Удобнее читать в приложении
AI-разбор доступен после входа
Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.
auto_awesomeПолучить AI-разборО книге
Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+
Читать онлайн
Страница 1 из 2МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА
АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
(1931–1976)
І
Өзен де жоқ сыймаған арнасына, Жылға да жоқ даламен жалғасуға. Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай, Қалай біткен мына көл тау басына?! Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға, Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірə. Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман? Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам? Қанша шырша өсті екен, құлады екен, «Жетім көлге» қараудан шаршамаған? «Жетім көлден» су ішкен қанша марал, Қанша киік қалды екен сай-салада? Қанатынан үзіліп əн-самалы, Қаншама аққу кетті екен – аңсаған əн? Ортаймаған «Жетім көл» толмаған да, Болған өмір ұқсайды болмағанға. Сызат та жоқ бетінде, сызық та жоқ, Айдынына аққуы қонбаған ба?! Қызғыштары қиқулап, қорғағанда, Сорлағанға ұқсайды, сорлағанға, Шүрегейлер айдынын қорлағанда, Көкқұтандар қанатын қомдағанда… Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда, Айдын көлдің иесі жол алғанда. Жетісіп бір «Жетім көл» қалушы еді-ау, Тынушы еді-ау, теңселген қара орман да. Таянғанда аққулар қонар маңға, Басушы еді-ау, байызын бар арман да! Қанатынан аққудың балапандап, Əн ұшатын сымпылдап таң атарда. Сүйінші бер дегендей бір толықсып, Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға. Тына қалып бұлбұл да жаға-талда, Қарай-тұғын айдынға, ақ отауға. Таң мен күннің арасы таянғанда, Таудың басы алаумен боялғанда, Тірілетін таудағы бар тіршілік, Қанатынан аққудың оянған ба?! Көмейінде тəтті үні былай қалып, Жаға-талда жас бұлбұл тұр ойланып. Жетті аққулар. Түгендеп «Жетім көлін», Жағалауда ұшып жүр шыр айналып, (Бірден көлге қонбайды құлай барып.) Сондай-тұғын, аққулар сондай-тұғын, Асығыстық оларда болмай-тұғын. Қомағай көкқұтандар секілденіп, Жалп беріп, жағаға кеп қонбай-тұғын. Сондай-тұғын, аққулар сондай-тұғын, Ақ мүсін айдынға кеп орнай-тұғын. Əлдилеп ақ төсінде, бермей тыным, Ақ айдын ақ мүсінін тербей-тұғын. Бұл көлге мылтық алған саятшы емес, Тірі жан аяқ басып келмей-тұғын. Аққулар аман-есен қайтқанынша, Суына «Жетім көлдің» шөлдей-тұғын. (Суымен сырқаттарын емдей-тұғын.) Ұрпақтан ұрпақ алып жалықпастан, Сондай бір дəстүр бар-ды қалыптасқан. Заманнан заман өткен, жаңарған жұрт, Аққуын айдын көлдің налытпастан Дəстүрін аттамаған, анық басқан. Сондай бір дəстүр бар-ды жарық шашқан, Бір ұрпақ бір ұрпаққа алып қашқан. Қайсыбір қиын-қыстау ай, күндерде, Шойрылтып, түссе-дағы қайғым белге, Алаңсыз аққуымды атпасын деп, Жатқа да дастарқанды жайдым төрге, Аққулар ұйықтағанда айдын көлде… …Оралмады аққулар осы маңға, Жылдар өтті, байғұстар шошыған ба? «Жетім көл» жетімсіреп қала берді. Арман-ай, аққуымен қосылар ма?!
II
Бала жатыр төсекте, албыраған, Əке жатыр еденде, қалжыраған. Түн күзетіп ана отыр, қос жанары Шарасыздан шаршаған, жаудыраған. Түні мынау – тамыздың маужыраған, Тауың анау – шымылдық салбыраған. Биік барып жаралған жер бетінен, Сол байырғы «Жетім көл» келбетімен. Айдынында аққулар ұйықтап жатыр, Сайдан соққан самалмен тербетілген. Жер бетінде тыныштық, көл бетінде, Қауышыпты қара орман, көл де, түн де. Бала жатыр төсекте күйіп-жанып, Баласының ана отыр күйін бағып. Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар, Миын қарып барады, миын қарып. «Сарқытындай өлімнің қалған қарға, Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма!..» Аракідік назарын аударады, Төрт бүктеліп еденде қалған жарға. Қауіптеніп түндерге, таңдарға да, Үн шығармай іш құса, зарлауда ана. «Мана, күндіз, тəуіп шал не деп кетті?! Əлде өтірік, əлде шын демеп кетті… – Аққуменен баланы аластаңдар, Деді-дағы жайымен жөнеп кетті…» – Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға, Неткен жансың санасыз жаратылған?! Манағы тəуіп шалдың айтқан сөзі, Ұмытылып кетті ме санатыңнан? …Айналайын аққудың қанатынан, Қайтеміз, ол да адамға бола туған. «Жетім көлге» барып қайт таң жамылып, Таң атқанша қалайда тауға ілік. Біреулердің көзіне түсіп қалып, Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік! Кім білсін, мүмкін, бəрі жалған үміт… – Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?! Атармын аққу құсты қалай ғана?! Айдынның аққулары ұйықтағанда, Өрген мал, өскен шырша абайлаған, Барлығы қасиетке қарайлаған Оқ атам қасиетке қалай ғана?.. Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?! Адуынды жан екен алған жары: – Жалғыз ұлдан артық па, жалған бəрі’! Балам өлсе, бақыттың керегі не?! Топан су басып кетсін қалғандарын. Перзент сұрап несіне армандадың?! Құрысын онсыз сенің жанған бағың! Мылтықты əкел! Атты ертте! Жалған бəрі! …Оятып дүниені дел-сал қылып, Тамыздың таңы да атты тамсандырып, Сай-сайдан бошалаған бозала таң, Таудағы тіршілікке əн салдырып, Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып, Бұлбұлға дүниеге жар салдырып, Тамыздың таңы да атты тамсандырып. Қасқа таң. Бұлбүл үні. Көл бетінде, Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле. Бас бағып жағада отыр жалғыз ана, Таңданып тəкаппар құс келбетіне. Тығып ап тұмсықтарын мамығына, Айдын – төсек, аспанды жамылуда. Арша, шырша, жартастар жағадағы, Сұғынып, бəрі көлге табынуда. Аласұрып, қан ойнап тамырында, Ана-жүрек тыпыршып, қабынуда, He қыларын біле алмай, жабығуда. Асқар белден күн нұры шашырады, Шашырап, ол да көлге бас ұрады. Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ, Аппақ нұр – аппақ нұрға қосылады. Көл – көкке , көк – көлге кеп асылады, Ұйқы аққулардың ашылады. Сұлулыққа сұқтанып, қашып əлі. Ана-жүрек солқ етіп, басылады. Қызғанып, қызғыш байғұс шыр айналды, Абыржып ана-көңіл мың ойланды. Ғазиздің көзінде емес, көңілінде, Айдын көл астан-кестен лайланды. Дəстүр, ырым, жайымен Құдай қалды, Жалғыз ұлдан басқасы былай қалды. Айдынның аққуының орынынан Көргендей, көзі тұнып, құмайларды. …Аққулар… Аққу мойын, сүмбе қанат, Алаңсыз тарануда күнге қарап. Айдынның еркелері, білмей тұрмын, Етермін тағдырыңды кімге аманат?! Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу! Бір мамығы майысса ауырсынып, Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп, Тарайды кеп, тарайды қауырсынын, Құм тұрса да бір түйір ауырсынып, Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу! Ақ қанатын сабалап, асыр салып, Бірде суға сүңгиді басын малып. …Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар, Тыныштығын олардың қашырмалық. Мерген отыр жағада. Ей, ақша бұлт, Жаулығыңмен оларды жасыр барып. Бас бағады шыршаның қалқасынан, Қаруынан қолында қан сасыған. …Ал, аққулар, Аққулар тарануда, Сусып түсіп, су моншақ арқасынан. Қарайды ана шыршаның қалқасынан. «Сірə, сорлы жоқ шығар менен өткен, Құлынымның қасынан неге кеткем?! Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой, Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!» Ана отыр. Озбыр ойлар қамалауда, Қамалауда, əлдекім табалауда. …Аққулар ақ айдынды қалдырды да, Тартты кеп, ана отырған жағалауға. Шошымай шолжаң өскен батырларың, Ана отырған шыршаға жақындады. Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға, Білмей қалды мылтықтың атылғанын. Көздің алды көк түтін, ақыл жарым Білмей отыр жаңағы тыныштықтың, Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!.. Ию-қию көл маңы, астан-кестен, Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен. Жаңғырығып, жар салып, жартастар тұр, «Жетім көлдің» қайғысын бастан кешкен, Көріп-біліп, таныпты тастар да естен. Алып аспан астына сыя алмай бір, Айдын көлін аққулар қия алмай жүр. Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап, Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр, Айдын көлін аққулар қия алмай жүр. Сан айналып, сұңқылдап ұшты-дағы, Сапар жолға мезгілсіз түсті-дағы, Бетін түзеп, батысқа бағыт алып, Қарғыс атқан мекеннен күсті бəрі. Тау жаңғыртып, тамаша құстың əні, Қош айтысып көлменен, ұшты бəрі. Көл бетінде көлбеңдеп, жаралы аққу, Ұша алмайды, ұшпақ боп – күш қылады… Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр, Тағы бірі айдында жайрап жатыр. Қан аралас қалқыған мамығымен, «Жетім көлдің» толқыны ойнап жатыр. …Қасиетке оқ атып, жойған пақыр, Қалай алып кетерін біле алмастан, Сүле-сопа, жағада ойлауда құр. «Жетім көлден» сəн кетті мана тұнған, Аққу кетті, əн кетті қанатыңда. Асқар-асқар таулардан асып əрі, Шың-құздардың үн қалды қабатында. Аққу əні естілмей қалатын ба? Алатаудан үзілтіп, Қаратауға, Жаңғырығып жартастар таратуда…
Вам также может понравиться
{"page":{"canonicalUrl":"https://bookra.app/books/4YxDzLIg","pageTitle":"Аққулар ұйықтағанда (Мұқағали Мақатаев) — полный текст, краткое содержание, анализ и герои","metaDescription":"Полный текст книги «Аққулар ұйықтағанда». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","headingTitle":"«Аққулар ұйықтағанда». Читать бесплатно онлайн","headingSubtitle":"Мұқағали Мақатаев","structuredData":[{"@context":"https://schema.org","@type":"BreadcrumbList","@id":"https://bookra.app/books/4YxDzLIg#breadcrumb","itemListElement":[{"@type":"ListItem","position":1,"name":"BookRa","item":"https://bookra.app/"},{"@type":"ListItem","position":2,"name":"зарубежная поэзия","item":"https://bookra.app/genre/5213"},{"@type":"ListItem","position":3,"name":"Аққулар ұйықтағанда","item":"https://bookra.app/books/4YxDzLIg"}]},{"@context":"https://schema.org","@type":"WebPage","@id":"https://bookra.app/books/4YxDzLIg","url":"https://bookra.app/books/4YxDzLIg","name":"«Аққулар ұйықтағанда». Читать бесплатно онлайн","description":"Полный текст книги «Аққулар ұйықтағанда». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","breadcrumb":{"@id":"https://bookra.app/books/4YxDzLIg#breadcrumb"},"mainEntity":{"@id":"https://bookra.app/books/4YxDzLIg#work"},"primaryImageOfPage":{"@type":"ImageObject","url":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/222d1e63-d8cc-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp"}},{"@context":"https://schema.org","@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/4YxDzLIg#work","name":"Аққулар ұйықтағанда","url":"https://bookra.app/books/4YxDzLIg","description":"Полный текст книги «Аққулар ұйықтағанда». А также краткое содержание, главные мысли, конфликт, темы, персонажи, цитаты и ответы на вопросы.","image":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/222d1e63-d8cc-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","inLanguage":"kk","genre":["зарубежная поэзия","стихи и поэзия"],"sameAs":["https://litres.ru/book/m-a-ali-ma-ataev/ak-k-ular-u-yyk-tag-anda-22579550/"],"author":[{"@type":"Person","@id":"https://bookra.app/author/9fce2468-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e#person","name":"Мұқағали Мақатаев","url":"https://bookra.app/author/9fce2468-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e"}],"about":[{"@type":"Thing","name":"зарубежная поэзия"},{"@type":"Thing","name":"стихи и поэзия"},{"@type":"Thing","name":"чтение онлайн"},{"@type":"Thing","name":"саммари"},{"@type":"Thing","name":"AI-разбор"},{"@type":"Thing","name":"персонажи"},{"@type":"Thing","name":"цитаты"}],"workExample":{"@type":"Book","@id":"https://bookra.app/books/4YxDzLIg#edition","url":"https://bookra.app/books/4YxDzLIg","bookFormat":"https://schema.org/EBook","inLanguage":"kk","sameAs":["https://litres.ru/book/m-a-ali-ma-ataev/ak-k-ular-u-yyk-tag-anda-22579550/"],"isAccessibleForFree":true,"potentialAction":{"@type":"ReadAction","name":"Читать бесплатно онлайн «Аққулар ұйықтағанда»","target":{"@type":"EntryPoint","urlTemplate":"https://bookra.app/books/4YxDzLIg","actionPlatform":["https://schema.org/DesktopWebPlatform"]},"expectsAcceptanceOf":{"@type":"Offer","category":"nologinrequired"}}}}],"book":{"idCatalog":761072,"shortId":"4YxDzLIg","title":"Аққулар ұйықтағанда","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/222d1e63-d8cc-11e6-a862-0cc47a545a1e/thumbs/1200.webp","annotationText":"","catalogType":"PUBLIC_DOMAIN","catalogTypeLabel":"Общественное достояние","authorLine":"Мұқағали Мақатаев","authors":[{"id":"9fce2468-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e","displayName":"Мұқағали Мақатаев","protectedUrl":"/author/9fce2468-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e","wikipediaUrl":null,"wikidataUrl":null}],"genres":[{"id":5213,"title":"зарубежная поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5213"},{"id":5267,"title":"стихи и поэзия","token":null,"publicUrl":"https://bookra.app/genre/5267"}],"keywords":[],"facts":[{"key":"dateWritten","label":"Дата написания","value":"1970-01-01"},{"key":"bookLanguage","label":"Язык книги","value":"kk"},{"key":"adult","label":"Возрастное ограничение","value":"12+"}],"seoSections":[],"authorSummary":null,"hasArtifacts":false,"canReadInApp":true,"readUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=r_761072","artifactsUrl":"https://web.bookra.app/?startapp=b_761072","readCtaLabel":"Читать бесплатно","artifactsCtaLabel":"AI-разбор","appReadLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=r_761072","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=r_761072","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=r_761072","web":"https://web.bookra.app/?startapp=r_761072"},"appAnalysisLinks":{"tg":"https://t.me/bookra_lib_bot/BookRa?startapp=b_761072","vk":"https://vk.com/app54470698#startapp=b_761072","max":"https://max.ru/id7751370047_bot?startapp=b_761072","web":"https://web.bookra.app/?startapp=b_761072"},"guestReaderUrl":"/books/4YxDzLIg#reader-content","authorCtaLabel":"Все книги автора","authorProtectedUrl":"/author/9fce2468-d8cb-11e6-a862-0cc47a545a1e","readersCount":0,"adultLabel":"12+","yearLabel":null,"datePublished":null,"publisherLabel":null,"isbn":null,"oclc":null,"lccn":null,"partnerUrl":null,"accessNote":"Полный текст книги и AI-разбор откроются на защищенных страницах BookRa после входа."},"reader":{"page":1,"totalPages":2,"hasPrev":false,"hasNext":true,"prevPageUrl":null,"nextPageUrl":"/books/4YxDzLIg?page=2#reader-content","progressLabel":"Страница 1 из 2","sections":[{"id":"content0:0","kind":"heading","text":"МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА"},{"id":"content0:1","kind":"heading","text":"АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА"},{"id":"content0:2","kind":"heading","text":"МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ"},{"id":"content0:3","kind":"heading","text":"(1931–1976)"},{"id":"content0:4","kind":"heading","text":"І"},{"id":"content0:5","kind":"paragraph","text":"Өзен де жоқ сыймаған арнасына, Жылға да жоқ даламен жалғасуға. Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай, Қалай біткен мына көл тау басына?! Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға, Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірə. Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман? Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам? Қанша шырша өсті екен, құлады екен, «Жетім көлге» қараудан шаршамаған? «Жетім көлден» су ішкен қанша марал, Қанша киік қалды екен сай-салада? Қанатынан үзіліп əн-самалы, Қаншама аққу кетті екен – аңсаған əн? Ортаймаған «Жетім көл» толмаған да, Болған өмір ұқсайды болмағанға. Сызат та жоқ бетінде, сызық та жоқ, Айдынына аққуы қонбаған ба?! Қызғыштары қиқулап, қорғағанда, Сорлағанға ұқсайды, сорлағанға, Шүрегейлер айдынын қорлағанда, Көкқұтандар қанатын қомдағанда… Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда, Айдын көлдің иесі жол алғанда. Жетісіп бір «Жетім көл» қалушы еді-ау, Тынушы еді-ау, теңселген қара орман да. Таянғанда аққулар қонар маңға, Басушы еді-ау, байызын бар арман да! Қанатынан аққудың балапандап, Əн ұшатын сымпылдап таң атарда. Сүйінші бер дегендей бір толықсып, Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға. Тына қалып бұлбұл да жаға-талда, Қарай-тұғын айдынға, ақ отауға. Таң мен күннің арасы таянғанда, Таудың басы алаумен боялғанда, Тірілетін таудағы бар тіршілік, Қанатынан аққудың оянған ба?! Көмейінде тəтті үні былай қалып, Жаға-талда жас бұлбұл тұр ойланып. Жетті аққулар. Түгендеп «Жетім көлін», Жағалауда ұшып жүр шыр айналып, (Бірден көлге қонбайды құлай барып.) Сондай-тұғын, аққулар сондай-тұғын, Асығыстық оларда болмай-тұғын. Қомағай көкқұтандар секілденіп, Жалп беріп, жағаға кеп қонбай-тұғын. Сондай-тұғын, аққулар сондай-тұғын, Ақ мүсін айдынға кеп орнай-тұғын. Əлдилеп ақ төсінде, бермей тыным, Ақ айдын ақ мүсінін тербей-тұғын. Бұл көлге мылтық алған саятшы емес, Тірі жан аяқ басып келмей-тұғын. Аққулар аман-есен қайтқанынша, Суына «Жетім көлдің» шөлдей-тұғын. (Суымен сырқаттарын емдей-тұғын.) Ұрпақтан ұрпақ алып жалықпастан, Сондай бір дəстүр бар-ды қалыптасқан. Заманнан заман өткен, жаңарған жұрт, Аққуын айдын көлдің налытпастан Дəстүрін аттамаған, анық басқан. Сондай бір дəстүр бар-ды жарық шашқан, Бір ұрпақ бір ұрпаққа алып қашқан. Қайсыбір қиын-қыстау ай, күндерде, Шойрылтып, түссе-дағы қайғым белге, Алаңсыз аққуымды атпасын деп, Жатқа да дастарқанды жайдым төрге, Аққулар ұйықтағанда айдын көлде… …Оралмады аққулар осы маңға, Жылдар өтті, байғұстар шошыған ба? «Жетім көл» жетімсіреп қала берді. Арман-ай, аққуымен қосылар ма?!"},{"id":"content0:6","kind":"heading","text":"II"},{"id":"content0:7","kind":"paragraph","text":"Бала жатыр төсекте, албыраған, Əке жатыр еденде, қалжыраған. Түн күзетіп ана отыр, қос жанары Шарасыздан шаршаған, жаудыраған. Түні мынау – тамыздың маужыраған, Тауың анау – шымылдық салбыраған. Биік барып жаралған жер бетінен, Сол байырғы «Жетім көл» келбетімен. Айдынында аққулар ұйықтап жатыр, Сайдан соққан самалмен тербетілген. Жер бетінде тыныштық, көл бетінде, Қауышыпты қара орман, көл де, түн де. Бала жатыр төсекте күйіп-жанып, Баласының ана отыр күйін бағып. Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар, Миын қарып барады, миын қарып. «Сарқытындай өлімнің қалған қарға, Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма!..» Аракідік назарын аударады, Төрт бүктеліп еденде қалған жарға. Қауіптеніп түндерге, таңдарға да, Үн шығармай іш құса, зарлауда ана. «Мана, күндіз, тəуіп шал не деп кетті?! Əлде өтірік, əлде шын демеп кетті… – Аққуменен баланы аластаңдар, Деді-дағы жайымен жөнеп кетті…» – Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға, Неткен жансың санасыз жаратылған?! Манағы тəуіп шалдың айтқан сөзі, Ұмытылып кетті ме санатыңнан? …Айналайын аққудың қанатынан, Қайтеміз, ол да адамға бола туған. «Жетім көлге» барып қайт таң жамылып, Таң атқанша қалайда тауға ілік. Біреулердің көзіне түсіп қалып, Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік! Кім білсін, мүмкін, бəрі жалған үміт… – Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?! Атармын аққу құсты қалай ғана?! Айдынның аққулары ұйықтағанда, Өрген мал, өскен шырша абайлаған, Барлығы қасиетке қарайлаған Оқ атам қасиетке қалай ғана?.. Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?! Адуынды жан екен алған жары: – Жалғыз ұлдан артық па, жалған бəрі’! Балам өлсе, бақыттың керегі не?! Топан су басып кетсін қалғандарын. Перзент сұрап несіне армандадың?! Құрысын онсыз сенің жанған бағың! Мылтықты əкел! Атты ертте! Жалған бəрі! …Оятып дүниені дел-сал қылып, Тамыздың таңы да атты тамсандырып, Сай-сайдан бошалаған бозала таң, Таудағы тіршілікке əн салдырып, Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып, Бұлбұлға дүниеге жар салдырып, Тамыздың таңы да атты тамсандырып. Қасқа таң. Бұлбүл үні. Көл бетінде, Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле. Бас бағып жағада отыр жалғыз ана, Таңданып тəкаппар құс келбетіне. Тығып ап тұмсықтарын мамығына, Айдын – төсек, аспанды жамылуда. Арша, шырша, жартастар жағадағы, Сұғынып, бəрі көлге табынуда. Аласұрып, қан ойнап тамырында, Ана-жүрек тыпыршып, қабынуда, He қыларын біле алмай, жабығуда. Асқар белден күн нұры шашырады, Шашырап, ол да көлге бас ұрады. Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ, Аппақ нұр – аппақ нұрға қосылады. Көл – көкке , көк – көлге кеп асылады, Ұйқы аққулардың ашылады. Сұлулыққа сұқтанып, қашып əлі. Ана-жүрек солқ етіп, басылады. Қызғанып, қызғыш байғұс шыр айналды, Абыржып ана-көңіл мың ойланды. Ғазиздің көзінде емес, көңілінде, Айдын көл астан-кестен лайланды. Дəстүр, ырым, жайымен Құдай қалды, Жалғыз ұлдан басқасы былай қалды. Айдынның аққуының орынынан Көргендей, көзі тұнып, құмайларды. …Аққулар… Аққу мойын, сүмбе қанат, Алаңсыз тарануда күнге қарап. Айдынның еркелері, білмей тұрмын, Етермін тағдырыңды кімге аманат?! Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу! Бір мамығы майысса ауырсынып, Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп, Тарайды кеп, тарайды қауырсынын, Құм тұрса да бір түйір ауырсынып, Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу! Ақ қанатын сабалап, асыр салып, Бірде суға сүңгиді басын малып. …Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар, Тыныштығын олардың қашырмалық. Мерген отыр жағада. Ей, ақша бұлт, Жаулығыңмен оларды жасыр барып. Бас бағады шыршаның қалқасынан, Қаруынан қолында қан сасыған. …Ал, аққулар, Аққулар тарануда, Сусып түсіп, су моншақ арқасынан. Қарайды ана шыршаның қалқасынан. «Сірə, сорлы жоқ шығар менен өткен, Құлынымның қасынан неге кеткем?! Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой, Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!» Ана отыр. Озбыр ойлар қамалауда, Қамалауда, əлдекім табалауда. …Аққулар ақ айдынды қалдырды да, Тартты кеп, ана отырған жағалауға. Шошымай шолжаң өскен батырларың, Ана отырған шыршаға жақындады. Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға, Білмей қалды мылтықтың атылғанын. Көздің алды көк түтін, ақыл жарым Білмей отыр жаңағы тыныштықтың, Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!.. Ию-қию көл маңы, астан-кестен, Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен. Жаңғырығып, жар салып, жартастар тұр, «Жетім көлдің» қайғысын бастан кешкен, Көріп-біліп, таныпты тастар да естен. Алып аспан астына сыя алмай бір, Айдын көлін аққулар қия алмай жүр. Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап, Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр, Айдын көлін аққулар қия алмай жүр. Сан айналып, сұңқылдап ұшты-дағы, Сапар жолға мезгілсіз түсті-дағы, Бетін түзеп, батысқа бағыт алып, Қарғыс атқан мекеннен күсті бəрі. Тау жаңғыртып, тамаша құстың əні, Қош айтысып көлменен, ұшты бəрі. Көл бетінде көлбеңдеп, жаралы аққу, Ұша алмайды, ұшпақ боп – күш қылады… Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр, Тағы бірі айдында жайрап жатыр. Қан аралас қалқыған мамығымен, «Жетім көлдің» толқыны ойнап жатыр. …Қасиетке оқ атып, жойған пақыр, Қалай алып кетерін біле алмастан, Сүле-сопа, жағада ойлауда құр. «Жетім көлден» сəн кетті мана тұнған, Аққу кетті, əн кетті қанатыңда. Асқар-асқар таулардан асып əрі, Шың-құздардың үн қалды қабатында. Аққу əні естілмей қалатын ба? Алатаудан үзілтіп, Қаратауға, Жаңғырығып жартастар таратуда…"}],"toc":[{"id":"content0:0:1","label":"МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА","page":1,"pageUrl":"/books/4YxDzLIg#reader-content"},{"id":"content0:1:1","label":"АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА","page":1,"pageUrl":"/books/4YxDzLIg#reader-content"},{"id":"content0:2:1","label":"МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ","page":1,"pageUrl":"/books/4YxDzLIg#reader-content"},{"id":"content0:3:1","label":"(1931–1976)","page":1,"pageUrl":"/books/4YxDzLIg#reader-content"},{"id":"content0:4:1","label":"І","page":1,"pageUrl":"/books/4YxDzLIg#reader-content"},{"id":"content0:6:1","label":"II","page":1,"pageUrl":"/books/4YxDzLIg#reader-content"},{"id":"content0:8:2","label":"III","page":2,"pageUrl":"/books/4YxDzLIg?page=2#reader-content"},{"id":"content0:11:2","label":"Эпилог","page":2,"pageUrl":"/books/4YxDzLIg?page=2#reader-content"}]},"similarBooks":[{"idCatalog":761289,"shortId":"4232LuKZ","title":"Илиада","authorLine":"Гомер, Викентий Викентьевич Вересаев","primaryAuthorId":"f42e8550-2a81-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-pd-public/content/2a2124c6-0958-11e4-824d-0025905a06ea/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4232LuKZ"},{"idCatalog":78625,"shortId":"1LtjuwaR","title":"Цветы Зла (сборник)","authorLine":"Шарль Бодлер, Адриан Ламбле","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4079cc34-7671-11e2-ad35-002590591ed2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/1LtjuwaR"},{"idCatalog":316488,"shortId":"4RiRuZeM","title":"Рубайат","authorLine":"Омар Хайям, Герман Борисович Плисецкий, Осип Борисович Румер","primaryAuthorId":"9c9cc15e-2a82-102a-9ae1-2dfe723fe7c7","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/0052ad3f-1b3a-11ea-a705-0cc47a520474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4RiRuZeM"},{"idCatalog":334893,"shortId":"4BOV9WJv","title":"Цветы Зла","authorLine":"Шарль Бодлер, Эжен Десизи, Антуан Жорж Рошгросс, Владимир Александрович Дроздков, Вадим Габриэлевич Шершеневич","primaryAuthorId":"673a366f-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/55d8d681-7fef-11ea-9c12-0cc47a5f3f85/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4BOV9WJv"},{"idCatalog":579613,"shortId":"0pjF0ctv","title":"Наука любви","authorLine":"Коллектив авторов, Публий Овидий Назон","primaryAuthorId":"9980df13-0ec7-11e4-824d-0025905a06ea","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/df61370c-19b1-11ef-8496-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/0pjF0ctv"},{"idCatalog":608453,"shortId":"08sa2sZn","title":"Паломничество Чайльд-Гарольда","authorLine":"Джордж Гордон Байрон, Вильгельм Вениаминович Левик","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/4382eaac-95e0-11ef-8ce3-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/08sa2sZn"},{"idCatalog":145661,"shortId":"3wGYlWxL","title":"В тихой ночи. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, В. В. Камедин, БОМБОРА, Маттиас Маттис, Н. В. Мордвичева","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/ce4db91f-aa37-11e6-9c73-0cc47a1952f2/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3wGYlWxL"},{"idCatalog":427617,"shortId":"26ljeg7H","title":"Освобожденный Иерусалим","authorLine":"Селестен Нантёйль, Анри Барон, Антонио Темпеста, Давид Тенирс, Торквато Тассо, Роман Михайлович Дубровкин","primaryAuthorId":"f2b40986-deaf-11ee-8496-0cc47af30fe4","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/a2afa5a8-48fc-11ec-ab26-441ea1508474/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/26ljeg7H"},{"idCatalog":502164,"shortId":"3moDg3WA","title":"Сто. Лирика","authorLine":"Тилль Линдеманн, Сергей Табуцадзе, Дэн Зозуля, БОМБОРА","primaryAuthorId":"7c6ec44a-9e57-11e6-b088-0cc47a52085c","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/cab4c310-c713-11ed-903e-0cc47af30fe4/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3moDg3WA"},{"idCatalog":112966,"shortId":"2AFIbRds","title":"Манфред","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/16a1ed66-b785-501d-a67d-ff52657078ff/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/2AFIbRds"},{"idCatalog":117436,"shortId":"3uQtydkU","title":"Гитанджали","authorLine":"Н. А. Пушечников, А. Г. Ткаченко, Рабиндранат Тагор","primaryAuthorId":"1229569f-7b42-5de5-a6f6-317237044d0b","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/69c138c9-41a2-5871-989c-452ef0702d37/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/3uQtydkU"},{"idCatalog":112962,"shortId":"4ff7yP0y","title":"Корсар","authorLine":"Джордж Гордон Байрон","primaryAuthorId":"c70fd6f3-2a93-102a-9ac3-800cba805322","coverUrl":"https://storage.yandexcloud.net/bookra-catalog-litres-public/content/40f11661-7d7f-51d8-83ed-66f3e55de635/thumbs/400.webp","publicUrl":"https://bookra.app/books/4ff7yP0y"}],"similarBooksPagination":{"page":1,"pageSize":12,"totalItems":179,"totalPages":15,"hasPrev":false,"hasNext":true}},"notFound":false}