Загрузка...

AI-разбор доступен после входа

Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.

auto_awesomeПолучить AI-разбор

О книге

Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+

Читать онлайн

Страница 4 из 5

Үшінші қылмыс

Өлген соң да өз елі

Қалай өмір сүретінін сезеді

І

«Мойымасын құрыш жаны достардың. Қылышына қылыш жаны қастардың! Көлеңкеден жақсы шатыр болмаған. Ауыздағы қызыл тілім – оңбаған. О, Тəңірім, жұлып ал да Құлақ бер! Ал сотқар тіл – Керек емес ол маған. Найзаларға найзалар кеп тоғысты. Қылыштарға қылыштар кеп болысты. Арғымақтар билеп берді, Айқай-шу Алағызба мейрамында соғыстың. Түтіндегі қара түннің желегі Аяғыңа оратыла береді. Мойымасын құрыш жаны достардың, Қылышына қылыш жаны қастардың! Ішбақа хан, қай жақ саған керегі?» Кеудесінен кері теуіп санасы, Желкесінен жел итерді таласып. «Бəрі есімде…» дей береді, Дегізген Желкесінен итерген жел шамасы. «Қандай қорлық ерлік үшін туғанға Кісен салып, Құлдыққа оны қуғанда» – Дауыл өшті, Əлеміне арудың Кіре бере Душар болды ол думанға. Думен емес, ағат айттым, той да емес. Көрінбейді қанжарласар онда егес. Онда қадақ қағыстырмас, яки Қызыл күрең шарапқа да шөлдемес. Шаттықта жоқ түсе-тұғын араша. Кінəлі жоқ, Мастар да жоқ – Тамаша! Тост айтушы көрінбейді, Жалғыз-ақ Аппақ болып ару жатыр оңаша.

ІІ

Жатқан ару түкпірінде бөлменің, Алагеуім. Байқалмайды келгенің. Өрмекшінің торын іздеп бір шыбын, Өзі тілеп жүр өзіне өлгенін. Сəуле тілі саңылаудан сұғына Қадалыпты қос балтырдың жығына. Кез келген жан ойлар еді Сол тəн деп Көк аспанға шашып жатқан шұғыла. Мынау ыстық сүйегіңнен өткендей. Маңдай тері суығанда, Кепкенде Екі көзі Болды Нұрға малынған Ақ жамбыны – аппақ тəнді өпкендей. Екі өкпесін қолына алып жеткенде Шыдай алмай іштен шыққан от демге Сиқыр сөзбен қалың елді көтерген Былай деді. …Дей алатын жоқ пенде.

ІІІ

Көзбен емес, Тəніменен қарар ма! Айналған ет сүт кернеген анарға. Аралықты көзімен ер жалайды. Жалар еңіз, Ондай жағдай болар ма! Өзін-өзі тұншықтырып Қысылды. Машық керек ұстау үшін құсыңды. Құлақ шелін үзіп алма аңша ұлып, Ызыңмен-ақ тындырарсың ісіңді. Сонда ғана ол тəтті ұйқысын бөлмейді. Ептеп басып тіптен жақын кел мейлі. Сонда ғана дірілдеген денесі Жанарыңды лəззатпен емдейді. Ол көмейін Оймен тербеп алдайды. Тісін қайрап, Аузын жаба алмайды. – Ердің ісін маған тапсыр, О, Шамхат! Бір еңкейген Бүкір бола қалмайды.

ІV

Осы сөзден Басқан тас та еңсені Оянар-ды, Оянбаса теңселіп Кетер еді, Сөз теріні сыпырды, Сезді сұлу содан сөздің семсерін. Зат, символды тұтастырды Сол тұста Рух түсте ажырайды болмыстан. Күн шықпады, Дəні шықты бадамның Санасында қалқып шыққан лотостан. Кітапкердің қаламы өткір қару-ды. Содан тасқа таңба түсті арынды. Ұшып кетті көлеңкесі ұйқының, Із қалдырмай денесіне арудың. – Су əперші! – деген кезде ес кетті. Созғандай боп жаңа жонған ескекті, Көздің жауын ала-тұғын білекпен Көрсетті ол сусын толы кеспекті. Сөйтті де ол көтерілді керіле. Ол ожаумен су əперді періге. Суға келген ақ маралға Ішіп-жеп Арғы беттен қарап тұрды бөрілер. Ішіп болып, Сəл қысылып қымтанды, – Тура айтайын, Қойып былай бұлтаңды. Келешегін кешірмейді Бүгінім Қалауынша өткізбесе бұл таңды. Туғаннан-ақ біз сияқты қасқалар Жылап-сықтап, Көздерінен жас тамар. Мен басқаның лəззатына туғанмын, Не істемекпін Болмаса сол басқалар?! Мен бір сəттік, Сен шексізсің, Сəндісің. Шумерлердің кітабындай мəңгісің. Неге керек сен сияқты алыпқа Мен сияқты тышқанменен аңдысып?! Маған ауыр От сезімнің қарыған Білімдіге ілтифат та дарыған. Сауаттыға ғасыр сыйлап əр сөзің, Надандарды Айырады барынан. Кебенекпен бүркеп тұрсың тарыңды. Көк найзаң бар Талдыратын қарыңды. Сенсең егер Абыройым жабатын Менің лыпам – Алақаны арымның. Сен мықтысың Арқасында қарудың. Бүкіл əлем Егіндей бір орулы: Табаныңда жатты сенің, Ендеше Қызығын көр кез келген бір арудың. Қаруыңның беті сондай қарқынды. Тау боп баспа індей шама-шарқымды. Маған титтей мұрсат берші сүюге Мезгілінен бұрын өлген марқұмды. Сенің үшін Рақаттың төсегі Болу – арман, Сорым бірақ бес елі. Бұза алмаймын Менің Шамаш Құдайға Беріп қойған ант-сертімді кешегі!

V

Сен кəрісің, – деді Шамхат, – Сен осы Тəңіріңе – Найзағайға сенесің. Быт-шыт қылса соның бəрін – Жөн басқа, Ұятсыздың қарай гөр сен дəмесін! Сонда ғана Жалаңаш төс, Зат асыл… Арманыңды аймалап бір жатасың. Шамашқа сен, Сенсең егер Шамашқа, Бəрін берем, Рақатқа батасың! Құштарлықтың сыбызғысын Бармағым Басып, Саған Іштар сөзін арнадым. Əр сəт сайын өліп, қайта тіріліп, Шамашқа сен – Осы менің арманым. Бəрін жеңжің, Күңді жеңу қиын ба! Кəне! Кəне! Құдіретке сиын да… Тыныштығың қасқырдан да қатерлі. Кəне! Кəне! Қандай ой бар миыңда?! Төбемізде киіздей бұлт көлемді. Найзағаймен өрнектейді төбемді. Тəңірінің беті күйіп жатқандай, Жанып барам, Қорға мені, Бол енді!

«О, Ішбақа, Ақыл толы шақшаңа Үңілші бір, – деді Тəңір, – Соншама. Құдайыңнан қымбат боп па сол жəлап! Маған алмай, Сатып ал да ақшаға! Мен өзіңді талай-талай сынағам. Тұрғызғанмын Кездеріңде құлаған. Есіңді жи, жауынгерім, Қор болма. Бұдан гөрі қымбатырақ сыбағаң! Күпір болма! Ұмытпа ұят, Ар барын. Атып ұр да бұл жəлапты сарқарын… – Тəңір, құдай! О, Бауырым, көмектес! – Шамхат, қаншық, Өз еркіңмен бер бəрін! – Зекіргенмен, Айтқанменен жалынып, Жатқан сөз жоқ құлағына шалынып, – Деді тарих, – дін бұзады құштарлық Тұр Шамаштың шапағына малынып. Төгілдіріп уəде-серттің жемісін, Қарайды ол бұтақ болып, Сен үшін Кімдер өзі биік қойған Заттан да Əлгі заттың белгісінің жеңісін. Уəделердің белгісі ылғи самсаған. Сол сенімді серттер талай қаусаған. Тап осындай берген сұмдық уəдеден Мен бақытты болдым деген кім саған? Жек көрудің жұмағы деп – Азабын – Махаббаттың берсе Шамхат тозағын, Қай тақуа бұл сұмдықтан сытылып, Жұқтырмаған масқаралық тозаңын!

Страница 4 из 5

Вам также может понравиться

Страница 1 из 15

Назад1215Далее