кез келген соң, Құдайға шүкір айтар, қара да тұр… Мен-дағы жаман ерге сабыр етсем, Өлгенше жаманыма дұрыс кетсем. Сабыр қылған бəнделер қатарында, Құдайдан қабылдығын үміт етсем. Екі ізгі іс, бір орында қосылмай ма, Жадқа ал, бір Құдайды осындайда. Барына шүкір, жоғына сабыр етсе, Ол пəнде орын жұмақта деген қайда? Əзелде Тəңірі оған нəсіп еткен, Тағыдырды пəнде бар ма бұзып кеткен. Жесірін жатқа бермес, намысы қатты, Табыннан құтыламын не себептен? Болғанда жарым жаман, өзім жақсы, Қосылған қос жақсыны іздеп тапшы. «Жақсы əйел жаман ерді жақсы еткен» деп, Бұрынғы нақыл айтқан Мұса патша. Нақылы бұрынғының болса рас, Еншалла, менің жарым жаман болмас. Тимесе бір Құдайдың шын қарғысы, Бейшараң ол сорлыны жаман қылмыс. Жарымның жамандығын білдірмеспін, Құрбыға, əзілге олжа қылдырмаспын. Шөп тастап, жар көзіне масқаралап, Көңілін бозбаланың таңдырмаспын. Сыйлармын қонақ келсе құрмет етіп, Болса да жарым топас, өзім жетік. Пəленше үйді-түзде бірдей-ақ деп, Келгендер мені кетер мадақ етіп. Сөзіңе сөз қайтарып қалам тұтты, Өсегі көп болса да біздің жұрттың. Бөгет көп, мен көрсеттім, өте алмаймын, Зейіні бар, түсінер деп үміт еттім. Миуа жоқ сізге нəсіп бұл шарбақтан, Іздеңіз ол миуаны бөтен бақтан. Тең құрбым қатар өскен болғаннан соң, Сөзіңді түсірмедім ілтипаттан. Сауалға жауап беру бізге парыз, Өтедім жауап жазып бойдан қарыз. Ақырын сөздің былай тамам еттім, Жауапсыз қалмасын деп сіздің арыз. Сөз жазған осындай деп Гүлкəшима, Жақсы ат жоқ бұл дүниеде ұрғашыға. Дос болып қатар өскен біз қалайық, Ренжітпе көңілінді «болмашыға». Жазыпты осылай деп келген хаты, Хатты оқып тұла бойым қалтырапты. Ғашықтық басқа түссе қиын екен, Бойымнан қысылғаннан терлер ақты. Бұл хатты оқып көрдім келгеннен соң, Не шара Тəңірім қайғы бергеннен соң… Ол қызға сөз салмаққа ой ойладым, Баладан жатар орнын білгеннен соң. Інісі Сүлейменнің барып келді, Бірсыпыра хабарға қанып келді. Сөйлесе жар иесі келген екен, Іс соңын, не боларын танып келді. Ретін тауып мен бардым сұлу қызға, Қарсы алып қыз да келді бірер сөзге: – Жайымды жазған хатта айтып едім, Тоқтамай жігіттікпен келдіңіз бе? – Мен сізді көрген соң болдым ғашық, Хат жаздым ғашықтықпен сырымды ашып. Бойымда мерезім жоқ жұға-тұғын, Не болды, сұлу, сізге мұнша қашып? – Біреуге Тəңірі мені нəсіп еткен, Тағдырды адам бар ма бұзып кеткен. Іздесе бізге қойған аманатын, Жарымнан құтыламын не себептен? Уақытым жақындады көре-тұғын, Серттесіп жар соңына ере-тұғын. Несіне аз күн үшін ұмтылайын, Қосылып болмаған соң жүре-тұғын. Айырылып аманаттан тұра алмаспын, Шөп тастап жар көзіне жүре алмаспын. Айтысқан ата-анамыз сертті бұзып, Ұялмай жардың жүзін көре алмаспын. Айтайын мағлұм болсын сізге халім, Ілгері тілеуім бар менің жаным. Тудырған бұзық болса аналары, Кейінгі не болмақшы балаларым. Нəсілін адамзаттың өрбітуге Біздерді Хақ жаратқан шамаладым. Біздерді жолымыздан жаңылтуға Семірткен несіңе еріп қамаладың. Тəңірге уағада етіп, ұрып қадам, Көтерген ауыр жүкті пəни адам. Əйелден адам оғлы өрбіген соң, Салмағы ауыр жүктің түскен маған. Міндетті мойнымыздан біз тастасақ, Ауыр жүк көтеруші болар ғадам. Жеңілдікті таста, жігіт, тəуба ойла, Халқыңа шамаң келсе тигіз пайда. Міндетті ауыр жүкті шын көтерсең, Мақшарда отырарсың қоңыр жайда. Мен айттым: тоқта, сұлу, бермен қара, Біздерге уағыз айтып, болма əуре. Сіздердің үгітіңізді байымдауға, Бұл күнде бүтін емес, көңіл шала. Біздерге үгіт айтпа, айтшы ықыласың, Сіз үшін əуре болған ғаріп басым. Шыныңды айтып кетші тым болмаса, Біздерге көңілің қалай, замандасым? Кей кезде ақыл, көңіл қосылмаған, Біраздан ол екеуі жосылмаған, Міндетті ада етуді ғақыл айтса, Ғақылға көңіл мойын ұсынбаған. Көңіліме ажарыңмен салдың жара, Салған соң Тəңірім басқа не дүр шара?! Суынан ғашықтықтың, асыл затым, Сізге де татқызды ма хақ тағала? – Ей, жігіт, сал құлағың мынау кепке, Іш толған шыдамайсың қайғы-дертке. Сұраған терең жерден суалыңа Бұл күнде жауап беру келмейді епке. Білерсің бір уақытта сабыр етсең, Азырақ ішкі дертке жəбір етсең, Жазармын бір записка жайымды айтып, Сен менің ұзатылар күнім күтсең. Ішкі сыр запискамнан болар ғаян, Жасырмай хатқа жазып етсем баян. Ол күндер алыс емес, оған шейін Сабырдың таяғына мықтап таян… Біздерден болмас істі үміт етпе, Жалмауыз ере берме нəпсі итке. Дүниенің кемдік-кетік əрбір ісі, Дұшпан боп жоқ нəрсе үшін бізге кетпе. Сөз бітті бұл сөзден соң, лаж құрыды, Сылбырап қыз жанынан сорлың тұрды. Мен емес еш адам да өте алмаған, Араға құдірет қазған үлкен орды. Ай жарым мұнан соң да өтті заман, Күн санап менің халім болды жаман. Көз жұмсам, ұйықтасам да алдымда қыз, Басыма диуаналық келді тамам. Тап келді бұл бір сауда жиырма үште, Ғашықтық қатты батты, тиді күшке. Біреудің жесіріне не хайла бар, Бармас па ем дауым болса, жүгініске. Күз болып, күземді алып, көшпелі елдер, Қатарлап тізген шақта, түйе көшке, «Медетбай үш күннен соң той қылады», – Дегенді мен есіттім бір күн кешке. – Сəтіне сəрсенбінің той қылады, Əр жерден шақырылған жұрт келеді. Ат жарыс, атан жарыс, алтын қабақ, Мереке, балуан тұрып көп болады. Медетбай қыз ұзатқан отау жауып, Ат, құнан бəйге алады оза шауып. Етпекке бір үлкен той жеті болды, Қымызын жиғанына бие сауып. Бұл сөзді есіткен соң біздің құлақ, Жер бар ма үйде жатар жаным шыдап. Той болар сəтті күннен бір күн бұрын, Ерттедім мен атымды жылдамырақ. Мен ерте жабдық салдым кер жорға атқа, Шыдасын неге жаным сəламатта. Бұл тойға не себептен асығамын, Ол сұлу кеткеніне көңіл шат па? Шат болу бізге қайда, замандасым, Бұл іспен əуре болған ғаріп басым. Ішім жалын, сыртта түтін көрінбейді, Ағады іш елжіреп көзден жасым. Түс қыза жұртпен қатар келдім тойға, Тап болды бір селкілдек тұла бойға. Бойында Қарасудың байдың ауылы – Тойға арнап алты үй тіккен көгал ойға. Анадай алыс жерде жасыл шатыр, Ішінде мекен еткен күйеу батыр. Жүгірген арлы-берлі ошақшылар, Тұс-тұстан, топ-топ адам келе жатыр. Ақ орда байдың тіккен көл қасыңа, Үй толған сегіз қанат ұрғашыға. Бəрін де сəулетінің асырыпты, Түсер деп жұрт назары болмашыға. Ақ киіз қыз отауы қызыл-жасыл, Отаудың іші-тысы бəрі де асыл. Ішінде қыз-келіншек басын қосқан, Отырған ортасында бекзат нəсіл. Ас үйге түсірісіп тойдың асын, Топ адам айналып жүр ошақ басын. Адамға екі жүздей қанша табақ, Кетеді білген адам есептесін. Ақсақал, қожа да бар, молда да бар, Теңселген төрт аяғы жорға да бар. «Той асы – хақ қазынасы бай ғана емес», Келсе орын арылмаған сорға да бар. Қолға алған домбырасын жыршы да бар, Іздеген ойын-күлкі тойшы да бар. Не жандар жұрт жиылса көрінбейді, Жанында жан торсығы қойшы да бар. Халыққа табақ-табақ ас тартылды, Жегенмен таусылмады, көп артылды. «Той асы – хақ қазынасы» деген рас, Ас толған ғаріп-қаби елге артылды. Ат жарыс, балуан күрес ойын қылды, Медетбай келістіріп тойын қылды. Мүшеге шапан алып, теңге алып, Тиісті ата ұлы сыйын көрді. Мүше алып, мерекесін көргеннен соң, Қол жайып ақсақалдар бата берді. Мырзаға қош айтысып, атқа мініп, Адамдар жер ортасы қайтады енді. Мырзаға қош-сау айтып, атқа мініп, Үлкендер үйді-үйдіне кетті қайтып. Жиылған кеш тартысқа бозбаланы Күн батпай кешіктірді көп сарғайып. Шатырда мекен еткен күйеу батыр, Қарасам, ішке түсер заман ақыр. Қоқанның зекетшісі жатқан үйдей, Көзіме теріс көрінер жасыл шатыр. Сарғайытқан бозбаланы күн де батты, Бетіне қараңғы түн перде тартты. Мойнынан өз қызметін күн атқарып, Міндетін бұл тартыстың түнге артты. Қызарып күн де батты таудан асып, Ақ үйден шықты қыздар қадам басып. Тартысқа белгіленген үйге қарай, Жөнелді сыңсып олар қатарласып. Сыңсыған сүйгенінің даусын естіп, Ағызды көзден жасын біздей ғашық. Ішінде көп жұлдыздың айдай еді, Қайтейін, болмаған ғой маған нəсіп. Налимын жеке отырып жаппар хаққа, Қара түн туғыздың деп біз бейбаққа. Отырған жерде жауды жоқ қылсам деп, Кей-кейде көз саламын шатыр жаққа. Жиылды қыз, бозбала үлкен үйге, Жыршылар домбырасын салған күйге. Бай, жарлы, жастар келді сексен-тоқсан, Келіпті бай қыздары мінген күйме. Бəрі де тойға келген ермек үшін, Мереке, ойын-күлкі көрмек үшін. Əкімдер, дос-досымен бірер күнге, Қымсынбай емін – еркін жүрмек үшін. Киінген қыз-келіншек аянбай-ақ, Қосылған Қозы Көрпеш – Баяндай-ақ. Іші тар Қодар құлдай қыз қорыған, Келіпті кей кемпірлер қолда таяқ. Жиылып түгелденді жұрттың бəрі, Жастардың ойын-күлкі ынтызары. Жиылған бір өңкей жас назар салсаң, Болмаса Қодар құлдай кейбір кəрі. Шай ішіп, ет жеген соң басталды ойын, Барады енді қызып осы жиын. Əуелі өлең, екінші ойын жасап, Сауық қып отырысты түні бойын. Бір ақын той бастады домбыра алып, Тыңдады жиылған жұрт құлақ салып. Байлығын Медетбайдың баян етіп, Тастады біраз жерге алып барып. Қыздар да екеу-екеу əнге салған, Жамандар жүрексінген айтпай қалған. Қыз ойнақ, той тартысы бозбалаға, Көрінер сүйкімдірек дүние-малдан. Шаттанған жұрттың бəрі ойнап-күліп, Жалғыз-ақ мен екенмін түскен бүлік. Бұл сауда басқа түспей тұрған күнде, Кетуші ем осындай да аттай желіп. Сол кезде ішімде от, тысым жалын, Қайғымен түсім сынық, көңілім жарым. Көрген соң мұның бəрін қайнайды ішім, Болған-ды бір жасаған медеткəрім. Көрген соң бұл шаттықты қайнайды ішім, Оңбаған о бастан-ақ қылған ісім, Бұхардың шынжырлаған бурасындай, Қайраймын сықырлатып отыз тісім. Айтпаққа қызға жар-жар көңілім кетті, Бұл қайғы жиырма үште əуре етті. Озған соң, түн ортасы таңға жақын, Айтатын қызға жар-жар уақыт жетті. Бұл қиял келді де ойға тысқа шықтым, Салғанын көрейін деп жаббар хақтың. Кеткен соң ішім толып қайғы-дертке «Уф», – дедім, леп шығардым, көкке бақтым. Кеткен соң ішім толып қайғы-дертке, Сыймайды лоблып көңілім көкірекке. Бір суып, бір қызады ғазиз денем, Қараймын көзім салып төңірекке. Аспанда жұлдыз жті жыбырлаған, Жан-жəндік бəрі ұйқыда қыбырлаған. Іштегі хасіретіме түсінгендей, Жұлдыздар бір-біріне сыбырлаған. Бір суып, бір қызады ғазиз денем, Жапам көп болғаннан соң хиял терең. Зорланып ой суына шомыған соң, Құралып сөздің басы келді білем. Қалтырап қадам басып, жетіп келдім, Өлеңді қыз тұсынан қоя бердім. Бұл фəни дүниенің аз күнінде, Басына не келмейді ғазиз ердің. Сол жерде бес-алты ауыз «аужар» айттым, Тартуға ілтипатын əлеуметтің. Жамағат, оны-дағы тыңдап қара, Мазмұны мынау болды айтқан кептің: – Ақ бөкебай орамал, Басыңда дүр, жар-жар-ай, Жарыса өскен қатарың Қасыңда дүр, жар-жар-ай,. Оң жақта сүрген дəуреннің, Біткен күні, жар-жар-ай, Орамал кеткен басыңнан Жасыңда дүр, жар-жар-ай, Құрбыңменен ойнаған Ақырғы түнің, жар-жар-ай, Сəскеден қалмай таң атса, Табарсың жөнін, жар-жар-ай. Енесінен айырылған Балапандай, жар-жар-ай, Ертеңнен соң естіліп Шықпас үнің, жар-жар-ай. Артыңда қалар желкілдеп, Туған жерің, жар-жар-ай. Кіріңді аққан суына Жуған жерің, жар-жар-ай. Қатарыңмен қосылып, Қарындасым, жар-жар-ай, Талай қызық заманды, Қуған жерің, жар-жар-ай. Артыңда қалар жыласып, Туған елің, жар-жар-ай. Қынай белің жібекпен Буған жерің, жар-жар-ай. Ішімізден кетті деп, Бір асыл зат, жар-жар-ай, Көзден жасын төгеді, Саған елің, жар-жар-ай. Артта қалып еңірейді Туған атаң, жар-жар-ай. Көзінің жасын көрген соң, Қозар жапаң, жар-жар-ай. Келін болып түскен соң Бөтен елге, жар-жар-ай. Ботасынан айырылып, Боздайды анаң, жар-жар-ай, Кеткеніңе елегізіп, Төзбейді анаң, жар-жар-ай. Келін болып барған соң, Бөтен үйге, жар-жар-ай. Ойға түсіп мұндағың, Кетер мазаң, жар-жар-ай. Ағаң менен артыңда Інің қалды, жар-жар-ай. Оң жақтағы ойнаған Күнің қалды, жар-жар-ай. Шұға киген қыз есімің Өзгеріліп, жар-жар-ай. Жаулық түсіп басыңа Келін болдың, жар-жар-ай. Айнала сан назарың Қарындасым, жар-жар-ай. Бəрі сенің қатарың, Қарындасым, жар-жар-ай. Жылашы қыз-ау, жылашы, Ғамгүн болып, жар-жар-ай. Біліміңді қараң батарын, Қарындасым, жар-жар-ай. Ағайының ішінде Жүрмек қайда, жар-жар-ай. Енді саған қатармен, Күлмек қайда, жар-жар-ай. Жылап-сықтап сəскеде Жөнелген соң, жар-жар-ай. Күлмек түгіл, жүздерін Көрмек қайда, жар-жар-ай. Бикеш жан деп сыйласқан Жеңгең қалды, жар-жар-ай. Аман бол деп көзіне Жастар алды, жар-жар-ай. Кетеріңді білген соң, Осы отырған, жар-жар-ай. Əлеуметтер бастарын, Төмен салды, жар-жар-ай. Тамшылайды етекке, Көздің жасы, жар-жар-ай. Бір елдегі сен едің Қыздың басы, жар-жар-ай. Көзінің жасы мөлтілдеп Тұсында тұрып, жар-жар-ай. Ғашығың айтқан «аужары» Сөздің расы, жар-жар-ай. Жар-жарды осылайшы болдым айтып, Ғашықтық қатты батты көп сарғайтып. Шыдар ма қыз жыламай, тас та болса, Бұл дəурен қайта айналып келмес қайтып. Бір кезде қыз сыңсыды қайғыланып, Əркімнің іш қайғысы өзіне анық. Жылайды не нəрсе ойлап ол сұлу қыз, Ол сыры өзіне аян, маған танық. Қыз сыңсып тап сол жерде көп жылайды, «Аман боол, қайран жұртым», – деп жылайды. Тиеді атқан оқтан маған зият, Күмістей қыздың даусы сылдырлайды. Бар екен ол жиында бірл келіншек, Болмайын, баяндайын, мен еріншек. Өзі де қызыл тілдің бұлбұлы екен, Емес-ті жеңіл малдай ол сүріншек. Ол бұлбұл отыр екен қызға жалғас, Көп аса қалжың сөзге құлақ салмас. Қыз сыңсыған кезекте шешен болмай, Жалпы əйел көңіл ашып жұбата алмас. Лебіз ашып ол келіншек бастайды сөз, Жұбатты қызды өлеңмен ұзатпай тез. Көңіл ашып айтқан соң орынды ғып, Сыңсыған қыз бейшара басылды тез. Тамаша жұрт таң қалды жас əйелге, Ақылы кең, жас та болса, бас əйелге. Бұл ақыл бір өзінде тұрған шақта, Нəпсіге тізгін беріп асылы ерме. Немере жеңгесі екен ол жас қатын, Жақсының кім сөгеді жұрағатын. Қонымды сөз айтқан соң халайыққа, Тойтармас шешен ерлер сөз ұятын. Ғашықтық қайғысымен тарттым азап, Асыра сөздер айттым қызды қажап. Айыпқа оқырмандар алма мені, Салдары ғашықтықтың қылды кəззап. Жарасты жас келіншек сөзін айтты, Жылаған сыңсып қыздар үйден қайтты. Оның да сөзін жазып бұл кітапқа Оқыған қуантайын əлеуметті: Жарыса өскен қатарың, Осында дүр, жар-жар-ай. Жолаушының тілеуі Қасында дүр, жар-жар-ай. Əйелдің көрген дəуіріне Əлеуметім, жар-жар-ай. Алған адал жарының Тұсында дүр, жар-жар-ай. Оң жақта қыз жүгенсіз, Атттай болар, жар-жар-ай. Жерде жатқан тот басып Заттай болар, жар-жар-ай. Əйел – ханым, жігіт – хан, Деп айтылған, жар-жар-ай, Бұрынғының нақылы Хаттай болар, жар-жар-ай. …Жұртың үшін жылама, Шын жұртың онда, жар-жар-ай. Аз күн бізге қонақсың. Тұрмайсын мұндаб жар-жар-ай. Халалыңа қосылып, Тілекте болсаң, жар-жар-ай. Көп мереке қызықты Көрерсің сонда, жар-жар-ай. Жар-жарын жас келіншек айтып болды, Жылауын өксіп-өксіп қыз да қойды. Ішімде зор қызғаныш пайда болып, Көрсетті сұр жыландай жиын тойды. Дал болып мен отырмын жерге қарап, Тұс-тұсқа зейін, пікір кетті тарап. «Əлпірақ» деген бір сөз ойға түсіп, Сандалған бір Мəжнүнмін халім харап. Жаныма сол үақытта біреу келді, Қолыма төрт бүктелген қазағаз берді. Əкелген он-он бірде жас бала екен, Бұл хатты апам саған берді деді. Оңаша жерге жалғыз шығып алдым, Азырақ көздің жасын сығып алдым. Жалма-жан оттық жағып, жарық қылып, Мазмұнын ол қағаздың ұғып алдым. Мінекей, білгің кедсе жазған сөзі, Дүниенің харам болар келді кезі. Япырмай, не ғылған жан, ішкі сырын, Сақтаған ешкімге айтпай жалғыз өзі."}],"toc":[{"id":"content0:0:1","label":"МҰХАМЕТЖАН СЕРАЛИН ГҮЛКƏШИМА","page":1,"pageUrl":"/books/2zVGthGq#reader-content"},{"id":"content0:1:1","label":"ГҮЛКƏШИМА","page":1,"pageUrl":"/books/2zVGthGq#reader-content"},{"id":"content0:2:1","label":"МҰХАМЕТЖАН СЕРАЛИН","page":1,"pageUrl":"/books/2zVGthGq#reader-content"},{"id":"content0:3:1","label":"(1872–1929)","page":1,"pageUrl":"/books/2zVGthGq#reader-content"},{"id":"content0:5:1","label":"І","page":1,"pageUrl":"/books/2zVGthGq#reader-content"},{"id":"content0:6:1","label":"Сөз басында","page":1,"pageUrl":"/books/2zVGthGq#reader-content"},{"id":"content0:8:2","label":"ІІ","page":2,"pageUrl":"/books/2zVGthGq?page=2#reader-content"},{"id":"content0:9:2","label":"Баймұхамметтің дəптері","page":2,"pageUrl":"/books/2zVGthGq?page=2#reader-content"},{"id":"content0:11:3","label":"Жігіттің хаты","page":3,"pageUrl":"/books/2zVGthGq?page=3#reader-content"},{"id":"content0:13:3","label":"Қыздың хаты","page":3,"pageUrl":"/books/2zVGthGq?page=3#reader-content"},{"id":"content0:15:4","label":"Қыздың ішкі сыры","page":4,"pageUrl":"/books/2zVGthGq?page=4#reader-content"},{"id":"content0:17:4","label":"ІІІ","page":4,"pageUrl":"/books/2zVGthGq?page=4#reader-content"},{"id":"content0:18:4","label":"Қалтадан шыққан қағаздың сөзі","page":4,"pageUrl":"/books/2zVGthGq?page=4#reader-content"},{"id":"content0:20:4","label":"ІV","page":4,"pageUrl":"/books/2zVGthGq?page=4#reader-content"},{"id":"content0:21:4","label":"Сөз соңында","page":4,"pageUrl":"/books/2zVGthGq?page=4#reader-content"}]},"similarBooks":[{"idCatalog":761289,"shortId":"4232LuKZ","title":"Илиада","authorLine":"Гомер, Викентий Викентьевич Вересаев","primaryAuthorId":"f42e8550-2a81-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/2a2124c6-0958-11e4-824d-0025905a06ea/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4232LuKZ"},{"idCatalog":78625,"shortId":"1LtjuwaR","title":"Цветы Зла (сборник)","authorLine":"Шарль Бодлер, Адриан Ламбле","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4079cc34-7671-11e2-ad35-002590591ed2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/1LtjuwaR"},{"idCatalog":316488,"shortId":"4RiRuZeM","title":"Рубайат","authorLine":"Омар Хайям, Герман Борисович Плисецкий, Осип Борисович Румер","primaryAuthorId":"9c9cc15e-2a82-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/0052ad3f-1b3a-11ea-a705-0cc47a520474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4RiRuZeM"},{"idCatalog":334893,"shortId":"4BOV9WJv","title":"Цветы Зла","authorLine":"Шарль Бодлер, Эжен Десизи, Антуан Жорж Рошгросс, Владимир Александрович Дроздков, Вадим Габриэлевич Шершеневич","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/55d8d681-7fef-11ea-9c12-0cc47a5f3f85/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4BOV9WJv"},{"idCatalog":579613,"shortId":"0pjF0ctv","title":"Наука любви","authorLine":"Коллектив авторов, Публий Овидий Назон","primaryAuthorId":"9980df13-0ec7-11e4-824d-0025905a06ea","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/df61370c-19b1-11ef-8496-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/0pjF0ctv"},{"idCatalog":608453,"shortId":"08sa2sZn","title":"Паломничество Чайльд-Гарольда","authorLine":"Джордж Гордон Байрон, Вильгельм Вениаминович Левик","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4382eaac-95e0-11ef-8ce3-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/08sa2sZn"},{"idCatalog":145661,"shortId":"3wGYlWxL","title":"В тихой ночи. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, В. В. Камедин, БОМБОРА, Маттиас Маттис, Н. В. Мордвичева","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/ce4db91f-aa37-11e6-9c73-0cc47a1952f2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3wGYlWxL"},{"idCatalog":427617,"shortId":"26ljeg7H","title":"Освобожденный Иерусалим","authorLine":"Селестен Нантёйль, Анри Барон, Антонио Темпеста, Давид Тенирс, Торквато Тассо, Роман Михайлович Дубровкин","primaryAuthorId":"f2b40986-deaf-11ee-8496-0cc47af30fe4","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/a2afa5a8-48fc-11ec-ab26-441ea1508474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/26ljeg7H"},{"idCatalog":502164,"shortId":"3moDg3WA","title":"Сто. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, Сергей Табуцадзе, Дэн Зозуля, БОМБОРА","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/cab4c310-c713-11ed-903e-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3moDg3WA"},{"idCatalog":112966,"shortId":"2AFIbRds","title":"Манфред","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/16a1ed66-b785-501d-a67d-ff52657078ff/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/2AFIbRds"},{"idCatalog":117436,"shortId":"3uQtydkU","title":"Гитанджали","authorLine":"Н. А. Пушечников, А. Г. Ткаченко, Рабиндранат Тагор","primaryAuthorId":"1229569f-7b42-5de5-a6f6-317237044d0b","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/69c138c9-41a2-5871-989c-452ef0702d37/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3uQtydkU"},{"idCatalog":112962,"shortId":"4ff7yP0y","title":"Корсар","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/40f11661-7d7f-51d8-83ed-66f3e55de635/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4ff7yP0y"}],"similarBooksPagination":{"page":1,"pageSize":12,"totalItems":179,"totalPages":15,"hasPrev":false,"hasNext":true}},"notFound":false}