Загрузка...

AI-разбор доступен после входа

Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.

auto_awesomeПолучить AI-разбор

О книге

Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+

Читать онлайн

Страница 5 из 5

VІІ

Ішбақа Желдің де мен қайырамын қанатын, Қызылбаспын десе егер жел бір атым. Талқандаймын тас кітабын Тəңірдің Ойы болса шын қызылбас болатын. Қазір маған құдай емес – Жаңа қайғы. Тəңір деген – шірік түбір, Жанбайды. Керек десең, Қызылбастың өзін де Құдай үшін құрбандыққа шалмаймын. Егер Шамаш Берсе сені көндіріп, Соны құдай тұтушының мен бірі. Бірі оған, Бірін саған Тіземді Бүгемін деп Айта аламын сендіріп. Түтіндетіп түрлі шөптің тамырын, Құрбандыққа бір ақ түйе – Əмірім. Босағада қақ жарамын… қарынын, Ақымақ болсам, Не істей алмақ Тəңірің?! Қою сүтке толтырайын тіріңде Тұрған анау емшегіңді дірілдеп. – Қарғыс атсын! – деп Тəңірі түкірді Ақша бұлттың аржағынан гүрілдеп.

VІІІ

Құрбандыққа шалған аппақ түйенің Аяғымен шұқып мүше, Сүйегін, Махаббаттың сарқытымен жымиып, Кетті Шамхат Тоғайына киелі. Өкпе-наздың отын-шөбін арқалап Ішбақа ерді Түнеріңкі кəр-қабақ. Кесірінен бір сайқалдың Болды есек, Қыран еді, Сияқты енді жарғанат. Малға шөккен қызылбаспен ездігі Егіз екен, Шолақ па еді кездігің?! Ассирия аруына жетеді Құрма менен сарымсақтың бездігі. Бақша да бер, Арық та бер, Бер есек. Бас игенің қорлық бірақ он есе. Ұлтан қылу оған біздің даңқты, Абыройды, Керісінше немесе! Ерлігіне лайық деп ел сеніп Отырғанда, Түсірдің сен еңсені. Қатын сені аямады, Мен қалай Аяй алам, Тарихшыңмын мен сенің! – Сопы қызды түсінбейді. Хал мықты – Нəпсім менің титықтатты шамдықты. Бүлдіршін боп үйге кірген Шығарда Кəрия боп, Мойындайды шындықты. Айғырлығым түптеріне жететін. Тəлтіректеп, Шатқаяқтап кететін. Қай кезде де Қайсысы да осылай Бауырымнан есеңгіреп өтетін. Дулат, Бауыр, Түздің көкжал өрені Мысырлықты қойдай айдап келеді. Жүзін таңдап, Жүздеп кейін қайырам, Қайсысы оның бүгін маған керегі?! Білесің бе? Айтшы кəне, қайсысы? Тұратыны талшыбықтай майысып! Осылай ма? Дəл солай де! Қашанда Керек маған жататыны сайысып, Тастай қылып бекітіңдер есікті, Терезені, Сəуле түсер тесікті! Күннің көзін бүркеңіздер! Тезірек! Ымырт неге? Іңір неге кешікті?! Тірі пенде – Мұның өзі ерге сын – Аруға еріп кеткенімді көрмесін! Оған шамам келмегенмен, Сендерге… Ашулансам, Құдай басқа бермесін!

1

Дефне – лавр ағашы.

Оралу

Страница 5 из 5

Назад145Далее

Вам также может понравиться

Страница 1 из 15

Назад1215Далее