Загрузка...

AI-разбор доступен после входа

Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.

auto_awesomeПолучить AI-разбор

О книге

Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+

Читать онлайн

Страница 2 из 6

* * *

Басталды айтыс солай… Тынып халық, Өзді-өзін таныстырып, іліп-қағып, Шайнасты көріспейтін қас жаулардай, Достардай бірде жарқын күліп те алып. Бір тұста тұтқиылдан ағып барып, Аямай ащы тілмен шағып та алып, Алыспай беріспейтін түрі барын Ел-жұртқа екеуі де танытты анық. Аямай жеке бастан терісті мін, Ащы айтып бір-бірінің кемістігін. Елінің «жақсыларын» тізісті-ау бір Тəңірісі солардай-ақ жер үстінің. Бір тұста қуаныш пен зар алмасып, Даңғаза құр мақтанға сараң басып, Аңдамай екеуі де бір-бірінің Іштегі жан-жарасын алар қасып. Біресе шатыр-шұтыр, астан-кестең, Шарпысып нажағайдай аспанда өшкен. Тарихын мақтап ала жөнеледі Өзді-өзі аймағының бастан кешкен. Біресе тасқындай-ақ күркіреп кеп, Болады қан майдандай дүркіретпек. Белдескен палуандардай əдіс андып, Бір-бірін осал жерден сілкіп өтпек. Бір тұста асып-тасып, шаттанысып, Лекіте төгеді сыр ақтарысып. Өзді-өзі сүйсінгенін жасыра алмай, Көп мұңмен кеудедегі жатты алысып. Біресе екеуі де мұңсызданып, Шенейді бірін-бірі тым сызданып. Біресе іштегі оймен арпалысар, Бір сəтке екеуі де үнсіз қалып.

Сараның бірінші монологы

Білетін ар қадірін, наз қадірін, Жан едім баламаған азға құнын. Дариға-ай, бəрі бақыт деп жүруші ем Тəңірдің маңдайыма жазбағаның. Сұқсыр ем көлде ұшатын күн-түн демей, Қарайтын қабағыма жұрт үндемей, Елімнің қызығы ма деуші едім-ау Əн десе бүлкілдейтін шіркін көмей. Ал бүгін ауыр ойдан арыла алмай, Отырмын құсалықтан жарылардай. Жүрек те дір-дір етіп тыншымайды, Тартатын тақсіреті тағы бардай. Бұл күні «құрысын да ұрғашының, Билігі болмаған соң бір басының». Найзадай қадалады жүрегіме Естісем шалқып күлген құрдас үнін. Өмірдің керегі не іңкəр мына, Жарқырап шыға алмасаң жұрт алдына. Қапастан босатпаған, қайран, тағдыр Шыңдарға шырқап ұшар сұңқарды да. …Шерімді кімдерге айтып, кімге шағам? Мұндайда болмай көрші мүлде есалаң. Айнала қалың елің ақын демей, Қатын деп қарар болса күнде саған. Бұзып бір өтсем-ау дей ой тұманын, Кернейді көкірегімді жойқын ағын. Бұлықсып бойжеткенің құрысын да Мерт болып балаң арман, бейкүнə күн. Таптырмас жанға тоят бір күнгі оймен, Дүние-ай, біздің заман сүргін ғой кең. Даланың ақмаралы ем үркек ескен, Еріксіз ноқталанып тұрмын ғой мен. Еріксіз отырмын-ау ноқталанып, Қамсыз да көрінген боп, жоққа нанып. Жас жүрек аласұра тыпыршиды, Түсердей өзі барып отқа да анық. Отырған қартқа да ұнап, жасқа да ұнап, Сал Біржан неге менен асқағырақ? «Ақиық арғымақпын, асылмын!» – деп, Тұр екен өнеріне мастанып-ақ. Тұр екен өзіне-өзі сұқтанып-ақ, Ақын ғой жолы даңғыл, жұтқаны бақ. Шалқып жүр Орта жүзді еркін шарлап, Бір өзі қанша қызға сырттан ұнап. Өзі де жан екен-ау өте көсем, Шынымен, шынымен-ақ кете ме есем? Жо-жо-жоқ, бойдағы бар зарды ақтарып, Қайтсем де не жеңемін, не теңесем. Ақындық, алыстағы от-елес ең, Дəрмен бол, тəуекел деп төтелесем. Алыстан ат арытып келген Салға Апырмау, қалай ғана кетеді есем. Тұрса да тілім қышып, сөйлегім кеп, Бастағы тежей берем ой легін көп. Айтсам ба, адымымды ашырмастан Кіріптар жесір етіп қойды елім деп. Несі сəн күле алмасаң жарып көңіл, Сен де бір – қайыршы мен ғаріп те бір. Тордағы торғайдай ғып шырылдатып, Биікте бір самғатпай налытты өмір! О, мейлі, тағдыр мені азаптасын, Айтар да тарих əлі қазаққа сын. Бар ма екен қызыңда арман басқа жұрттың Еркекпен тең ұстаған азат басын. Ары өтіп, бері өткенде Əріп ақын, Соны айтып, ағынан бір жарылатын. О-дағы көп күрсініп, күңіреніп, Тірліктен тірек таппай тарығатын. Самғап та кетпеген соң көсіле бір, Ақын ғып жаратты екен несіне өмір? Шынымен мына Салдың жоқ па мұңы, Болмаса қыр көрсеткен сесі ме құр? Шалқиды, шамырқана шарықтайды, Асаудай бойына қол дарытпайды. Сұңқардай саңқ-саңқ етіп тоқтады-ау бір, Жүрекке от, көкірегімде жағып қайғы…

* * *

Жалғасты айтыс əрі… Ел тынды іштен. Түп-түгел топырласып, Серпілді істен. Бір-бірін бастырмалап кетті ақындар, Сахара көрмеген бір еркін күшпен. Айғайды кезек-кезек асырып ап, Сырт көзден өз міндерін жасырып-ақ. Толассыз, тоқтамастан сілтеседі, Бірінен бірі түсіп басымырақ. Бір-бірін басып-жаншып кетер ме деп, Жатты жұрт даурығыса көтермелеп. Шалғайда шұрқырасқан жылқылардан Басқадай құдірет жоқ етер бөгет. Сапырып, сары қымызды құрақ ұшып, Елпілдеп, ептілер жүр шын-ақ ұшып. Сауымы өтіп кеткен құлындар да Елеңдеп, желісінде тұр алысып. Ақындар домбырасын ұрып қатты, Бір-бірін тұтқиылдан іліп-қақты. Алыста ат тұсаған ақсақал да, Аңырып, ауыз ашып тұрып қапты. Талайдың маңдайынан бақ тайғанап, Тура сын талайларға жақпай да қап, Мелшиіп, меңірейген біреулер де Аңқиып қала берген қақпай қабақ. Айтыстан айнала бір тарап айбар, Жер шұқып, жасып қалған бар ағайлар. Дірілдеп Ешкіөлместің тауы да үнсіз, Балбырап, балқып тұрды қарағайлар. Меңіреу көкірек бар ұқпаған қай, Сұңқылдап, бұлақ жылап-сықтағандай. Бозторғай тас төбеде безілдейді Біржан мен Сара сөзін құптағандай. …Ұмыт боп ел біткеннің дерті мүлде Ұйыған осынау бір елтіп үнге. Бұлбұлдар көмекейін бүлкілдетіп, Бақалар балпылдайды жер түбінде. Тигендей мүлгіп тұрған баққа дауыл, Кесек сөз бір-біріне атқан ауыр. Əйтеуір үнсіз мүлгіп, тілсіз күлді Ешкіөлмес етегінде жатқан ауыл. Қияли тартты Сара қашыққа ұшып, Жанардан манағы бір қашыпты шық. Соңғы рет сөйлеп қалсам дегендей-ақ Бір тұста Біржаннан да асып түсіп.

Страница 2 из 6

Вам также может понравиться

Страница 1 из 15

Назад1215Далее