Загрузка...

AI-разбор доступен после входа

Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.

auto_awesomeПолучить AI-разбор

О книге

Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+

Читать онлайн

Страница 2 из 2

III

«Жетім көлдің» басында жылқы жатқан, Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан «…Апыр-ай, бұл кім болды, таңсəріде, Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?! Құстардың зəре-құтын шырқыратқан, Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?! Мылтықты атарлықтай көлге келіп, Апыр-ай, жоқ еді ғой елде желік…» Мылтық даусы, құстардың шулағаны – Шыдамын алды қарттың бермеді ерік. «Бұл маңның адамы емес, сірə-дағы, Білейін, табайын да бір амалын. Қаруы бар кəззапқа құрықпенен Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын?! Жөн болар алыс тұрып сұрағаным…» …Аққу үркіп, батысқа бет түзеген, Қамшы басты атына, шыдамады. Алыс тұрып, ақырды қыр басынан: «Берекесін бұл жердің кім қашырған?..» Өңім бе, түсім бе деп таңданады, Көз алмай орамалды ұрғашыдан, Көз алмай сүле-сопа тұлғасынан:

– Ей! Кімсің? Тірісің бе? Жаның бар ма? Аққуды неге атасың, арың бар ма?! Тастағын қаруыңды, келгін бері, Келгін бері, кеудеңде жаның барда! …Байғұс əйел үн-түнсіз жылап тұрды, Қарттың үні мең-зең ғып құлаққа ұрды. Қолындағы мылтығын құлаштап кеп, Бөгелмей, «Жетім көлге» лақтырды. Қартқа қарай ақырын аяңдады, Қарусызға қарт келді, аянбады. …Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп, Болған жайтты келіні баяндады. – Əй, балам!.. Болмады ғой, болмады ғой… Қасиет кетті көлден, сорлады ғой. Тəуіптің айтқанының бəрі өтірік, Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!.. Мін атқа. қайт ауылға тағат қыл да, …Білмеймін, cop аттың ба, бақ аттың ба?! Аққуға кезенерде, ырым жасап, Тым құрса саусағыңды қанаттың ба? – Əлек боп, арпалысып сор-қайғымен, Жоқ ата, жасамадым ондайды мен… Жасымнан естігенім бар-тын еді, Əйтеуір аққу атқан оңбайды деп… – Солай, солай… Аманат бір Құдайға… Қай-қайдағы түседі құрғыр ойға… …Ат басын шұғыл бұрып, тайып тұрды, Қарт тастап нелер сұмдық сырды бойға. Бəрі ұмыт: бақытың да, байлығың да, Күлкі шаттық, күйзелткен қайғы, мұң да. «Жетім көл» жетімсіреп қалып қойды, Бір өлі, бір тірі аққу айдынында… Бар өмірден көңілі шайлығуда, Байғұс ана еркінен айырылуда. Əлденеден сұм жүрек сескенеді, Арагідік əлдене ес береді. Табиғаттың, таудың да, аққудың да, Байғұсқа болмай қалды еш керегі. Келеді ана, сезбейді ештеңені. Бай ұмыт, əлсіз жатқан бала да ұмыт, Қайтқан құстай алыстап барады үміт. Көліменен қоштасқан аққу үні, Құлағына келеді аракідік. Өмір емес өмірі, қораштанған, Байғұс ана тірліктен қалас қалған. Келеді ана, қарабет қарақшыдай, Ел мен жерден біржола аласталған Аппақ нұрды көре алмай ақ аспаннан, Түн-түнекте бейне бір адасқан жан. …Абыр-сабыр, үй маңы дүрбелең-ді, Алғаш ана абыржып, білмеген-ді. Ат үстінен түсе алмай қатып қалды Мелшиіп, білмей тіл мен үн дегенді Білмейді, қайда келді, кімге келді. Өң бе, түс пе, əйтеуір таласуда, Өлі менен тірінің арасында. Отырғандай «Жетім көл» жағасында, Аққу жатыр көзінің шарасында. Аунап түсіп атынан, үйіне енді, Есіне алып ерін де, баласын да. Өліп жатқан ұлына қарасын да, Қалсын ана «Жетім көл» жағасында, Өлі менен тірінің арасында. …Аппақ нұрмен шомылтып айналаны, Ақ сəулемен айдынның ойнағаны, Көз алдында… Құлақтан кетер емес, Таңда бұлбүл тамылжып сайрағаны, Көз алдында – аққудың жайрағаны. Сыңар қанат, сынық құс – жаралы аққу Өлі аққудан кете алмай айналады. Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала, Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?.. «…Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды, Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа… Жоқ! Мен емес… Мен атпадым… Кеше гөр, кешіре гөр, Жаратқаным?!» Ғазиз ана, ербеңдеп екі қолы, Жиылған жұртқа қарап алақтады. Күледі, бірде жылап, зарланады, Көкке қарап, бекерге қарманады. Бірде үнсіз, мелшиіп тың тыңдайды, Құлағында аққудың арман-əні. Алдымен жұрт үн-түнсіз таңданады, Қыбыр-сыбыр артынан жалғанады… Бірде ана көкке жайып алақанын: «Қазір, ботам… Мінеки, таң атады… Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын… Жазыласың құлыным…балапаным! Қасиет!.. О, қасірет! Осындай ма ең?! Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!.. Қасиет!.. Қасиеттер ұшып кетті, Қасірет!.. Қасымдағы досымдай ма ең!.. Қасиет… Қасірет… Қасірет… қасиет…»

Эпилог

…Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым, Жерді аңсаймын… Жалғыз-ақ сол – арманым. Қиын екен, қимасың екі бірдей, Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны… Көрдің бе бір-біріне дөп келуін, Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін? Балам-ай, мынау өмір-дарияның, Білмейсің қайда екенін өткелінің. Аққулар… Аңыз көп қой олар жайлы, Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды… Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар, Шошыса, екінші рет оралмайды. Орнында екен «Жетім көл», жоғалмапгы Ортаймапты, немесе тола алмапты. Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз, Қасиетті аққулар оралмапты.

Страница 2 из 2

Назад12Далее

Вам также может понравиться

Страница 1 из 15

Назад1215Далее