Загрузка...

AI-разбор доступен после входа

Суть книги, пересказ, главный конфликт, ключевые идеи, вывод, кому полезна, главные темы, персонажи и цитаты можно получить после входа в BookRa.

auto_awesomeПолучить AI-разбор

О книге

Дата написания1970-01-01
Язык книгиkk
Возрастное ограничение12+

Читать онлайн

Страница 2 из 2

* * *

Ай жылжып, ай артынан жылдар өтті. Бір күнгідей болмай-ақ жылдам жетті. Əкесінен айырылған қос бүлдіршін – Шынардайын солқылдап бұл да ер жетті… Батты аязы тағдырдың, суық қары, Бірақ та жанына кір жуытпады. Өсті олар, бəріне көнбіс болып, Бəрі де есте, ешкімді ұмытпады!.. «Келеді, құлындарым, ертең ағаң, Жалғызымның жолына жан садағаң!. Дей түсіп, əжелері осы екеуін – Жұбаныш қып, қайғысын орталаған. Соғып өтті, соғыстың дауылы да, Қайта орнады тыныштық ауылына. Кештерде əжесінен ертек естіп, Екеуі тығылатын бауырына… Мəн бермей тіршіліктің ауырына!.. Көлшігін қанағат қып, көл санаған, Бар ғой, шіркін, өмірде көркем адам. Бүгін дəні піспесе қауызының, Елде болса, дей-тұғын ертең орам… Кештер аз ба, ойларға оранатын, Жасқатып қасіретке жанар отын. Білдіртпей іш құсаның біреуін де Өмірге азық еткен қанағатын, Əжесі сондай жаннан саналатын! Есейді, ер жетті енді балалары, Бітірді оқу орнын қаладағы. Жалғай түсіп үмітін алғы күнге, Озғанын да ол енді санамады. Кейде мен алыстағы ауыл барсам, Жеңешем қарсы алады жаны жайсаң. Əлі де отырмайды байыз тауып, Сапырған ғой көңілін дауылдар сан.. Жарасқан тал бойына қара бұрым, Жасырмайды тартқанын дала жүгін… Ақ күмістей шашының əр талында – Жатқандай, менің-дағы балалығым. Кейде сүйеп басымды кеудесіне, Өткен күнді, түсірем елді есіме. Көзі əбден жетсе дағы келмесіне, Сенеді ол, махаббаттың өлмесіне! Домбыра алып, күй шертсе тербетіле, Қос бұрым омыраудан кең көсіле – Құлайтын, құшағына жараса қап, Жан жоқтай оған ешбір теңдесуге. Көркем бе екен бар жұрттың жеңгесі де?.. Құйылған саф алтыннан мүсіндейін, Кіршіксіз жанына ақау түсірмейін. Тағдыр-ай, кейде тарлық жасайды екен, Себепкер неліктен түсінбеймін. Көтерер тауқыметті жайшылықта, Түңілмей, төзер адам жоқшылыққа. Пенде бар жер бетінде, ол қалайша? Жүрегі жылымайтын жақсылыққа?!. Көзіме əлі де жас көрінеді… Кербез ғой, ақ маралдай керіледі. Біздің үй аспанында туған айдай, Шіркін-ай, қандай көркем, керім еді! Əзілдеп «қайсынсымақ» ерігеді, Қызығып та, артынан еріп еді… Жеңешем ұшпады өз ұясынан, Төзімді, таңғажайып берік еді. Біреулер сөз бастаса оңашалап, Жанынан қалмайтынмын жанасалап… Қызғаныш билеп бірде жаным ашып, Жүруші ем, жұрт сөзінен арашалап… Кимедің ел кисе де сəн киімді, Сый-құрмет, үлесіңе əн бұйырды. Бала едік, көп нəрсеге мəн бермейтін, Ұғындым кештеу ғана жан күйіңді… Борасын соққан шақтар, үдеп дала, Өзіңді жүру қайда түзеп қана… Үйге де, түзге бірдей қарайтынсың, Жүдеп бала, қарны ашып қалмасын деп. Қырларға, шың-құздарға жібек жаба, Жатқанда көктем сайын түлеп дала. Жеңеше-ай, көп қадалып қараушы едің, Күңірене күрсініп жүрек жара… Мен кейде ғажаптанып қалатын ем, Шоқтанып қос жанарың жанатың ең… Алды ма тынышыңды сырлы сезім, Құстардың бірге жеткен қанатымен?.. Көп еді арманың да жете алмаған, Көп еді өткелің де өте алмаған… Жетіпті шамаң сенің өшіруге, Түндер-ай, өзегінде от аунаған!.. Өлең боп төгілген де осы-ay, маған… Таң атырдық, еске алып талай жылды, Жанары жеңешемнің қалай мұңды… Жөні бар мұңлы болып қала-тұғын, Дей алман, алдынан тек арай күлді. Жеңеше-ай, жесірлікке жеңдірмеген, Ерлігің көп екен ғой, мен білмеген… Тағдырдың тəлкегіне тап болдың ба, Кезінде шешек атып, жан бүрлеген… Тосылып, кірбің тартып қалдың неден? Түсті ме еске, түндерің əлдилеген?!. Жүрегімнен жыр болып төгіледі, Бірге жауған кездерің жаңбырменен… Маңына жамандықты төндірмеген, Өр болып, өжет болып келдің неден? Өзіңе бе едің махаббат періштесі, Дауылда арман отын сөндірмеген. Көп екен менің-дағы көрмегенім, Махаббат шарбаты ғой, шөлдегенің. Көз көріп, көңіл сенбей отырмын ба, Ағамның ешқашан да өлмегенін. Ауылыма асығып мен келемін, Қамту қиын өмірдің кең көлемін. Биіктен де биіктеп кеткенбісің, Көкжалменен алысқан жеңгем едің!.. Күрпілдейді ерте-кеш қара саба, Сабасыз қазақ үйі жараса ма. Жеңешем саба пісіп ойға кетіп, Қозғайды, көне сырды оңашада…

Страница 2 из 2

Назад12Далее

Вам также может понравиться

Страница 1 из 15

Назад1215Далее